«АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» ҚОРЫҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ТАБИҒАТЫМЕН БАУРАДЫ

Экспедицияның 4 күнінде Түркістан НЗМ-нің жас зерттеушілері еліміздің Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан табиғи ресурстар мен флора, фаунаға бай ең көне қорық – Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының табиғатын тамашалады.
Ақсу – Жабағылы – жер бетінен жоғалып бара жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық. Мұнда арқар мен тауешкі , бұғы мен елік, сілеусін мен қар қабыланы , қасқыр мен түлкі , аю мен жайра , сусар мен ақ тышқан тағы аңдар бар., Қазақстандағы ең көне және ең танымал бұл қорық 1926 жылғы 14 шілдеде құрылған, Орталық Азияда ЮНЕСКО-ның биосфералық қорық мәртебесіне ие болған бірінші қорық болып табылады. Теңіз деңгейінен 1000-нан 4280 метрге дейінгі биіктікте, Батыс Тянь-Шань тауларының сілемдерінде орналасқан және 350 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Отандық туризмге мейлінше үлес қоса алатын аталмыш қорық, Қазақстанның ғажап табиғаты мен алып тауларын, сирек кездесетін аң-құсын бауырына басқан көрікті мекен.
Жас зерттеушілер қорық мұражайында қорықтың космостан түсірілген макетімен танысып, ондағы жануарлар мен жәндіктердің шынайы кейіптерін бейнелейтін экспонаттарын көріп, ерекше әсер алды.
Өлкетанулық саяхатта зияткерлер ел экономикасына өз үлестерін қосып жүрген, отандық өндіріс орындарын аралауда. Бүгінгі экспедиция барысында жас зерттеушілер Қазақстандағы отандық ойыншық шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі “Nauriz Plastic” зауытының жұмыс барысын бақылады.
Бүгінгі экспедицияның 4 күнін қорытындылаған тарихи мұражай күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық музейі болды.
Бұл мұражайда зерттеушілер палуанның және оңтүстік өңірінен шыққан спорт қайраткерлерінің жәдігерлерімен танысу арқылы тың деректер жинап, жетістікке жету жолында шабыт алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.