Шымкент: 1 810 гектар жер зиянкестерге қарсы залалсыздандырылады

Шымкентте 1 810 гектар жер зиянкестерге қарсы залалсыздандырылады. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Биыл Шымкентте үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектарға жүргізіледі. Бұл өткен жылғы аумақпен салыстырғанда 4,5 есеге артып отыр.

«Атап айтар болсақ,Абай ауданы — 680 га, Әл-Фараби ауданы -100 га, Еңбекші ауданы — 400 га, Қаратау ауданы-630 га құрап отыр.

Атап өту керек, биыл қалада зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды. Тиісті өңдеу жұмыстарын мердігер «Аккозов Б.Ж.» ЖК жүргізіп жатыр.

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» ММ қалалық филиалы мен қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп алдын ала анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда қала бойынша 600 гектар алқапқа аспалы және тіркемелі бүріккіштермен химиялық өңдеу жасалып, заманауи техникалар қолданылған» деп жазылған хабарламада.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.