Шымкентте Жеңіс күні жоғары деңгейде тойланды

Шымкент қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекеге орай Абай саябағында орналасқан Даңқ монументіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.

Жиналған көпшілік Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Айта кетейік, 1941-1945 жылдары Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірден 140 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне қайта оралмаған.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала әкімі М.Әйтенов Абай саябағы аумағында арнайы жасақталған далалық-әскери лагерьге келіп, соғыс және тыл ардагерлерімен бірге театрландырылған қойылымды тамашалады. Онда өнерпаздар майдан даласынан көріністер қойып, соғыс жылдарының әйгілі әндерін шырқады.

Жеңісті жақындатуға Оңтүстік жұртшылығының қосқан үлесі орасан екенін айта кеткен жөн. Майданға 140 мыңнан астам азамат аттанды. Оның 51 ерлік көрсетіп, батыр атанған болса, тағы 8 азамат Даңқ орденін кеудесіне тақты. Шымкенттен соғыс алаңына 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігімен есте қалған майдангерлердің ұрпақтары batyrlargatagzym.el.kz сайтына соғыс ардагерлері жайлы мәліметтерді, фотосуреттерді жүктеп, сақтай алады. Ол үшін https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/ сілтемесіне өтіп, тиісті сұрақтарға жауап бересіз. Сондай-ақ, майдангердің фотосын жүктеп, ол жайлы қысқаша өмірдерегін ұсына аласыз.

«Жеңімпаздар» жобасы 2014 жылы бастау алған. Осы уақыт аралығында мұнда 3,5 мыңнан астам ҰОС және тыл ардагерлері жайлы мағлұмат жинақталған.

Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің есімі мәңгі ел есінде. Ал, бұл сайт ардагерлер жайлы мағлұматтардың жаңғыруына сеп болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

9 Comments

  1. I’m often to blogging and i really appreciate your content. The article has actually peaks my interest. I’m going to bookmark your web site and maintain checking for brand spanking new information.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.