Түркістан облысы: Ордабасы ауданына жыл басынан 4,1 миллиард теңгеге инвестиция тартылған

2022 жылы 34,0 миллиард теңгеге инвестиция тартылса, 2023 жылы 37,2 миллиард теңгеге жеткізу межеленді. Жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 5 жоба 5,1 миллиард теңге іске асып, 140 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Түркістан облысының өңірлік коммуникациялық қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

  1. «Bokei» ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты, құны 3,6 миллиард теңге, 30 жұмыс орны;
  2. «Green Technology Industries» ЖШС ІІ кезені синтепон талшығын өндіру, құны 200 миллион теңге, 50 жұмыс орны;
  3. «Aysyltan Group» ЖШС-нің қыш зауыты, құны 500 миллион теңге, 30 жұмыс орны;
  4. ЖК «Бибитжан» қыш зауыты, құны 204 миллион теңге, 20 жұмыс орны;
  5. ЖК Нұржановтың жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы, құны 600 миллион теңге, 10 жұмыс орны.

Биыл жалпы құны 8,5 миллиард теңге болатын, 257 жаңа жұмыс орнымен

6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:

  1. «Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,5 миллиард теңге, 30 ж.о, 2023 ж. ІІ тоқсан;
  2. «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,0 миллиард теңге, 50 ж.о, 2023 ж. ІІ тоқсан;
  3. «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, құны 500,0 миллион теңге, 25 ж.о, 2023 ж. ІІІ тоқсан;

4.«Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару, құны 3,0 миллиард теңге, 100 ж.о, 2023 ж. ІV тоқсан;

  1. «RZN» ЖШС газоблок бұйымдарын өндіру, құны 1,5 миллиард теңге, 40 ж.о, 2023 ж. ІV тоқсан;
  2. «Ордабасы Сапар» орталығы, туризм саласы, құны 1,0 миллиард теңге, 12 ж.о, 2023 ж. ІV тоқсан.

Ағымдағы жылдың 3 айында ауданға тартылған инвестицияның көлемі 4,1 миллиард теңгені құрады.

Сонымен қатар инфрақұрылым мәселесі де шешімін табуда. Айталық, тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамамыз ету үшін 45 елді мекеннің су құбыры желілерін жөндеу, су мұнарасын ауыстыру, 3 елді мекенде жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 2022 жылы 9 ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 2 жоба пайдалануға беріліп, 7 жобаның (5 е.м) құрылыстары биыл аяқталады.

Бүгінгі таңда халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,6% құраса, биыл жылдың соңына көрсеткіш 99% жетеді.

Құбырлы ауыз сумен қамтылмаған 3 елді мекенде (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ) құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық құжаттамаларына қаржы бөлінді. Құрылыстары 2024-2025 жылдары жүргізіліп, ауданның халқы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100% жететін болады.

Ауданның елді мекендері толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.

2022 жылы 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, 3 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарындағы 7581 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.

2023 жылы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, жалпы 5893 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.

Одан бөлек аудандық бюджет есебінен 10 дана трансформатор орнатылып, 6,4 шақырым электр желілері жаңартылады. 4 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарын электрмен қамту үшін ЖСҚ әзірленеді. «Оңтүстік жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жалпы 59,15 шақырым желілер жаңартылады.

Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 2022 жылы 47 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде:

— Аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

39,1%-дан 73,6%-ға жетті;

— Елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

45%-дан 48%-ға жетті;

— Топырақ жолдардың үлесі

41,2%-дан 35,6%-ға төмендеді.

Одан бөлек, аудандық бюджет есебінен 23 көше (20 жоба) және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 27 көше (13 жоба) орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ға жетеді.

Биыл аудандық маңызы бар 4 жолға (Қалаш, Дихан, Тоқсансай, Жайылма) орташа жөндеу жұмыстары жүргізу мақсатында ведомстволық сараптама қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылады.

Көшелерді жарықтандыру мақсатында жалпы құны 150,7 миллион теңгеге 29 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде аудандағы елді мекендердегі 140 көшенің жарықтандырылуы 20,6%-ға жеткізілді.

2023 жылы 10 көшені толық жарықтандыру жоспарлануда, немесе көрсеткіш 22,1%-ға жоғарлайды.

Одан бөлек биыл 18 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарлануда. 2022 жылы 4 елді мекенге табиғи газ беріліп, халықты қамту көрсеткіші 17%-ден 19,5%-ға артты.

2022 жылдан өтпелі 25 елді мекендегі 30 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі, соның ішінде биылғы жылы 18 елді мекен газбен қамтылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 47,8% жететін болады. 7 елді мекеннің құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Бүгінгі таңға 9 жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер берілсе, 2 жоба мерзімінің өтуіне байланысты түзетілуде.

Одан бөлек 13 елді мекенді табиғи газбен қамту үшін ЖСҚ-лары аудандық бюджет есебінен әзірленетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.