Шымкенттіктер «Күткен күн» спектакль-концертін тамашалады

Бүгін Шымкент қаласында 9 мамыр Жеңіс мерекесіне орай “Әл-Фараби” алаңында «Күткен күн» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік қойылым халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің “Күткен күн” романы желісімен әзірленген. Сонау қаралы соғыс жылдарындағы ел басына күн туған ауыртпалықты шебер сахналаған “А. И театрының” ұжымы спектакль-концерт ретінде ұсынып, толқыған көрерменді әсерлі сәтке бөледі.

Жазушы Ә. Нұрпейісов қырқыншы жылдардың орта шенінде өзі ішінде болып, бүге-шүгесін әбден анық білетін Курляндия оқиғасынан очерк жазбақ болады. Оның жазушылық жолы осыдан басталған.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиғалар, халықтың тұрмысы жайлы осы романда айтылады.

Басты рөлдерде

Мәдениет саласының үздігі Бағлан Иманғалиев,

ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаева,

А. И театры” актері Еркебұлан Есіркеп және тағы басқа танымал театр труппасы өнер көрсетті.

Сондай-ақ, мерекелік кеште ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева әннен шашу шашып, көрерменді шаттыққа бөледі.

Іс шара ұмытылмас күндердің естелігі боп мәңгілікке ел жадында сақталары хақ.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде екінші дүниежүзілік соғысының 222 ардагері бар.

Соғысқа шақыртылғандар – 1,2 млн. Қаза тапқандар – 600 мың. Орден, медаль алғандар – 100 мың. Кеңес одағының батыры атанғандар – 500. Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар – 4. ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар – 110. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің қасиетті Отанына, жеріне деген ұлы сезімін дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Айта кетейік, соғысқа Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.