Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы егістік алқабында семинар өтті

Бүгін Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округіндегі “Шұбар” ӨК егістік алқабында “Егістік алқаптарды тиімді пайдалану, агро химиялық өңдеулер жүргізу және өнімділігі мол тұқымдарды отырғызумен қатар су үнемдеу технологияларына көшу” тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Семинарда ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығы бағытында түрлі қызметтер көрсетіп жүрген фирмалардың өкілдері минералды, органикалық тыңайтқыштар, элиталы өнімділігі мол тұқым және ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін ұйымдастырды.

Жиында аудан әкімі Нұрбек Бадырақов сөз сөйлеп, мәні мен маңызы зор семинарға қатысуға ниет білдірген агроқұрылым жетекшілеріне, шаруаларға алғысын білдірді.

— Құрметті семинарға қатысушылар!

Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда жерден мол әрі сапалы өнім алу үшін түрлі органикалық, минералды тыңайтқыштар қолданысқа енгізіліп жатыр. Уақытты, адами ресурстарды көп қажет етпейтін, жердің ылғалдылығын ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін көптеген техникалар пайда болуда. Өңіріміздегі бірқатар агроқұрылымдар аталған заманауи дүниелерді іс жүзінде пайдаланып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мысалы, көрмеде Еуропада шығарылған дән себетін аппаратты көрдік. Бір өзі бес түрлі қызметті атқарады. Бір күнде 50 гектар жерге дән себуге қауқарлы. Құрылғының бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Сонымен қатар, егістік алқапты дәрілейтін дронды көрдік. 6-7 минутта 1 гектар алқапты дәрілеп үлгереді. Жалпы, осындай технологияларға бейімделу — бүгінгі күннің талабы. Одан бөлек, қазір әлем дайын тағамдарды тұтынуға көшіп жатыр. Бізде дайын тағам әзірлеуге қажетті өнімдерді дайындау үшін мүмкіндігіміз бар. Дегенмен, өнімдеріміздің сапасын арттыру маңызды, — деген аудан әкімі ниет танытқан ауданның агроқұрылымдарына, шаруаларына, азаматтарға жан-жақты қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.

Мәлімет үшін айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы жерлері 218 234 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер – 87 348 га (тәлімі жерлер – 53 330 га, суармалы жерлер – 34 018 га).

Ауыл шаруашылығы саласында ағымдағы жылдың қаңтар–наурыз айларында 7,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы – 70,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнге жоспар – 65,8 мың гектарға немесе 93 пайызға орындалып отыр. Меже дақылдардың оңтайлы мерзіміне қарай толығымен орындалатын болады.

Сонымен қатар егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында бір алқаптан 2-3 рет өнім алу жобалары бойынша ағымдағы жылы – 401 га дақылдар егу жоспарланып орындалуы – 408 га немесе 101,7% орындалды.

Сонымен қатар, ағын суды үнемді пайдалану арқылы мол өнім алу бағытында ағымдағы жылы – 500 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесін ендіру жоспарының бүгінгі күнге орындалуы – 340 га немесе 68 пайызды құраса, жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жоспарының (500 га) орындалуы 430 га немесе 86 пайызды құрап отыр.

Бұл ретте, көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде жүргізу мақсатында ауданға – 3 380 тонна жеңілдетілген бағада жанармай бөлініп, 2 оператор анықталған, нәтижесінде ақпан-сәуір айларына бөлінген – 2 730 тонна жанармайдың – бүгінгі күнге алынғаны 2 196 тонна немесе 80 пайызды құрап отыр.

Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша егілген дақылдарға қажеттілік – 4 936 тонна болса, бүгінгі күнге алынғаны – 1 890 тонна немесе 40 пайызды құрап отыр.

Жалпы, Ордабасы ауданының барлық жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 208 662 гектар, оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32 711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1 490 гектар, тыңайған жерлер 18 954 гектар, жайылымдар 103 992 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 208662 гектар;

елді мекендердің жерлері 19854 гектар;

өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 15411 гектар;

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 49958 гектар;

орман қорының жерлері 4821 гектар;

су қорының жерлері 8522 гектар;

Ордабасы ауданының 5738 гектар жерін Бәйдібек ауданы және 392 гектар жерін Төлеби ауданы пайдалануда.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Ордабасы ауданында 10 ауылдық округтер (Бадам, Бөржар, Бөген, Жеңіс, Қажымұқан, Қараспан, Қарақұм, Төрткөл, Шұбар, Шұбарсу), 57 ауылдық елдімекен орналасқан.

Ордабасы ауданының жер тіктілігі жазық, оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Аудан арқылы Арыс және Боралдай, Бөржар, Бадам, Шұбарсу тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген су қоймасы салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс магистралды каналы жүргізілген.

Солтүстігінде боз жусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде боз жусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ).

Аудан аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғылдықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) қалыптасқан.

Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды. Бірақ көп жатпай, тез еріп кетеді. Ең суық ай –қаңтардың орташа темпратырасы – 12-20 суық. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 метр секунд. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4) ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады.

Жазы ұзақ аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 27-42С.

Ауданда ең ірі және ең ұзын өзен – Арыс өзені Арыс ауданы арқылы Сырдария өзеніне құяды. Сырдария өзенінің негізгі саласы — Арыс өзені (378 километр), ол Алатау мұздықтарынан басталады. Бұдан бөлек ауданда Бадам, Бөржар, Бөген, Шаян, Шұбарсу, АТК өзендері бар.

Аудандағы ең үлкен су қоймасы – Бөген су қоймасы.

Бөген су қоймасының сыйымдылығы — 37 миллион текше метр. Ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады. Бұдан бөлек ауданда Бөржар, Теспе су қоймалары бар.

Аудандағы жерасты суларының қоры ретінде Бөген жер асты су көздерін атауға болады, Қайнар, Визит, Бекзат бақ, Темірлан минералды суларына арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 208 662 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1490 гектар, шабындық жерлер 3211 гектар, жайылымдық 103992 гектар.

Ордабасы ауданы бойынша ірі қара 60600, қой және ешкі 351076, жылқы 20008, түйе 478 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар-8, ұсақ малдарды шомылдыру орындары-24, жасанды ұрықтандыру пунктері-14, биотермиялық шұңқырлар саны-7.

Ордабасы ауданында жалпы жайылымдық жер 103992 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 1 284 725 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.

Аудан бойынша барлығы 431684 бас (60600 ірі қара, 20008 жылқы, 351076 уақ мал, 478 түйе) көлемі 103992 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 17603 бас (5869 ірі қара, 1697 жылқы, 10037 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталалып, бордақыланады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Ордабасы ауданында жалпы 431684 бас малға көлемі 1 180 733 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі байқалады.

Ордабасы ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.

      «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.