80 мыңға жуық талапкер білім гранты конкурсына құжат тапсырды

Достар, 10 күн бойы еліміздегі жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары грант конкурсына қатысу үшін Сіздердің өтініштеріңізді қабылдады.

Құжаттарды қабылдау 22 шілде аяқталды.

Нәтижесінде, мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарын тапсырды.

Оның 20 мыңнан астамы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері.

Ережеге сәйкес бұл талапкерлерге балдар тең болған жағдайда басым құқық беріледі.

Ал сұранысқа ие білім беру салаларына келетін болсақ, бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр.

Осылайша, өтініштердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарына келіп түсті.

Ал бір гранттық орынға арналған ең үлкен конкурс болашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында күтіліп отыр.

Грант конкурсының қорытындысы 15 тамызға дейін белгілі болады. Толық ақпарат осы датаға жақындағанда ҰТО-ның парақшасында @testcenterkz және біздің сайтымызда жарияланатын болады.

Баршаңызға сәттілік!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.