ЖАСТАРДЫ САЛАМАТТЫЛЫҚҚА БАУЛЫҒАН “SHYMKENT FEST” МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз»- деген болатын.

Осыған орай, Шымкен қаласында жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі  12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Shymkent fest» жастар фестивалі.

Абай саябағында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет өткен «Shymkent fest» жобасының жабылу салтанаты өтті.

Екі ай мерзімге созылған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас арасындағы жастар, «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, «Shym youth life» скейт және граффити шоу, «NOSTALGIA GAME» балалық шағымның ойындары фестивалі, «Modern» заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен, «Brain blitz» интеллектуалды сайысы және «Sky movie» кино көрсетілімі, ән-би жарыстары өтті.

«Shymkent fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға баулуға бағытталған бірегей жоба.

Аталмыш жобаның жабылу салтанатына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, фестивальға атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, қала жастарын «12 тамыз — Халықаралық жастар күнімен» құттықтады.

Сонымен қатар, фестивальге белсене қатысып, жеңіске жеткен жастар марапатталды. Кеш ән, биге жалғасты.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.