Мұрат Әйтенов Бадам өзені үстінен өтетін көпір құрылысымен танысты

Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, қала көшелерімен қатар көпірлері де ретке келтірілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылымен жалғасатын Бадам өзені үстінен өтетін өткелдің құрылыс жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Ұзындығы 100, ені 32 метрлік көпірдің құрылысы қала аумағындағы кептелістің алдын алуға көп сертігін тигізетін болады. Жақын арада пайдалануға берілетін нысанның құрылысына қала әкімі оң бағасын берді.

Жалпы шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы 256 объектіде құрылыс-жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 26,9 млрд. теңге қаралған. Бұл 417,3 шақырым жол мен 7 көпір, 2 өткел, 1 оңға шығу және 1 жол өткелін қамтып отыр.

Нәтижесінде жыл соңына дейін 240 нысанды, яғни, 314,7 шақырым жол мен 6 көпір, 1 жол өткелін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында 3119 адам жұмысқа орналастырылады, оның 1621-і жұмыспен қамту орталығы арқылы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.