ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДАҒЫ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН КӨРДІ

Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі қаладағы каналдар мен арық-атыздарды тексерді.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданында орналасқан «Көк», «Чумчак» каналдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының қарқынын көрді. Айта кетейік, аталмыш каналдардың су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру мақсатында мұнда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі.

Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

«Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігін арттырады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс», -деді қала әкімі.

Сонымен қатар,  2027 жылға дейін қала аумағындағы  жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы 5 мың га егістік жерді айналымға қосу жоспарлануда.

Айта кетейік, алдыңғы жылы «Жаңа Оңжағалау Сайрамсу» каналының 150 метр жері бетонмен қапталды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, каналдарда ағын суды жеткізу 80-85%-ға артқан еді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Vous pouvez utiliser un logiciel de gestion des parents pour guider et surveiller le comportement des enfants sur Internet. Avec l’aide des 10 logiciels de gestion parentale les plus intelligents suivants, vous pouvez suivre l’historique des appels de votre enfant, l’historique de navigation, l’accès au contenu dangereux, les applications qu’il installe, etc.

  2. Monitore o celular de qualquer lugar e veja o que está acontecendo no telefone de destino. Você será capaz de monitorar e armazenar registros de chamadas, mensagens, atividades sociais, imagens, vídeos, whatsapp e muito mais. Monitoramento em tempo real de telefones, nenhum conhecimento técnico é necessário, nenhuma raiz é necessária.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.