
«Қазақстан полициясы күніне» 29 жыл толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өткізілді.
Мерекелік шарада ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамды марапаттау рәсімі болды.
Аталған шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, аппарат жетекшілері, полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттерді орындау кезінде қайтыс болған полицейлердің жақындары мен туған-туыстары және басқада құрметті қонақтар қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін: ҚР ІІМ тарапынан 21 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса, Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен 10-нан астам полицей марапатталып, 50 қызметкерге алғыс жарияланды.
Облыстық Полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасына береке, қызметтеріне толағай табыс тіледі.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?
387896 815694I always was interested in this topic and still am, thankyou for posting . 401877
982437 139282Inexpensive Gucci Handbags Is typically blogengine considerably better than wp for reasons unknown? Should be which is turning out to be popluar today. 668053
85848 495441A blog like yours really should be earning much funds from adsense..-., 556072