Шымкеттік ана — балаларын цирк өнеріне баулыған чемпион жан

Цирк өнері ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, қуақы, әзіл-әжуа сөздермен көпшілік көңілін көтерумен танылса, заман көшіне қарай цирк өнері аса білімділік пен ептілікті талап етеді.


Жанат Қалметова Шымкент-циркінде 2013 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Цирк өнерінде партерлік сахинамен ойнау, велосипедпен өнер көрсету, от шоуымен танымал. Республикалық жарыстарда жүлдегер, 1987 жылы Мәскеуде өткен II-ші Бүкілодақтық цирк өнері фестивалінің кіші алтын медалінің иегері. Бүгінде цирк өнерінің жарқын жұлдызы десек артық емес.

Ж.Қалметова 2015 жылы аренаға алғаш ұлдарымен бірге шығып, велосипед қойылымымен көрермендерді тәнті етті. Осылайша отбасылық трио цирк жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналып үлгерді.

Үлкен ұлы Жандар Анарбеков Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің түлегі, қазіргі уақытта матч пен семафораның үстінде жұмыс жасау бойынша үздік. Жандар біраз жылын Қытай Халық Республикасында жаттығу жасауға арнаған. Қазіргі уақытта Шымкен-Циркінің белді әртісі.

Ал екінші ұлы Санжар жонглермен белсенді айналысады. Алғаш рет сурет салу, велосипедпен өнер көрсету бойынша танымал болған. Сондай-ақ кіші қызы Перизатты цирк қабырғасында өсті деуге болады. Шымкент-Цирктің ең жас суретшісі. Өнерлі қыз. «Шабыт-2017» шығармашыл жастар фестивалінде III – орын, «Дара бала» медалінің иегері. Қазіргі таңда «Белбеу» нөмірін аса ептілікпен орындайды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.