
Шыментте биыл 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.
Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Аграрлық несие корпрациясы» АҚ арасында келісімшарт жасалды. Жауапты басқарманың мәліметінше, бүгінгі таңда жеңілдетілген несие алуға 107 өтінім түскен. Соның ішінде, 56 құжат Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына комиссияның қарауына ұсынылды. Оның 23-і қаралып, 10 адам оң қортындысын алды.
22 мамырда Шымкент қаласы бойынша жастарға микрокредиттер беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс комиссиясының келесі отырысы өтеді.
Айта кетейік, жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы бойынша 260 жасқа микрокредит беру жоспарланып, бұл бағытқа 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Жастардың кәсібін қолдау бағытында жеңілдікпен қалада 2024 жылы 273 адам жас қамтылып, оған 1 млрд 365 миллион теңге, 2025 жылы 282 жас қамтылып, 1 миллиард 410 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Несие алудың шарттары төмендегідей: — микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін; — микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін; — номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды; — Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сенім білдірілген өкілге микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылға дейінгі кәсіпкерлер; — Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ, несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс. Кредит нақты бір салаға арналмаған. Кез-келген кәсіп ашқан жас кәсіпкер, оны жүргізуге көмек ретінде несиеге конкурсқа қатысса болады.
455918 539601Thanks for this excellent. I was wondering whether you were preparing of writing comparable posts to this 1. .Maintain up the exceptional articles! 465154
347107 217713In case you tow a definite caravan nor van movie trailer your entire family pretty soon get exposed to the down sides towards preventing finest securely region. awnings 131886