ҚАЛА ӘКІМІ «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫНА ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаевамен кездесіп, шаһардағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту мәселесін талқылады.

Іссапармен келген Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева қала әкіміне әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Қазақстанның Әйелдері Күштері Альянсы» қоғамдық ұйымының жұмысы туралы баяндады. Жуырда осы үкіметтік емес ұйымның қаладағы филиалы өз жұмысын бастаған болатын.

«Шымкент қаласында бұған дейін кәсіпкер әйелдердің басын біріктіретін «Іскер әйелдер қауымдастығының» филиалы жұмыс істеп келген. Қалада жаңадан жұмысын бастаған альянс әйелдер мен балалардың құқықтары мен денсаулығы және әлеуметтік бағыттағы білімін жетілдіруді көздейді», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол Әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған ұйым 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын бекітіп, 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін тілге тиек етті.

«Қоғамдық бірлестік жол қарта негізінде өзекті мәселесіне айналған әйелдер мен балалардың отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, осал санаттағы әйелдердің әлеуметтік мәселесін шешу, денсаулығын нығайту, әйелдердің қоғамдағы шешім қабылдау деңгейін көтеру, мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын секілді бастамаларды жүзеге асырады»,-деді қала әкімі.

Қауымдастықтың Шымкент қалалалық филиалының жетекшісі болып Жаннета Жазықбаева тағайындалды.

Кездесуде Раушан Біргебайқызы қала әкімін 21 мамыр күні Түркістан қаласында өтетін «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумына шақырды.

Қала әкімі қала қоғамда әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған, өз нәтижесін беретін жобаларды қолдайтынын айтып, Р.Сәрсембаеваға өз алғысын жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Rastreador de celular — Aplicativo de rastreamento oculto que registra localização, SMS, áudio de chamadas, WhatsApp, Facebook, foto, câmera, atividade de internet. Melhor para controle dos pais e monitoramento de funcionários. Rastrear Telefone Celular Grátis — Programa de Monitoramento Online. https://www.xtmove.com/pt/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.