Республикалық «Ұлттық мектеп лига» жарысының қорытындысы бойынша 2 миллионға жуық оқушы бақ сынасқан додада Түркістан облысы 9-11 сынып оқушылары арасында бірінші орынға ие болды! 7-8 сынып оқушылары арасында бірінші орын! 5-6 сынып оқушылары арасында екінші орынға ие болды! Лига жарыстарында облыстың намысын қорғаған барлық команда жетекшілеріне, бөлім басшыларына, әдіскерлерге алғысымыз шексіз!
Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевтың грамоталары табысталды.
Айта кететіні, 2021-2022 оқу жылында 10 спорт түрінен 41 жарыс өткізілді. Бірінші кезеңде 1 946 371 (54 %), екінші кезеңде 776 964 (21,5%), үшінші кезеңде 50597 (1,4 %) және төртінші кезеңде 4192 (0,11%) оқушы қатысты. Былтырғы жылмен салыстырғанда 13,8% қатысушылар саны артты.