НЗМ-нің жас зерттеушілері Бурабайда

Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ-де өтіп жатқан «Young Explorers-2022» зерттеу курсының екінші күні Щучье-Бурабай курорттық аймағында өтті. Жас зерттеушілер жұмыстарын ең әуелі «Ақбура» демалыс орнынан бастады.
Тап осы жерде курс жетекшісі Алисия Прэссел оқушыларға ашық аспан астында сабақ өткізіп, қоқысты жинаудың, сұрыптаудың ретін көрсетті.
Екінші күннің жартысында қатысушылар «Бурабай» көлінің маңында, Абылайхан алаңында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар деректер мен мәліметтер жинап қана қоймай, қажетті кеңестер алып, естелік суреттерге түсіп, ең бастысы, әсем табиғат аясында пайдалы бір күндерін өткізді.
Кезекті күн TEDx форматында өткен «Мен оқыған бір кітап» шарасымен қорытындыланды.
Аталған шарада оқушылар өздерінің оқыған әдеби шығармаларының мазмұнымен бөлісіп, оның маңызы мен мәні жайлы сөз қозғап, өзге қатысушыларды қызықтыруға тырысты.
Шараға Түркістандағы НЗМ-нің жас зерттеушілері қатысты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.