КЕНТАУ: ИНСУЛЬТ АЛҒАНДАРҒА ЖАҚСЫ КҮТІМ ҚАЖЕТ

Кентау қалалық емханасының мамандары осылай деп отыр. Емхананың невропатолог дәрігерлер айына 60-тан аса пациентті қабылдап, өз кеңестерін беріп отыратындарын айтады.  Сондай-ақ емханада тұрғындарға инсульттің алдын алу мақсатында пайдалы кеңестер жинақталған брошюралар да таратылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан ақпаратына сүйенсек, жүректің ишемиялық ауруы мен инсульт өлімге апаратын 10 басты дерттің көшін бас­тап тұр.

Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ, инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Инсульт алған адамдардың 80% жуығы мүгедектікке ұшыраса, соның ішінде 25% жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді.

Инсульттің екі түрі бар. Бірі – ұйыған қан түйіршіктерінің (тромб) ми қан тамырын бітеуінен пайда болатын ақ (ишемиялық) инсульт, екіншісі – қан тамыр жарылып, миға қан құ­­йы­лу­дан болатын геморрагиялық инсульт.

Ишемиялық инсульт алған науқасқа 4 сағат ішінде жедел ем-дом жасалуы тиіс. Оның белгілері FAST тест (face – бет, arm – қол, speech – тіл, time – уақыт) арқы­лы анықталады. Яғни, кенет бет-аузы қисайып, тіл күрмеліп, аяқ-қол тепе-теңдігін сақтай алмаса тездетіп «жедел жәрдем» шақыру керек. Дәрігерлер уа­қ­­тылы медициналық көмек көр­сетілмеген науқастың беті бері қарамайтынын айтады. «Кез келген кісі FAST тестті білуі керек. Инсультті емдеуде уақыт өте маңызды. Көбіне ауылды жерлерде үлкен кісілер ұшықтатып қойып, жылжымай жата береді. Мұндай науқастардың тосылған тамырының жанындағы ми солып қала­ды да, ем қолданғанмен нәтиже бермейді», дейді дәрігерлер.

Инсульт симптомдарын екі категорияға бөлуге болады: жалпы ми және ошақты.

1. Жалпы ми симптомдары

жүрек айну немесе құсумен көрінетін қатты бас ауруы;

ұйқышылдық, кейбірулер үшін кері әсер тән – қатты қозу;

есін жоғалту және бұзылу;

бас айналу;

кеңістікте немесе уақытқа бағдарын жоғалту;

жүрек қағысы;

тершеңдік және ыстықты сезіну.

2. Ошақты симптомдар

Симптомдар мидағы қалыпты қанайналымының қай бөлікте бұзылғанына байланысты болады. Мидың әрбір бөлігі белгілі бір қызметке жауап береді, демек, мидың әртүрлі бөлігіндегі қанайналысының бұзылуы әртүрлі симптомдар – тепе-теңдік, көз көру, сөйлеу арқылы көрінеді. Қозғалыстың үйлесімін жоғалту бастың айналуымен және құсумен көрінеді. Ең қауіптісі ишемиялық инсульт болып табылады, себебі оның бастапқы кезеңінде анық симптомдары байқалмайды. Ол тіпті байқалмауы да мүмкін, мысалы, бас ауруы, бас айналу, құсу түрінде бірде көрініп, бірде көрінбеуі мүмкін. Геморрагиялық инсульттың айқын симптомдары бар және бастапқы кезеңінде-ақ қатты бас ауруы, есінен тану, құсу арқылы өзін білдіреді. Ми қанайналымының өткінші бұзылуы деп аталатын түрі де бар, оны микроинсульт деп те атайды. Ол адам денсаулығының бірден өзгеруімен сипатталады – сөйлеуі, жүріп-тұруы бұзылып, жартылай немесе толық соқырлық байқалады. Микроинсульт адам денсаулығының уақытша бұзылуымен сипатталады, белгілі бір уақытта (бірнеше минут не сағат) оны қалпына келтіруге болады. Алайда адамның өзін-өзі қалыпты сезінуі ұзаққа бармайды, сондықтан мұндай жағдайда ауруханаға жатып емделу міндетті, себебі осындай патологиялық жағдай нағыз инсульттің алғашқы хабаршысы болып табылады.

Тосыннан тап келетін ауруға жастар да жиі ұшырай бастаған. «Бұрындары 70-80 жастағы қарттар ғана инсульт алып жататын. 90-шы жылдары инсультке шалдыққан ең жас адам 60 жаста болғанда бәріміз жағамызды ұстап едік. Қазір  15-20 жастағылар түссе таңғалмайтын болдық»,-дейді дәрігерлер.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.