ТҮРКІСТАН: «ОТАНЫМ-ЖҮРЕГІМДЕ» БАЙҚАУЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Республика» күні қарсаңында облыс аумағында «Отаным-Жүрегімде» байқауы басталғанын хабарлайды. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен тәлім алушылары қатыса алады.

Мақсаты: Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Қатысу ережесі: Қатысушылар Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп өлең оқып, талапқа сай бейне роликті өзінің Facebook парақшасына Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ресми парақшасын тектеп (Басқарманың Facebook парақшасы; «Түркістан Облысының Білім Басқармасы») және #ОтанымЖүрегімде хештегін белгілеп, басқарма тарапынан ұсынылған байқауға қатысатынын ескертуі шарт. Арнайы әзірленген бейне роликтерді қабылдау уақыты 18 қазаннан бастап 25 қазанға дейін жалғасады. 25 қазан күні сағат 21:00-де байқауға өтінім қабылдау тоқтайды. Қазан айының 26 жұлдызында байқау жеңімпаздары, анықталып, ресми түрде жарияланады Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!

Байқау қортындысына сәйкес үздік 3 материал іріктеліп, марапатталады.

Бұл байқаудың маңызы зор, сондықтан өз Отаныңның, өз елінің патриоты екеніңді дәлелдеп, мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.