Шымкенттегі «Магнитті мектептер» жобасы қалай іске асуда?

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы  ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасындағы» тапсырмаларды орындау үшін «Магнитті мектептер» жобасы аясында бекітілген жұмыс жоспары негізінде «Адамзаттық құндылықтар негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту бойынша мектептердің жұмысын жүйелеу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты: Тұлғаның (оқушылардың) жан-жақты дамуын жүзеге асыруда оқыту технологияларын қолданысқа енгізе отырып мақсатты білім беру.

Семинар барысында орталық бөлім басшысы Ақжарқын Турсынова жобаның мақсатымен, міндетімен, жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар әдіскер Алтынай Кисабекова «Магнитті мектептердің жұмысын жүйелеуде ұйымдастыру жұмыстары» тақырыбында баяндама оқып, жобаға қатысушы мектептердің функцияларын нақтылап, жоспар бойынша іске асырылатын жұмыстардың тізімін атап өтті.

Жобаға тартылған мектептер саны -17, жұмыстану әлеуеттері бойынша үш бағытқа топтастырылған. Олар:

1.Оқыта отырып ҰБТ-ге дайындау: «125 SHYMKENT», «Dostyk School Shymkent», «Maximum School», » «Низамхан», «№1 TALANT» ЖШС мектептері.

  1. Функционалдық сауаттылық, зияткерлікті дамыту;

«Аль-Фараби атындағы мектебі», «Зияткер-Білім», «Абай Кунанбаев мектебі «, «Гимназия Арман», «БӘЙТЕРЕК интеллектуалды мектебі», «Төржан» гимназиясы, «Жас Қанат» кешенді мектебі ЖШС мектептері;

  1. Бастауыш мектептер: «Жас Дарын-3» бастауыш мектебі» ,

«ADAN мектебі», «ABADAN – SUCCESSFUL», «Damu Education», «Zerdeli International School Shymkent» ЖШС мектептері

Семинар соңында кері байланыс ортнатылып, жобаға қатысушылар жауапкершілікпен қарап, жобаның мектептер үшін тиімді болатынын айтты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.