Өлкетанулық экспедиция өңірлік маңызы бар тарихи-мәдени кешендерді зерттеуге арналды

Өлкетанулық-зерттеу экспедициясының cоңғы күні өңірлік тарихи маңызы бар кешендер мен өндіріс орындарын зерттеуге арналып отыр.
Алғашқы зерттеу нысаны ретінде экспедиция барысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына енетін Республикалық маңызы бар, Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 55 шақырым жерде орналасқан киелі Үкаша ата кесенісінен бастау алды.
Ескерткіш діни-рухани құрылыс ретінде де, зиярат ету орталығы ретінде де танымал. 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» жобасы бойынша Үкаша ата кесенесі діни және ғибадат орын ретінде киелі ескерткіштер тізіміне енгізілген. Сондай-ақ кесенеге жыл сайын зиярат етушілер көрші елдерден, атап айтсақ Өзбекстан, Қырғызстан, Кавказ елінен және басқа да аймақтардан үздіксіз зиярат етуге келеді.
Өлкетанулық саяхаттың келесі нысаны ретінде Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде орналасқан «Кентау қалалық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының филиалы «Шаммат-Ишан» музейі болды.
Айта кетейік мұражай 20 ғасыр басында ауыл балаларын оқытқан медресе болған. Музейде оқушылардың назарын аударған сәт жер асты қылует жасайтын намазхана мен медресе күмбезінің әлі күнге дейін қайта қалпына келтіру, реставрация жұмыстарының жасалмағаны болып отыр. Сонымен қатар, оқушылар Қарнақ ауылындағы 13 ғасыр өмір сүрген тұт ағашын көріп, өз таңданыстарын жеткізді.
Бес күнге жалғасқан экспедицияда соңғы зерттеу объектісі Республикалық жетекші кәсіпорын “Кентау трансформатор зауыты” “Alageum Electric” бесінші күннің сәтті нүктесін қойды. Аталмыш зауыт негізінен электрмеханикалық жабдықтар жасайды. Теміржол автоблокировкасын, ОМ 1,25/6 – 10 және ОМ 0,63/6 – 10 электрленген орталыққа қуат беретін трансформаторлар, жиынтық трансформатор бекеттерін, НТМИ-10 типті өлшеуіш трансформаторларын, ОМП 4/6 – 10, ОМП 10/6 – 10 газ желісін катодтық қорғау құрылысына қуат беретін трансформаторлар, мұнай-газ желісін қорғауға арналған тиристорлы өзгерткіштер, қалалардағы электр кабельдерін қорғайтын қуаты 10 кВт, доғалы реакторлар және бір фазалық құрғақ өлшеуіш трансформаторлар шығарады.
Сондай-ақ, үздік өнімдерді өндіруде Елбасының «Алтын сапа» сыйлығымен екі рет иеленіп, марапатталған. Оқушылар зауыттың жұмыс барысымен толық танысып, тың деректер жинады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.