Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы білім саласын қолдау үшін, мұғалімдерді, балаларды қолдау үшін барлық жағдай жасап бізге тиісті мақсат, міндеттер қойып отыр. Соңғы жылдары мемлекет басшысының қолдауы арқасында түйткілді көптен бері шешілмей жатқан мәселелер өз шешімін тапты. Әрі қарай да осы жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева ауданда атқарылып және атқарылатын жұмыстар жайлы айтып берді.
«Педагог мәртебесі бойынша жұмыстар Президент тапсырмасы шеңберінде жүргіздік, әлі де жүргізе береміз. Ендігі жылы Президент тапсырмасы шеңберінде ұстаздар жалақысы 25 пайызға көбейеді. Жалақы көбейеді дегенде тек мектеп мұғалімдерінің ғана жалақысы көбейетін сияқты болып қабылданады. 2019, 2020, 2021 жылдары барлық педагогтардың жалақысы көбейді. Ендігі жылы да 25 пайыздан мүғалімдер, балабақшалар, қосымша білім беру саласы қызметкерлерінің, барлық педагогтардың жалақысы көбейетін болады»,-дейді ауданның бас ұстазы.
Орта білім беру мәселесі өте маңызды. Орта білім беру бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына ауданның көшкеніне де біраз жыл болыпты. Мамандар кемшіліктердің де жоқ емес екенін айтуда. Сондықтан, болса керек республикалық деңгейде ең басты пәндер бойынша осы жыл бойы сьездер өтті.
«Биылғы жылдың ең бастысы барлық білім беру бағдарламаларын жаңарту болып табылады. Құзіреттілікке бағытталған функционалдық сауаттылыққа бағытталған парадигмадан, концепциядан кету деп оны тануға болмайды. Осы бағыт шеңберінде жұмыс жүргізетін боламыз. Білім беру бағдарламасын ары қарай жаңартып, дамытатын боламыз.
Педагогикалық менеджмент мәселесі бойынша білім беру қызметкерлері сапасының маңызды бөлігі менеджмент және әкімшілік деңгейі. Кейінгі кезде мектеп директорларына, балабақша меңгерушілеріне білікті басшы тапшы екенін көріп отырмыз. Мұғалімдердің білімі, біліктілігі өте маңызды мәселе. Мықты білімді, білікті маман директор, завуч болмаса жұмыс нәтиже бермейді. Директорлардың жауапкершілігі өте көп- әртүрлі айыппұлдар салынып жатады, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыс істеулері керек. Ал директорлардың жалақылары мұғалімдерден төмен. Жаңа оқу жылында осы мәселелер бойынша түбегейлі шешуге тиісті жұмыстар жасалатын болады»,-дейді Ш.Нұрабаева.
Ауданның бас ұстазы ротация мәселесінің қалай жүзеге асатынын айтты.
« Ротация бойынша біреулер 5 жыл аз десе, біреулер 7 жыл көп деген пікір айтылып жатыр. Біреулер керек емес десе, біреулер керек дейді. Бұл мәселеге бір ғана көзқарас ешқашан болмайды. Осы мәселені түсініп, әріптестеріміз ротация бойынша жаңа жұмыс орнына барып жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ротация механизмін ары қарай жалғастыратын боламыз. Ротация бойынша жаңа жұмыс орнына барып жұмыстарын жалғастырып жатқан әріптестерге Алғыс айтамын».
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары» туралы №559 бұйрығымен бекітілді. Білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшылар, мерзімсіз еңбек келісімшарттарын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы білетін және мектеп, колледж, мектепке дейінгі немесе қосымша білім беру ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосатын басшылар бар. Дегенмен, 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары да бар.
«Егер басшы ұзақ жылдар бойы бір білім беру ұйымын басқарса, бұл мотивацияның төмендеуіне, жұмыс барысында жаңа тәсілдердің болмауына әкелуі мүмкін. Басшылық ететін ұйымның ауысуы өзгерістерді енгізуге және басшының жұмыстағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді».
Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады.
Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.
Алайда, егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.
Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:
– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүзеге асырады;
– ротация бір елді-мекен аумағында жүргізіледі;
– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді;
– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ротациялау туралы мәселені қарау үшін комиссия жұмыс істейтін болады.
Ротациялау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және тұтастай алғанда бұл қағидалардың жергілікті жерлерде дұрыс іске асырылуы үшін министрлік мониторинг жүргізетін болады.
Ордабасы ауданында бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары» туралы №559 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының хатттамалық шешімімен 2022 жылғы 22 тамызда Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Атамекен» жалпы орта мектебі, «Достық» жалпы орта мектебі, Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебі және «Төрткүл» жалпы орта мектебінің бірінші басшылары ротацияланды. Алдағы уақытқа 9 мектеп директоры мен 3 балабақша меңгерушісі ротациялау жоспарланып, жұмыс жүргізілуде.
Мұғалімдерді жұмысқа ашықмен қабылдау да назардан тыс қалмады. «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау мәселесі ашық, айқын түрде жүргізіледі. Мұғалімдерді жұмысқа ашық қабылдау бойынша цифрландырып ары қарай жалғастырамыз».
Дипломың болса да, тест тапсырасың
Мұғалімдерді мектепке Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы жұмысқа алу тәртібі қабылданды. Яғни енді дипломның ғана негізінде емес, қосымша өз пәні бойынша тестілеуден өткендерді ғана мектепке жұмысқа қабылданады.
Жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды.
ҚР оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша «Педагог мәртебесін» сақтау мақсатында мектеп мұғалімдері өздерінің міндетіне жатпайтын жұмыстар жасауына, түрлі іс-шараларға қатысуына жол берілмейді. Өздеріне тиісті екі құжатын дайындайды. Қыркүйек айынан бастап Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлер және дайындаған ұстаздары бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен ынталандырылады.
Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес педагогтар жұмысқа қабылданады.
«Енді педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асырылады. Айта кеткен жөн, аталған өзгерістер мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған дейін нақты ереже болған жоқ, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін. Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес», деп атап көрсетті министр А.Аймағамбетов.
Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес. Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады. Жұмысқа орналасу кезінде үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініш береді. Өтініш беруші өзінің бағалау парағын қоса ұсынады. Онда барлық жетістігі, нәтижелері, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық және басқа да ақпарат көрсетіледі. Әрбір бағыт бойынша кандидат белгіленген критерийлер арқылы бағалау шкаласына сәйкес өз балдарын дербес қояды. Конкурстық комиссия өтініш берушінің өзі қойған балдардың, оларды растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеріп, қорытынды ұпай шығарады. Нәтижесінде бос орынға ең көп балл жинаған үміткер қабылданады. Субъективизм деңгейі барынша төмендейді. Сонымен бірге бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс хаттар да сұратылады. Үміткер оң ұсыныс үшін 3 балл жинаса, ал теріс ұсыныс үшін 5 балл жоғалтады. Ұйымдар үміткердің қандай да бір бұзушылықтарға, оның ішінде педагогикалық этика бойынша бұзушылықтарға жол берді ме, жоқ па, сол туралы ақпаратты ескере алады. Мұндай фактілер анықталса, педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі. Ережеде үміткердің біліктілік санатының міндетті түрде болуы қарастырылған. Енді жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне жұмысқа қабылдану үшін дипломның болуы жеткіліксіз екенін атап өткен жөн. Олар Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, одан әрі мектепте «педагог» бірінші санатын алуға міндетті. Педагог қызметін негізгі жұмысымен қоса атқаратын мұғалімдерді бір пән бойынша 8 сағаттан аспайтын жүктемемен конкурссыз жұмысқа қабылдауға рұқсат етілетінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ осы білім беру ұйымының мұғалімдері арасында жүктемесі 8 сағаттан аз бос орындарды үлестіруге болады. Бұл ретте бір пән бойынша бос 9 немесе одан да көп сағатты жасанды түрде бөлшектеуге жол берілмейді. Қабылданған ереже педагогтермен, сарапшылармен, мектеп директорлары және әдіскерлермен, білім басқармаларының басшыларымен және басқа да білім беру ұйымдарының өкілдерімен талқыланды. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және педагог лауазымына үміткерлерді сапалы іріктеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттар бекітілді. Жаңа стандарт бойынша:
Оқу жылын 1 қыркүйектен басталып, 31 мамырда аяқталады.
36 оқу аптасы 173 оқу күні болады. 1-сыныптарда 35 оқу аптасын құрайды.
Жаңа оқу жылының басты жаңалығы 5 күндік оқу аптасы болып отыр. Оқушылар қосымша 36 демалыс күнін алады.
М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі 3 ауысымда және 6 күндік оқу форматында қалып отыр, және Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы да 6 күндік оқу форматында. Қалған 63 білім беру ұйымы 5 күндік оқу форматына көшті.
Сенбі демалыс күн болып есептеледі. Бұл директорлар мен орынбасарларына да қатысты. Сенбі күні мұғалімдер әдістеме күні ретінде шақырылмайды. Мектепке дейінгі мекемелер үшін де солай.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;
2) шет тіліне;
3) цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да көп білім алушы болғанда:
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы;
2) шетел тілдері;
3) көркем еңбек;
4) информатика екіге бөлініп оқытылады.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында сынып 24 оқушымен толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде оқытатын сыныптарда;
3) шет тілі;
4) информатика.
Сыныпты екі топқа бөлуге жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болғанда барлық орыс тілінде оқытпайтын сыныптарда екіге бөлу қарастырылады.
(бұрын ауылдық мектептерде бөлу сыныпта білім алушылар саны 20 адам болған кезде жүзеге асырылған)
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1 сыныптарына мынадай өзгерістер енгізілді:
— «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
— «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды;
— «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»;
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1-сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді: — «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады; — «Шет тілі» пәні алынып тасталды; — «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».
Бастауыш мектептегі ҮОЖ өзгерістері 2022-2023 оқу жылының 1-сыныбынан білім алатын білім алушыларға қатысты.
ҮОЖ өзгертулер кезең-кезеңімен енгізіледі:
1-сынып – 2022-2023 оқу жылы;
2-сынып – 2023-2024 оқу жылы;
3-сынып – 2024-2025 оқу жылы;
4-сынып – 2025-2026 оқу жылы
Ордабасы ауданы бойынша жалпы білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына 3545 бала қабылданды.
Ведомство жүргізген арнайы зерттеулер мен сараптамалардың қорытындылары 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екенін анықтаған. Сондықтан министрлік «Бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуі тиіс», -деген ұстанымды таңдап отыр.
Яғни, қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі. Ал, ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады.
Жаңа үлгілік оқу жоспары бойынша барлық сыныптарда оқу жүктемесі төмендетілген
«Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері 1-ші сыныптан бастап енгізілді.
Музыка пәнінің шеңберінде 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра үйрене алады.
Сонымен қатар, мектеп қабырғасында қосымша факультатив есебінен шахматты дамытуға мүмкіндік беріледі. Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады және маңызды жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
2022-2023 оқу жылында Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау (жазбаша емтихан) «НЗМ» ДББҰ филиалдарының базасында өткізіледі. (2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрыққа 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен).
2024-2025 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:
Негізгі орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарында:
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріне, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және «Әлем әдебиеті» оқу пәндеріне бөлінеді.
«Дүниежүз тарихы» пәнінің атауы «Әлем тарихы» пәні болып өзгереді.
9-сыныпта «География» пәнінің атауы «География. Қазақстан географиясы» пәні болып өзгереді.
500 мың үлгерімі төмен оқушы бар екен. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша пән ендіріліп әр жұма сайын жұмыс жүргізіледі, психолог мамандар көмектесетін болады.
Биылғы оқу жылындағы 1876 мектеп бітіруші түлектің 558-і мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде: 420 –жалпы конкурс, 111- ауыл квотасы, Серпін бағдарламасы -25, Оралман-1, мүгедек-1 оқушы.
Мемлекеттік тіл- мемлекеттік стандартта, мемлекеттік оқу жоспарда да мемлекеттік тәрбие алатын мектептерде минимум қазақ тілі. Мемлекеттік тілде сөздік минимум енгізілді.
«Дебать қозғалысы», «Оқуға құштар мектеп», «Өзін-өзі басқару ұйымы» жұмыстары ары қарай жалғасады.
«Комфорт мектеп» — жайлы мектеп. Президент тапсырмасына сәйкес тиісті заманауи техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, жаңа ұлттық жоба бойынша Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жабдықталуы негізінде жасалған мектеп. Сондықтан, ата-аналар балаларының осындай мектептен білім алуын қалайды. Бастауыш сыныптар бөлек блокта оқитын болады. Келесі жылдан бастап бұл мектептер салына бастайды. Сонымен қатар, спорт зал санын көбейту жоспарлануда.
Цифрландыру бойынша
Ауданда 65 мектеп бар. 65 мектеп интернет 8Мб/с — 38,57Мб/с аралығында жылдамдықпен қамтамасыз етілген.
2022 жылы 65 мектепт кең жолақты интернет желісіне қосылып жұмыс жасап жатыр. «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы – 30 мектеп, «Транстелеком» арқылы – 31 мектеп, қызмет көрсетіледі. 4 мектеп тікелей министрліктен интернет желісімен қамтамасыз етіледі.
Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты 65 мектепке толығымен 100 пайыз WIFI құрылғылары орнатылған. Бір компьютерге оқушы санын шаққанда 9 оқушы болады.
2017- 2018 жылдары 7 мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Робототехника бойынша 47 педагог кадр арнайы курстан өтіп, біліктілігін арттырды.
2018 жылдың қараша айында Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің базасында IT кабинет ашылды. Бұл бойынша 1 информатика пәнінің мұғалімі арнайы курстан өтіп білімін арттырып, бүгінгі таңда оқушыларға ақпараттық технологиялар бағытында қосымша білім беру жұмысын жүргізуде.
Цифрлық Қазақстан бағдарламасын іске асыру және білім беру процесін автоматтандыру мақсатында ендірілген ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау үшін бала саны көп мектептерге 33 бірлік «бағдарламашы» штаты берілді. Берілген штаттарға 2018 жылдың қараша айынан бастап 33 маман бағдарламашы болып жұмысқа қабылданды.
Электронды қызметтің үлесін арттырудың негізгі шарасы – электронды үкімет порталы мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау.
Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ауданда толығымен электронды түрде жүзеге асырылуда.
2020 – 2022 оқу жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою және жолдама беру» мемлекеттік қызметі «Balabaqsha.sitcen.kz» жүйесі негізінде 100% қамтылды.
1 сыныпқа қабылдау толығымен «Mektep.sitcen.kz» электронды жүйесі арқылы жүргізілуде. Ата-аналардың өтініштері электронды түрде қабылдануда.
Педагог кадрларды жұмысқа қабылдау «Jumys.sitcen.kz» электронды жүйесі арқылы жүргізілуде.
Барлық мектептерде Wi-fi желісі толығымен 100% орнатылған.
Педагог кадрларды жаңа ереже бойынша аттестаттаудың екінші кезеңі толығымен автоматтандырылды. «Jumys.sitcen.kz» жүйесі арқылы үміткер ұстаздардың портфолиолары жүктелді.
Барлық мектептерде 1-11 сыныптар арасында Kundelik.kz электронды журнал жүргізіледі.
Ұлттық білім беру деректер қорының /ҰБДҚ/ негізгі мақсаты – ақпараттық деректердің жүйелі енгізілуін қамтамасыз етілетін база болып табылады.
Ұлттық білім беру деректер қорына /ҰБДҚ/ мектепке дейінгі, орта білім, оқушылар қозғалысы, желі, контингент, мектептен тыс, инклюзив, қосымша білім беру, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты сондай-ақ, ыстық тамақ, оқушылардың тасымалы, педагог кадрлар және жалпы білім саласына қатысты барлық мәліметтер еңгізіліп сақталады.
Қосымша білім беру ұйымдарын сақтау үшін, жекешелендірмеу үшін арнайы жаңа заң нормасы жасалынады.
You really make it seem so easy with your presentation but I find this matter to be really something which I think I would never understand.
It seems too complex and extremely broad for me. I am looking forward for your next
post, I’ll try to get the hang of it!