Шымкент – 2023 жылы табиғи газбен толық қамтылады

Шымкент қаласында 81 шағын ауданның 65-і сапалы электр қуатымен қамтылған.


Өткен жылы 13 шағын ауданда электр желісінің құрылысы аяқталып, 23 мыңнан астам адам сапалы электр желісіне қосылды.

Нәтижесінде, қамту көрсеткіші 93 пайыздан 95 пайызға жоғарылады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл 10 шағын ауданда электр желілерінің құрылысы пайдалануға беріліп, 21 мыңнан астам адам сапалы электрмен қамтамасыз етіледі. Қамту көрсеткішін 97 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

«Қаладағы 81 шағын ауданның 40-ы сапалы газбен қамтылған. Өткен жылы бірнеше шағын ауданға газ тартылып, қаланы газбен қамту 92 пайыздан асты. Осы жылы 8 шағын ауданға газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады. Осының есебінен 9 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жетеді» делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, 2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады деп жоспарлануда.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.