Шымкент қаласында 2021 жылы ауызсумен қамту үшін 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген.
Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Ауызсу мәселесі түбегейлі шешімін тапқан елді мекендер: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын аудандары. Нәтижесінде сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті.
Қала әкімі өз баяндамасында биылғы атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.
Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і ауызсумен толық қамтылған, Құрсай, Сайрам және Қайнарбұлақ тұрғын алабына су кестемен беріледі.
Биыл кестемен су алып отырған елді мекендер мен Нұртас су жинағыш магистралының құрылысы жүреді. Жыл соңына дейін Құрсай мен оның жаңақұрылыс аумағы ауызсумен қамтылуы жоспарланып отыр.
Ал, Сайрам мен Қайнарбұлақ т/а және Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Нәтижесінде 2023 жылы Шымкент қаласының ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
E — Mail is not safe, and there may be weak links in the process of sending, transmitting and receiving e — Mails. If the loopholes are exploited, the account can be easily cracked. https://www.xtmove.com/how-to-crack-the-mailbox-to-read-other-people-mail/