Түркістан облысы: Отырар ауданының Отырар және Талапты ауылдық округтерінде каналдарды жөндеу бойынша бірқтар жұмыстар қолға алынды

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан халқымен кезекті кездесуі Отырар және Талапты ауыл округтерінде өтті. Алдымен Арыс елдімекенінде болып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аудан басшысы бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы айтып берді.

Ауыл халқымен ақпан және мамыр-маусым айларында өткен басқосуда Шәуілдір-Арыс елді мекеніндегі А.Құлбатыров және Қ.Төлбасиев көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу туралы мәселе көтерілген болатын. Аталған мәселеге байланысты 2023 жылы бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылу үстінде екен. Конкурс аяқталған соң құрылысы жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Талапты ауыл округіне қарасты Ынталы елді мекеніндегі тұрғындардың өтінішіне сәйкес Дәрімбеков көшесінің бойына жаңадан трасформатор орнатылып, электр қуаты қалыпты беріліп жатыр. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шытты елді мекенінде фельдшерлік-амбулаториялық пунктін салу үшін бүгінде жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. 2024 жылы нысанның құрылысын салу жоспарлануда екен. Құрылыс дегеннен шығады, 2022 жылы 18 657 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (17 100 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 109,1 %-ды құрап отыр. Сонымен қатар 2022 жылы 8 миллиард 613 миллион 600 мың теңгенің (2021 жылы 2,196 миллион теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,5 есеге артық орындалған.

Айтпақшы, 2022 жылы Қоғам ауыл округіне қарасты Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны — 450 миллион теңге) құрылысы басталыпты, 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Есепті жылы Балтакөл ауылындағы 200 орындық және Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйлері де пайдалануға берілді.

«Аққұм, Шытты ауылдарындағы медициналық емдеу мекемелері ғимараттарының  тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылы құрылысын жүргізу көзделген. Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3 175 тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі» — деді аудан басшысы.

2023 жылы Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 200,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Аудан бойынша 1 мектептің құрылысын аяқтау, 1 мектеп құрылысын салу және 1 мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар.

2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алаптарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба іске асырылуда:

— Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны — 114,2 миллион теңге) 2022 жылы ұлттық қор есебінен 102,7 миллион теңге қаралып, игерілген. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 11,5 миллион теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.

— Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (сметалық құны —  350,8 миллион теңге);

— Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысына (сметалық құны — 495,8 миллион теңге) мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 443 жер учаскесі электр желісімен қамтылады.

Ағымдағы жылы Арыс ауылындағы П.Қалыбеков, Б.Қабылов, Ә.Смайлов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы, Отырар ауданы көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым (63 %). Нақтылай айтсақ, облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%). Аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%). Ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 261,5 шақырым (62%). Оның ішінде: асфальт көше — 261,5 шақырым; тас көше — 87,3 шақырым; топырақ көше — 78,9 шақырым.

2022 жылы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны — 303,8 миллион теңге) жүргізілді.

Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 миллион теңге) жүргізілді.

   2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшеге (518,4 миллион теңге) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырымды құрайтын (417,9 миллион теңге) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп күтілуде.

Былтыр аудан аумағындағы каналдарды жөндеу бойынша да бірқтар жұмыстар қолға алынды. Соның ішінде былтыр аудан әкімі халықпен кездесінде Көкмардан каналының ПК-30+00-ден ПК65+00 аралығын механикалық тазалау, Ш-9-1 каналын 1,9 шақырымын механикалық тазалау жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Еске салайық, Талапты ауыл округінің орталығы — Көкмардан ауылы.

      Елді мекендері — Көкмардан, Ынталы, Шытты, Сарыкөл.

      Халық саны — 5736 адам.

      Округтің барлық жер көлемі 35712 гектарды құрап отыр.

      Оның ішінде:

      ауыл шаруашылығы жері — 12817 гектар;

      жалпы егістігі — 4780 гектар;

      суғармалы жері — 4780 гектар;

      көп жылдық екпелер — 1 гектар;

      шабындық жер — 3 гектар;

      жайылымдық жер — 8033 гектар.

      Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Уақ мал
1 Көкмардан 7 450 2423 7471
2 Шытты 1 238 2006 3444
3 Ынталы 3 345 1239 2872
4 Сарыкөл 1 340 599 2350
  Барлығы: 12 1373 6267 16137

 

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет төменде келтіріліп отыр:

Елді мекен Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 Көкмардан 1 1 1 1
2 Шытты 1 1
3 Ынталы 1 1
4 Сарыкөл 1
  Барлығы: 1 2 4 2

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қыркүйек  

Жүктеу

      Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

Елді мекен Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Түйе Норма,
гектар
Қажетті жайылым, гектар Жылқы
1 2 3 4 5 6 7
1 Көкмардан 6993 7 12 84 450
2 Шытты 4367 1 12 12 238
3 Ынталы 3465 3 12 36 345
4 Сарыкөл 3129 1 12 12 340
  Барлығы: 17954 12 12 144 1373
Норма
гектар
Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал Норма, гектар Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Норма, гектар
8 9 10 11 12 13 14
9 4050 2423 8 19384 7471 2
9 2142 2006 8 16048 3444 2
9 3105 1239 8 9912 2872 2
9 3060 599 8 4792 2350 2
9 12357 6267 8 50136 16137 2
Қажетті жайылым, гектар Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+)
15 16 17
14942    
6888    
1744    
4700    
32274 94911 -76957
                     

Қос ауыл округіндегі кездесуде ауыл тұрғындары Асан Тәліп, А.Досымайылов пен талаптылық Қ.Расиллаев, С.Смайлов, С.Иманбердиевалар Арыс елді мекеніндегі С.Ағыбаев көшесіне аяқжол салу, К.Момбеков көшесін және Көкмардан елді мекеніндегі Бейбітшілік пен Д.Жезмырзаев көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Аталған мәселелерді өз бақылауына алатынын айтқан аудан әкімі жауапты сала басшыларына заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Отырар ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Отырар ауылдық округі ауданның шығыс бөлігінде орналасқан. Округ аумағымен Арыс өзені ағып өтеді. Тарихи археологиялық мәні бар Тоқайтөбе, Ақтөбе, Жалпақтөбе, Қоңыртөбе, Мәслихаттөбе, Алтынтөбе, т.б. археологиялық ескерткіштер бар. Округтен Орынбор—Ташкент (Қазақстан темір жолы) және Төрткөл—Темір, Темір-Отырар, Арыстанбаб—Түркістан, Шәуілдір—Шойманов автомобиль жолдары өтеді.

Іргесі 1946 жылы Бөген аудандық кеңесі болып құрылған. 1950 жылы Отырар аудандық кеңесі болып өзгертілді. 1994 жылдан казіргі атымен аталады. Жер аумағы 0,79 мың шаршы шақырымды құрап отыр. Округте 1957 жылы құрылған қаракөл қойын өсіретін «Арыс» кеңшары болған. Кеңшар негізінде ауданда 18 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 акционерлік қоғам, май сығатын цех, 631 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Округке Арыс, Молыке Шойманов ауылдары қарайды. Орталығы — Арыс ауылы.

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4089 адамды құрады.

Ауылдарда 3 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, отбасылық емхана, 4 фельдшер-акушерлік пункт, 3 клуб, 4 кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 2 монша бар.

Отырар ауыл округінің орталығы — Арыс ауылы.

      Елді мекендері — Арыс, М.Шойманов

      Халық саны — 4401 адам.

      Округтің барлық жер көлемі 23424 гектарды алып жатыр.

      Оның ішінде:

      ауыл шаруашылығы жері — 10134 гектар;

      жалпы егістік жері — 2884 гектар;

      суғармалы жері — 2884 гектар;

      көп жылдық екпелері — 54 гектар;

      жайылымдық жері — 7196 гектар.

      Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Уақ мал
1 М.Шойманов 253 759 2464 12742
2 Арыс 338 882 2046 12394
  Барлығы 591 1641 4510 25136

 

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет мынадай:

Елді мекен Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 М.Шойманов 1 1
2 Арыс 1 1
  Барлығы 1 1 1 1

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың иаусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қыркүйек  

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесіне назар салыңыздар:

Елді мекен Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Түйе Норма,
гектар
Қажетті жайылым, гектар Жылқы
1 2 3 4 5 6 7
1 М.Шойманов 7283 253 12 3036 759
2 Арыс 5110 338 12 4056 882
  Барлығы: 12393 591 12 7092 1641
Норма
гектар
Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал Норма, гектар Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Норма, гектар
8 9 10 11 12 13 14
9 6831 2464 8 19712 12742 2
9 7938 2046 8 16368 12394 2
9 14769 4510 8 36080 25136 2
Қажетті жайылым, гектар Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+)
15 16 17
25484 55063 -47780
24788 53150 -48040
50272 108213 -95820
                       

Жалпы алғанда, Отырар ауыл округі бойынша атқарылған жұмыстар аз емес. Аталған ауылдардағы өзекті мәселелердің бірі ағын судың жетіспеушілігі болатын. Осыған орай Д.Алтынбеков каналының ПК194+42-ден ПК205-15 аралығында канал ұлтанын 47 сантиметрге төмендету жұмыс жобасы толық аяқталды. Сонымен қатар Қызыл ту насос станциясындағы 7 дана «СНП-500» электр насостары күрделі жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Орнатылған насостар арқылы Арыс өзенінен 1,8 текше метр/секундына су шығарылып, егістік алқаптары ағын сумен қамтылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin