Шымкент: Covid-19-карантин талаптарын сақтау маңызды

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бүгінде олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (337 кәсіпкерлік нысан, 19 жеке нысан).

Сонымен қатар, қалада 01 сәуір күнге КВИ-дің 96 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 60, белгілері жоқ — 36). 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында жазылған ақпаратқа сай, қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-560, Атамекен клиникасы-500, ЖШС «14 емдеу орталығы»-320 орын), төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 1067 төсек орын бос.

Өткен тәулікте 2329 адамға ПТР алынды.

Тұрғындар назарына!

Карантин талаптарын сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамыз. Сіздің саулығыңыз — ел саулығы екенін ұмытпаңыз.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.