Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасының жүзеге асуы мен ауданға инвестиция тарту арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қала, кент, ауылдық округтермен қатар барлық бөлім басшыларының қатысуымен өткен жиында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған жоба аясында Ж.Ералиев ауылдық округінің басым бағыты сүтті бағытындағы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы болып табылатындығы айтылды. Бүгінгі таңда округ бойынша жобаға қатысуға ниет білдірген 78 тұрғынның 10-ы атаулы — әлеуметтік көмек алушылар. 61 қатысушы сүтті бағытындағы мал шаруашылығына қажетті 451 млн теңгеге, 8 қатысушы жылыжай салуға қажетті 60 млн теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 35 млн теңгеге 9 азамат және кооперативті дамытуға 28 млн теңгеге тізім жасақталған.
Тексерілген 25 қатысушының 3-і комиссияға жолданса, 22 құжат қайта өңдеуге жіберілген. Одан бөлек қазіргі таңда 52 құжат дайындалып, «Ырыс» МҚҰ мамандарымен біргелікте тексерілуде.
Ал, 10 155 тұрғыны бар Қарақай ауылдық округінде 130 адам пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген болса, соның ішінде 36 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 6 адам жұмыссыз, 21 адам аз қамтылған отбасы санатындағылар. Өтініш білдірушілердің 90-ы -отбасылық сүт фермалары, 5 адам жылыжай шаруашылығымен айналысуға жәна 15 тұлға — өзге салада жеке кәсібін ашуға ниет білдіргендер.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Осы ретте Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталды. Бұл туралы түнеугүні өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов мәлім етті.
Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасына облыстағы 16 ауданның 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы, өңірімізден орташа есеппен алғанда 2500-ден аса азамат бағдарламаға қатыса алады деп жоспарланып отыр.
«Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құс санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуына мүмкіндік беру» деді Нұрбол Бекмұратов.
Сондай-ақ, брифингте сөз алған «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев несие шарттарымен таныстырды.
«Бұл бағдарлама негізінен ауыл шаруашылығын өркендетуге басымдық береді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіруі қажет. Ауыл әкімдіктері тұрғындар несие алғанша толық сүйемелдеу жүргізеді. Несие алуға жасы зейнет жасына жетпеген кез келген ауыл тұрғыны өтінім бере алады. Кәсіп ашуға оқыту тегін жүргізіледі. Несиесін толық жауып, кәсібін дамытқысы келетіндер жеңілдетілген несиеге қайта қол жеткізе алады» — деді Нұрлыбек Исаев.
Жоба аясында жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлерге 8625000 теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне 27600000 теңгеге дейін несие беріледі.
Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін.
Брифинг барысында жауапты сала өкілдері несие алуға ниетті тұрғындардың ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігуінің пайдасы көп екенін атап өтті. Себебі, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. «Ауыл аманаты» жобасына облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға облыс шаруаларына бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жалпы алғанда бағдарламаға Түркістан өңірінен 2500 азамат қатыса алады.
Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар, — дейді Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов.
Бағдарламаға қатысып, несие алу үшін, өңір тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім береді. Несие алатындар зейнет жасынан аспауы қажет. Сондай-ақ кәсіпті ашу үшін оқыту жұмыстары да тегін жүргізіледі. Егер де несиесін толық жауып, кәсібін дамытатын болса, жеңілдетілген несиеге қайта қол жеткізе алады.
Жоба аясында жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, ал, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы елімізде 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
Өткен жылы Жамбыл облысында басталған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы биыл бүкіл өңірді қамтитын бағдарламаға айналды. Соған орай, 2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру мақсатында қазақстандықтарға микронесие беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазірдің өзінде Ақтөбе мен Түркістан облыстарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы халыққа микрокредиттер беріліп жатыр. Пилоттық жобаның негізгі критерийлері мынандай:
- микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін (8 625 000 теңге), зәкірлік кооперацияны дамыту үшін –8 мың АЕК-ке дейін (27 600 000 теңге);
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды;
- кепіл қою;
«Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Олар кооперация негізінде мал бордақылау алаңдары мен отбасылық сүт фермаларын ашуға, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, яғни жылына 2,3 өнім алу жобасы сынды бағыттарға несие берілмек.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының ауыл шаруашылығы кешені бойынша орынбасары Нұрбол Рысбековтың айтуынша, облыста несие алуға 2750 адамның мүмкіндігі бар.
«Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қосымша 14 миллиард теңге бөлу жөнінде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне өтінім берілді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім беруі қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамын» — деді Нұрбол Рысбеков.
Жобадағы шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалана алады.
Айта кетейік, аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына несие 7 жылға дейін беріледі. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.
Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі, қарқынды жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жетісай қаласынан құны 150 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 175 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты» жобасын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, негізгі табысы аргосекторға тікелей байланысты ауданның егістік жерінің басым бөлігіне мақта дақылы егілетіндіктен шаруалардың табысын арттыру үшін ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екіжақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалуда.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен әкімдерге жұмысты жандандыру керектігін тапсырып, бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Атап өтер жайт, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен биыл Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Аталған құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылда Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есеге, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Өңір басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
– Өңірімізде ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамытудың барлық жолы, тәсілі қарастырылады. Тұжырымдама нақтыланып, толықтырылады. Ол үшін мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қайта өңдеу және өзге де салалар бойынша сарапшылардың ақыл-кеңесі назарға алынады. Бұл ретте аудан, қала әкімдері өздеріңіз басқаратын аймақтың ерекшелігіне сай нақты ұсыныстарды берулеріңіз керек. Кейбір аудандарда агроиндустриалды аймақ ашамыз, кейбір аудандарда жеке шаруашылықтарға басымдық береміз. Қосымша жылыжай шаруашылықтарын дамыту үшін газ, энергия мәселелеріне жеңілдіктер қарастыру көзделіп отыр. Екіншіден, былтыр біраз ауданда ауыл шаурашылығы бойынша жоспар орындалмады. Инвестициялық жобалар аз. Сондықтан жауапты орынбасарға осы салаға қатысты жұмысты жандандыруды тапсырамын. Өз міндетін дұрыс атқармаған аудан, қала әкімдіктеріндегі жауапты басшылардың жұмысы қадағалансын. Биылға жоспарланған индикаторлар толық жүзеге асырылуы тиіс. Тұжырымдаманы толықтыру жұмысы жеделдетілсін. Бұл – облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды жоспар, – дейді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, тұжырымдамаға сәйкес, АӨК негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есеге арттыру межеленген. Яғни, 84,9 млрд. теңгеден 481,1 млрд. теңгеге дейін көбейтілмек. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 трлн. теңгеден 2,12 трлн. теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 млн. АҚШ долларынан 310,5 млн. АҚШ долларына жетеді деген жоспар бар.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы егіс көлемі 869,8 мың гектарға жеткізіледі (2022 ж. 859,9 мың га), мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді дақылдар, көкөніс, бақша және малазықтық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Жылыжайлар көлемі 1569 гектардан 2118,6 гектарға ұлғаяды (+ 550 гектар), қарқынды баудың көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға арттыру жұмысы жүреді. 5 жылда 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу, мақта шаруашылықтарын 2027 жылдан бастап жергілікті элиталық тұқымдармен 100 % қамтамасыз ету жоспарланған. 5 жылда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін 0,23 %-дан 10 %-ға, ет өнімдерін өңдеу үлесін 12,3 %-дан 34,0 %-ға, сүт өнімдерін өңдеу үлесін 13,6 %-дан 31 %-ға ұлғайту көзделген.
Аудан, қала әкімдіктерінен алдын ала 2023-2027 жылдарға жалпы құны 320 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба инвестициялық жоба тізімі анықталды. Оның ішінде биыл құны 29,4 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба енгізілген. Инвестициялық жобалар тізімін кеңейту, өзектендіру жұмыстары жалғасады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Hello! Quick question that’s completely off topic. Do you know how
to make your site mobile friendly? My website looks weird when viewing from my iphone 4.
I’m trying to find a template or plugin that might be able to fix
this problem. If you have any suggestions, please
share. Thanks!