ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 15-КЕ ЖУЫҚ ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫН ӨНІМДЕРІН ҰСЫНДЫ

Бүгін Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында отандық өнімдердің ауқымды жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 15-ке жуық кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Былғары аяқ киім, сөмкелер, ақ жейде мен шұлықтар, мектеп формасының сапасы бағалы түрік тауарларнынан кем түспейді. Ал бағасы қалтаға қонымды. Шымкент қалалық білім басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бірлесе ұйымдастырған жәрмеңкеде кәсіпкерлер өнімдерін зауыт бағасымен ұсынды.

—Бүгінгі іс-шараның мақсаты — отандық өнімді қолдау. Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында отбасыларға да үлкен жеңілдік деп білемін. Себебі өндірушілер біріншіден сапалы өнімдер ұсынуда, екіншіден бағасы қалатаға қонымды. Оның үстіне мұндай жәрмеңкелер базар өнімдеріне бәсекелестік орнатып, бағаның шарықтауына жол бермейді, — дейді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев.

Жәрмеңкеде мектеп формасы мен кеңсе тауарларынан басқа төсек жаймалары, сүлгілер, бет орамалдар да сатылуда.«Гаухартас» және «Әбдиев» тігін фабрикасы тіккен мектеп формалары көпшіліктің көңілінен шықты.

Айта кетейік, мектеп тауарларының жәрмеңкесі 19-шы тамызға дейін Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жалғасатын болады.

Тілге тиек етейік, Мемлекет басшысымен бекітілген іс-шаралар жоспарында білім саласына қатысты 20 тапсырма беріліп, жалпы 3 бағдарламада 52 көрсеткіш белгіленген.

2025 жылға дейін жалпы 68 675 орындық 54 мектеп салынады деп жоспарлануда. Оның ішінде, 2023 жылы 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 3 мектеп мәселесі 2023 жылдың 1 қыркүйегіне толығымен шешіледі.

Бала саны тығыз орналасқан 11 тұрғын алаб үшін 21 мектеп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 25 мектеп, қосымша құрылыстар есебінен 29 мектеп, жеке инвесторлар есебінен 26 мектеп.

Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал ыңғайластырылған ғимарат, жаңадан ашылған шағын аудандардың мектеп мәселесі және сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесін 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.