Шымкенттік жігіт экзотикалық құстарды өсіруді кәсіпке айналдырды

Шымкент қаласында тұратын Сырлан Тәшімбетов есімді азамат үйін орнитологиялық баққа айналдырған. Ол шаңырағында экзотикалық және әнші-әсем құстардың көптеген түрін өсіріп келеді.


Мамандығы бухгалтер азамат бала кезіндегі тотықұс бақсам деген әуестігін бүгін табысты кәсіпке айналдырып отыр. Бүгінде  Сырлан бағында  тотықұстың бірнеше түрі, онан бөлек зебра түстес амадина, ақсары, шұбар,  сары  шымшық,  қылаң құс тұқымы бар.  
«Бір жерден қиналып келген кезде шаршауың басылады. Сайрап, секіріп ұшып жүреді бала сияқты. Сол кезде адам ләззат алады. Есікке дейін қыс болып жатса ішкі жағы жаз сиқяты мен үшін. Орманда жүргендей сезінемін»,-дейді Сырлан.
Зебра түстес амадина мен ақсары шымшықтар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың торы үйдің ішінде. Күніне екі рет суы тазартылады. Жеммен қоса минералды қорегі беріледі. Бір мезгіл  тордан босатып, еркіндікке жібереді.
Сырланның  мектепке бара қоймаған екі ұлы қазірдің өзінде құстарды суретіне қарап бір-бірінен айра біледі. Олардың күтіміне де қолғабасы жасайды. Сырланның айтуынша құстар балаға мейірім қасиетін сіңіреді.
Көктемде құс сатып алушылар көбейеді.  Бұйра тотыны 1 жарым мың, корелланы 5-6 мың, амадинаны 1 мың теңгеден сатып жүр. Құстар неғұрлым  ұзағырақ сайраса, соғұрлым бағасы қымбаттай  түседі.  Балапанын сатып алушылар да жетерлік. Мамандығы бухгалтер жігіт әуес тірлігін кәсіпке айналдыру мақсатында былтыр «Бастау бизнес» мектебінде оқып,  экзотикалық құстарды өсіру жобасы үшін 505 мың теңге грант жеңіп алды. Енді әрі қарай кәсібінің ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.