Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Сапарұлы балалардың жағдаймен танысып қайтты.
Биыл Келес ауданының білім беру мекемелеріне қарасты 1500 оқушы жазғы сауықтырумен қамтылады. Оның ішінде 250 бала алғашқы лекпен “Біркөлік” лагерінде жазғы демалыстарын бастады. Мұнда көп балалы, жартылай жетім және аз қамтылған отбасылардың балалары демалуда.