Шымкент әкімі ғасыр жасаған ардагерлерді мерекесімен құттықтады

9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, қал-жағдайларын сұрап, қарт майдангерлерді құттықтап қайтты.

Әрқайсысы ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ұрпақ жадында өшпестей із қалдырған абыз қарияларымыздың өмір жолы бір дастан. Сондай жанның бірі —

Шымкенттік майдангер Абылай Қазыбаев. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Бозбала 17 жасында әскерге аттанып, жау қолында қалған қалаларды азат ету жолында күрескен.

Абылай Қазбаев зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі. 1945 жылы 1 мамырда Кинизбург қаласын азат етуші сарбаздар сапында болған ол елге 1950 жылдың сәуір айында оралды. Ол 1925 жылы шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкент қаласындағы әскери дайындықтан өтті. 219-ші двизияның 2-ші гвардиялық-полкінде болған, Харьков, Ворошилов Украина майданында Свеостопельде, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысты. 1946-1950 жылдары Пушкин Венинград Москва Немецко-Советскиді минадан тазартуға қатысты.

Елге оралып, СМУ-4, 1952 жылы Қорғасын зауыты ТЭЦ-2 темірұсташы, машинист-қазаншы болып жұмыс етті.

Соғыс кезінде «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы», кейін «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Жауынгерлік қызметі үшін» және басқа көптеген медальдармен марапатталды.

Бүгінде баласынан өрбіген немере, шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Келесі кезекте әкім 100 жастағы қарт жауынгер Нина Мосунованың шаңырағында болды. Шымкент қаласында тұратын екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, бүгінде көзі тірі үш майдангердің бірі. Соғыста пулеметші, радист болған қарт жауынгер биыл 100 жасқа толып отыр.

Соғыс ардагері Нина Егорқызы Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Татарстан-Урустамак елді мекенінде туылған. 1939 жылы мектеп бітірген соң ауыл шаруашылығы фермасына жұмысқа тұрып, 1940 жылы ферма меңгерушісі болып сайланды. 1942 жылы 18 жасар бойжеткен қазан айында әскерге өз еркімен алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын иеленіп, Горький қаласына ауысты.

1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметші болып қатысып, 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етті. Онда радистер бөлімінің командирі болды. 1944 жылы Урустамак елді мекенінде жұмыс істеді. 1945 жылы Башкирияның Октябрьск қаласына көшті. 1945 жылдан 1946 жылға дейін кассир, 1948 жылы кітапханашы болып жұмыс істеді. Нина Егорқызы 1948 жылы ол Қазақстанның Шымкент қаласына көшіп келген.

1948-1955 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істейді. 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» басқармасында хатшы-машинистка болып орналасты. Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталған. Қазір баласынан 2 немере 5 шөбере сүйіп отыр.

Ал Брест қамалын қорғаған Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратәлі Төлепбергенұлы — 98 жаста. Қазіргі таңда 2 ұл, 6 қыздан 40 шақты немере шөбере сүйіп отырған әулетті қария. Отан үшін от кешкен майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мұраталы Төлепбергенұлы1925 жылы 20 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген.

Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ІІ–ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны женгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.

Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған майдангер елге 1950 жылы оралды. 1950 жылдан 1953 жылға дейін Түлкібас МТС тракторлық бригадасының бригадирі, 1958–195 мг9 жылдар аралығында Калинин колхозында бухгалтер, 1959–1965 жылдары Калинин колхозы фермасының меңгерушісі болған.

Жастық шағының ең аяулы күндерін қиянкескі жорыққа арнаған ата-апаларымызға Мұрат Дүйсенбекұлы құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді. Отбасына келген қала басшысын жылы шыраймен қарсы алған аңыз ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, барша шымкенттіктерге бейбіт өмір мен елімізге жарқын болашақ тіледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.