Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда тұрғындар инфрақұрылым, жер , заңсыз құрылыс жұмыстары секілді түрлі мәселелерін ортаға салды.
Солардың бірі Чинара Абишева қала әкіміне Уәлиханов көшесінде орналасқан «Алатау» аялдамасының жай-күйін баяндады. Тозығы жеткен аялдамаға жөндеу және тазалық жұмыстарын жүргізуді сұрады.
Мәселеге қаныққан қала әкімі тиісті сала басшысына аялдаманы жыл соңына дейін жөндеп, реттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, жеке қабылдауға келгендердің бірі — қаламыздың жанашыры, белсенді ардагер Жамбыл Мусуров бірнеше мәселені жеткізді. Әрбір сұрағына жауап берген Мұрат Дүйсенбекұлы нан сапасына қатысты мәселеде әкімдік тарапынан арнайы топ құрып, құрамына Жамбыл Мусуровты қосуды және нәтижесін тез арада баяндауды тапсырды.
Ал, Валентина Волынец Әл-Фараби ауданы Әбдіразақ көшесі №4 көпқабатты үйдің шатырын жөндеп беруді сұрады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі тұрғындармен кездесетін болды.
Онлайн қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселесі жеке талқыланып, қала әкімі өз бақылауына алғанын айтты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
You are in point of fact a just right webmaster. This website loading speed is incredible.
It kind of feels that you are doing any unique trick.
Also, the contents are masterwork. you’ve performed a magnificent job
on this subject! Similar here: tani sklep
and also here: Bezpieczne zakupy