Роза Бағланова туралы кітап-альбом шықты

Елордада өтіп жатқан Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Роза Бағлановаға арналған кітап-альбомның тұсаукесері ұйымдастырылды.


Бұл туралы  ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет отандық кітап саласын дамытуға, қазақстандық авторларды қолдауға, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, биыл аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойға «Роза Бағланова» кітап-альбомы дайындалды. Менің ойымша, бұл оқырмандарға қызықты болады»

, — деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кітаптың тұсаукесер рәсімінде.

Даңқты әншіге арналған кітап-альбомның 3 мың данасы шығарылған.

Айта кетейік, көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты — кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи ассортиментін ұсыну. Сондай-ақ, кітап шығару мен полиграфия саласындағы жаңа технологияларды таныстырып, әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесін зерделеу. Биылғы көрмеге барлығы 80-нен астам компанияның өнімі қойылған.

Еске сала кетейік, Қызылордада және Алматыда Роза Бағланованың ескерткіші ашылды.

Ресей Федерациясының Астрахан облысында қазақтың көрнекті әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Ал, беларусь отбасы Роза Бағланованың әндері жазылған көне дискіні сақтап келген.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.