
Шымкент қаласында жыл басынан бері COVID-19 инфекциясының 6 145 жағдайы, ал, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 512 жағдай тіркелген.
Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері КВИ жұқтырған 5010 науқас емделіп шыққан. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Инфекциялық стационарда 223 науқас емделуде.
Салалық басқарманың мәліметіне сүйенсек, қалада ковидке қарсы вакцинаның бірінші компоненті 172 968 адамға, екінші компоненті 79 357 адамға егілген. Егілген адамдардан кері әсер байқалмаған. Қалада КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жұмылдырылған 43 егу пункті, 320 термоконтейнер дайындалған.
Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша 5496 адамға дейін төсек-орын ашылады. Бұл жұмысқа 36 медициналық ұйым жұмылдырылмақ. Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда.Зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 6 070 тест өткізуге қауқарлы.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
578170 965678This web website is often a walk-through for all with the information you wanted concerning this and didnt know who ought to. Glimpse here, and you will totally discover it. 985999
787611 184743I was suggested this site by my cousin. Im not confident whether this post is written by him as no one else know such detailed about my trouble. Youre great! Thanks! xrumer 721461
305317 302934This internet web site is my breathing in, very great layout and perfect content material material . 954388