Түлкібас ауданында биылғы оқу жылыда 6 мектепте жаңа және қосымша ғимарат құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ: Т.Рысқұлов ауылында «Майлыкент» ЖОМ 300 орындық жаңа ғимаратының құрылысы, Еңбекші ауылында 150 орындық Н.Тұрсынбеков ат. НОМ жаңа ғимараты, Абайыл ауылында Н.Қасымбеков атындағы бастауыш мектебіне 100 орындық жаңа ғимараты, Аманкелді ауылында Аманкелді атындағы НОМ-ке қосымша біріктірілген спорт және мәжіліс залының құрылысы, Т.Рысқұлов ауылында «Бахыбек» мөлтекауданында 300 орындық жаңа ғимаратының құрылысы, Таусағыз ауылындағы Г.Титов атындағыЖОМ-ке қосымша 150 орындық оқу корпусының жаңа ғимаратының құрылысы. Бұл туралы Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Кадырбек мәлімдеді. Оның сөзінше, 2022 жылы бөлімге қарасты 1 мектепте (Қ.Жандарбеков атындағы ЖОМ) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Аудандағы 60 мектептің базалық ауызсу көздерімен, ең аз жабдықталған бөлек дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі 100%.
60 мектептің 3 мектебі (Ю.Гагарин, Ә.Молдағұлова, А.Макаренко) орталық, ал 57 мектеп жеке кәріз жүйелеріне қосылған»,-деді Е.Кадырбек.
ЕСтеріңізге сала кетсек, 2012 жылдан бері аудан мектептері 3 (5,9%) мультимедиялық лингофонды кабинет, 3 (5,9%) физика, 23 (45,1%) химия, 7 (13,7%) биология кабинеттерімен жабдықталған. Аудан мектептері (соңғы 5 жылда) 3969 компьютермен қамтамасыз етілген, алайда 2023 жылы 517 компьютер жаңартылуды қажет етеді.
«2023-2024 жылдарға 10 робототехника, 10 химия, 10 физика, 10 биология, 10 STEM кабинетімен жабдықтау үшін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына сұраныс берілді»,-дейді Е.Кадырбек.
Ауданның бас ұстазы «Жайлы мектеп» жобасының қалай жүзеге асырылып жатқанында тілге тиек етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген. Осы ретте ауданымызда 2023-2025 жылдардың инвестициялық жоспарына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мектептің құрылысын енгізу жұмыстары жүріп жатыр (Жаскешу елді мекенінде – 300 орындық, Састөбе елді мекенінде – 600 орындық, Т.Рысқұлов елді мекенінде – 1200 орындық)».
2022-2023 оқу жылына оқушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында 2-сынып оқулықтары толық көлемде, 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары (билингвалды)», «Абайтану» вариативті курсы бойынша 5-11 сыныптар үшін оқу әдебиеттері, жаңартылатын болады.
Барлығы – 70 452 дана оқулыққа жалпы сомасы – 167 млн 392 мың теңге қаржы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан қарастырылды. Бүгінгі таңда оқулықтарды білім беру мекемелеріне тасымалдау, тарату жұмыстары жүргізілуде.
Білім сапасы балабақшадан бастау алады. Осы орайда біздің алдымызда балабақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр»,-деді ауданның бас ұстазы.
Белгілі болғандай, ауданда 51 мектепке дейінгі ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар – 48, шағын орталық – 3.
3-6 жас аралығында қамтылған жалпы бала саны – 4133.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды 100 % -ға жеткізу межеленген болса біздің ауданда қамту – 100 % жетті.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған (2019 ж. бастап). Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын BilimKids.kz онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстарын бастаймыз.
Алдағы оқу жылында мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының арасында оқу-тәрбие процесінде бірізділік сабақтастығын ұйымдастыру жоспарлануда.
Ауданда жалпы мектеп саны – 60. 60 мектептің 46-сы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептер жоқ.
жалпы орта мектеп – 46
негізгі орта мектеп – 5
бастауыш мектеп – 9
2022-2023 оқу жылында мектеп қабырғасында 23 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. 1 сыныпқа 2379 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Қазіргі таңда, Түркістан облысының білім беру саласын кешенді дамыту мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «TURKISTAN BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірленуде. Осы жоспарға сәйкес біздің аудандада ауқымды жобалар іске асырылады.«TURKISTAN BILIMI» экожүйесі, яғни білім саласын автоматтандыру және білім сапасын арттыру. Облыс көлемінде бұл бағытта жұмыстар басталды. Ағымдағы жылы оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» түзілді. Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне облыс мекептері 100% тегін қосылады. Сонымен қатар, педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде.Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда. Осыған орай, бөлімде білім беру ұйымдарындағы жағдай мен білім сапасын қадағалайтын және білім саласын цифрландыруды жүзеге асыратын ситуациялық орталық үлгісінде жұмыс жасалынады.
Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
2022 жылдың ақпан айында PISA халықаралық зерттеуіне қатысатын мектептердің таңдалған және алмастырушы тізімі нақтыланды.
2022 жылдың 29 сәуір күні Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде PISA халықаралық зерттеуі бойынша 42 оқушы тест тапсырды. Нәтижесі қаралуда.
2021 -2022 оқу жылында оқушылардың ғылыми жоба жарысының аудандық кезеңіне 103 жұмыс қабылданып, оның 17– і облысқа жіберілді. Облыстық кезеңнен 11 орынға ие болып, оның екеуі республикаға жолдама алды.
2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» шығармашылық зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңіне аудан мектептерінен 118 жұмыс қатысып, оның 28-і облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде 10 орын мен 2 «Алғыс хатқа» ие болды. Республикалық кезеңге екі оқушы қатысып «Алғыс хат» марапатталды2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан оқушылары 36 жүлделі орын, 3 «Алғыс хат» иеленіп, олимпиаданың Республикалық кезеңіне 8 оқушы өтіп, 4 жүлделі орындарға — бір алтын, 2 күміс, 1 қолаға ие болды.
Жалпы пәндер олимпиадасының нәтижесінде М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы екі жыл қатарынан Республикалық 100 үздік мектептер тізіміне енді.
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін қолдауға, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін білімді оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымды бірегей жобаның І кезеңнің 107 жеңімпазы Республикалық кезеңіне қатысып, оның 11-і Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы атанды.
8 сыныптар бойынша «IQANAT» олимпиадасының іріктеу кезеңіне аудан мектептерінен 580 оқушы қатысып, екінші кезеңге 108 оқушы, үшінші кезеңге жолдама алған 4 оқушымыздың екеуі жеңімпаз атанып «Бурабай SHOOL» (IQANAT» High School of Burabay) мектебінің оқушысы атанды.
«IQANAT» олимпиадасының негізгі мақсаты- ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларына қолдау және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған Республикалық математикалық «Бастау» турнирінің облыстық кезеңіне қатысқан 6-оқушы жүлдегер болды. Республикалық кезеңінде бір оқушы «Алғыс хатпен» марапатталды. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енген. Біздің ауданнан бір мектеп ол, «Үш тілде оқытылатын мектеп интернат» енді.
2021-2022 оқу жылында мектеп бітірушілердің жалпы саны 1369, 1265 (92,4 %) оқушы ҰБТ-ға қатысты.
95-і (6,9%) «Алтын белгі» белгісін, 115-і (8,4%) «Үздік аттестаттарын», 9-сынып бітірушілердің жалпы саны1990, 213-і (15,5%) «Үздік аттестаттарын» ақтап шықты.
2022 жылды мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Балалар жылы»,-деп жариялауына байланысты аудан көлемінде «Балалар жылын өткізуге» арналған кешенді жоспар бекітіліп, іс-шаралар өткізілді.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыс пен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Облыс, аудан көлемінде «Бес терек» жобасы іске асырылуда, «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдары мен «Ата-аналар қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы жұмыс жасауда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 5 қосымша білім беру мекемесінде 12176 (65,3%) бала спорттық үйірмелерге, 2936 (15,8%) бала пәндік үйірмелерге, 3525 (18,9%) бала өнер үйірмелеріне қамтылған.
23540 оқушының 18637 бала қосымша білім берумен қамтылған, қамтылу 79% құрайды.
«Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы аясында өткізілген іс-шарада мектептерге 235 домбыра сыйға берілді.
Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Балаларға базарлық» акциясы бастау алған болатын. Қазіргі таңда 4 балабақшада осы акция аясында іс-шаралар өткізілді.
Бұл шара алдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ауданымызда 4 мектеп кітапханасында «Коворкинг» орталықтары, 48 мектепте «Коворкинг» бұрышы ашылды. Бүгінгі таңда талапқа сай оқырмандардың ой-өрісін, кітап оқу белсенділігін арттырып өз үлесін қосуда.
«Мектепке кітап сыйла» акциясы аясында аудан бойынша 53 акция өтті. Акция бойынша барлығы — 1791 дана әдебиеттермен кітапхана қоры толықтырылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне арналған «KitapХАН@» кітап оқу сайысында ауданымыздан 5 ұстаз және 4 оқушы қатысып, облыста жеңімпаз атанды.
«Ұлттық мектеп лигасы» бойынша аудан оқушылары спорттың 10 түрінен 15 команда облыстық жарыста жүлде алып, Республикада Жеңілатлетикалық кросс, Асық ату, Футбол түрлерінен үш 1-орын, үш 2-орын, бір 3-орын жеңіп алды. (жүлделі 7 орын)
Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыруда, ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауда. Аудандағы 60 білім беру ұйымында 11 мектепте логопункт, 4 мектепте түзу дамыту сыныптары бар, 16 мектепте 24 бала ерекше білім берумен қамтылған. Жалпы 31 мектепте инкюзивті оқытуға жағдай жасаған.
2021-2022 оқу жылында инклюзивті білім беруде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту құрады.
2022-2023 оқу жылына тағы 10 мектептен сөйлеу қабілеті дамымаған 255 балаға логопункт ашу жоспарлануда, яғни 41 мектептің 255 баласы қыркүйек айынан бастап инклюзивті оқытумен қамтылады.
«Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы біздің басты назарымызда.
Бүгінгі күні ауданда 3092 педагог қызметкерлер жұмыс жасайды.
Жоғарыда аталған стратегиялық жоспар аясында жүзеге асырылатын тағы бір жоба «Темірқазық» тірек мектептер деп аталады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен облыстың 17 аудан/қаласында тірек мектептер жасақталатын болады. (Біздің ауданда Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ-і) енді.
Жоба аясында НЗМ мектептерінің әлеуетін тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапалық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде.
2021-2022 оқу жылында «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығынан қысқа мерзімді курстар бойынша – 679 (22%) /482 педагог, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығында «Модернизацияланған курстар» бойынша – 467 (68,7%) /240 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтуі жоспарланып, меже орындалуда.
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында «Цифрлық тронсформациялау жағдайында білім беру саласындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында 6 мектеп директоры оқыды.
Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Биыл ауданда білім беру ұйымының басшылары ротацияланады.
Қағида талаптары бойынша бірінші басшыларды ротациялау бір елді мекендегі білім беру ұйымдары арасында жүруге тиісті.
Т.Рысқұлов ауылындағы 5 орта мектеп, Түлкібас кентіндегі 3 орта мектеп мектеп басшыларының арасында жүргізуге мүмкіндік бар.
Мемлекеттік мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдары бойынша — Т.Рысқұлов ауылында 3 балабақша орналасқан.
Жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіру керек тұстары да бар. Бұл бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Қамқоршылар кеңесі қайта құрылып, аттестациядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдарының басшыларына жетістігін бағалайтын KPI (қызметкерлерінің тиімділігін бағалау үшін мүмкіндік беретін жүйе) қойылады .
Айтуға тиіс жақсы жаңалық, Республикадан арнайы құжаттамалар жасалып, мектеп басшыларының жалақы қоры ұлғаятын болады.
2021 жылдың 19 қарашасында ҚР Білім және ғылым министрінің №568 бұйрығымен педагог кадрларды қабылдаудың қағидасы бекітілді.
- Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 (33)оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда — 36 (34) оқу аптасын құрайды. (Оқу жылы екі аптаға, 1-11 сыныптар үшін 31 мамырға дейін ұзартылды).
- 1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер енгізілді:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері,
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде — «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылады
- «Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен шығарылды
- «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»
- «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу (Алтын белгі үметкерлері математика пәні бойынша емтиханды НЗМ-де тапсырады)
- Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.