Елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталды.
Бұдан бұлай жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Сонымен бірге өтініш МӘСҚ төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді.
Сондай-ақ, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Екінші ай 16 сәуірден 11 мамыр аралығы алынады. 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.