Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі — «Бір ауыл – бір өнім» жобасы.
Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының тұрғыны Алмагүл Есенқұлова Түркістан облысы көлемінде өткен «Бір ауыл-бір өнім» байқауында үздік атанды.
Бұл жоба Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралы аясында өтті.
Жобаға күнгей өңірдің барлық аудан-қаласынан жыл басынан бері кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түскен. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін 17 кәсіпкердің өнімі «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қойылды.
Негізінен «Бір ауыл – бір өнім» кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған жоба.
Бренд комитет мүшелері басқосуда бұрын соңды білмеген өнім түрлерін көргенін атап өтті. Сондықтан барлық отандық өнімге лайықты деңгейде қолдау білдірілуі керек.
Нәтижесінде былғарыдан түрлі бұйымдар жасайтын қолөнерші Алмагүл Шереханқызы үздік атанды.
Енді жоба үздігі ретінде жерлесімізге республикалық деңгейде сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, «Атамекен» кәсіпкерлік палата тарапынан қолдау білдірілмек.
Тарата айтып өтейік, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында республика аумағында кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Мен — кәсіпкер» жаңа тетігі іске қосылды. «Мен — кәсіпкер» бірнеше саланы қамтиды. Жобаны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады. Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдаудың бұл түрі үш бағыттан тұрады.
«Мен кәсіпкердің» бір тармағы «Кәсіпке бағыт» деп аталады. Бұл бағытта шағын және орта бизнес субъектілері үшін біліктілікті арттыру және салалық оқыту жұмыстары жүргізіледі. «Кәсіпке бағыт» аясында өтетін курстарға қатысу тегін. Соңында сертификат беріледі. «Кәсіпке бағыт» анықталған қажеттіліктер негізінде салалық (бейіндік) оқытуды ұсынуды қамтиды.
«Кәсіпке бағыт» ШОБ субъектілері үшін облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалар мен Астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн/офлайн форматта, сондай-ақ аудан орталықтарына барып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес келетін ШОБ субъектілері «Кәсіпке бағыт» салалық оқытуының қатысушылары болып табылады.
«Кәсіпке бағыт» оқытуын ұйымдастыру және өткізу анықталған қажеттіліктер негізінде салалық (бейіндік) оқытуды ұсынуды қамтиды.
Сіздер үшін мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өндірістік шағын цехтар, сервис және қызметтер бойынша салалық оқытудың 1-2 апталық тегін курстары ұйымдастырылады. Оқу аяқталған соң сертификаттар беріліп, сіздің бизнесіңізді жүргізу мен кеңейту, жаңа технологиялар енгізу, құрал-жабдықтар таңдап, сатып алуға және өнімдеріңізді тиімді қалай сатуға болатыны жөнінде жеке кеңестер беріліп, 3 айлық жеке сүйемелдеу жүргізеді.
«Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша қатысуға өтінімдерді қабылдауды өңірлік кәсіпкерлер палаталарында менеджер-консультанттар жүзеге асырады.
«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты, аты айтып тұрғандай, тек кәсіп бастаймын деген әйел адамдарға арналған. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының қызметтері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын не айналысқысы келетін 18 жастан асқан әйел азаматтарына және әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне көрсетіледі.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының бағыты әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігі орталықтарының тұрақты дамуына бағытталған.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының бағыты мынадай қызмет түрлерін ұсынуды қамтиды:
1) консультациялар — бұл кеңес беру, проблемаларды анықтау (диагностика) және әйелдердің қажеттіліктеріне негізделген қызметтерге бағыттауды қамтиды;
2) кәсіптік және бизнес-оқытуды, сондай — ақ қолөнердің дәстүрлі түрлерін оқытуды ұйымдастыру — көрсетілетін қызметті алушылардың анықталған бағыттары (қажеттілігі бойынша) бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;
3) менторлық — мұнда ментор (тәлімгер) бизнес басшысының (ментидің) құзыретіне бағалау жүргізеді және оның құзыретін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) қаржыландыруды (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту — бұл қаржыландыру және инвестицияларды тарту мәселелері бойынша оқыту, оған — краундинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг құралдарын зерттеу кіреді;
5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөніндегі қызметтер — бұл әйелдерді халықаралық жобалар туралы хабардар ету;
6) бизнес-шолу жүргізу — бұл бизнестің әлеуетін, оның қызметкерлерінің құзыреті мен тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін ұсынылатын оқыту мақсатында бизнесті бағалау;
7) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімді жылжыту және әзірлеу жөніндегі қызметтер көрсетіледі.
«Мен — кәсіпкер» құралының негізгі бағыттарының бірі — «Бір ауыл — бір өнім». Бұны өз алдына бөлек жоба деуге де, халықаралық қозғалыс деуге де болады. Ең бірінші рет мұндай жоба Жапонияда пайда болған. Жоба жергілікті брендті дамыту мен құруды және нарықтық құндылықтарды арттыруды көздейді. Оған тек кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер ғана қатыса алады. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы арқылы әйелдер жеті қызмет түрін пайдалана алады. Оның ішінде кәсіп пен бизнеске, дәстүрлі қолөнер түрлеріне бейімдеу оқытулары, тәлімгерлік сүйемелдеу, бизнеске қаржы тарту тетіктері мен халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндіктеріне ие болу, бизнес-шолуға тапсырыс беру, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушысы бола алады. «Бір ауыл – бір өнім» қызметтері өнім өндірушілерге жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін дамыту және нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатының деңгейін арттыру мақсатында көрсетіледі.
«Бір ауыл – бір өнім» қызметтері мыналарды қамтиды:
- өңірлерде жергілікті шикізаттан тауарлар көрмесін өткізу және «Бір ауыл – бір өнім» жобасына тауарларды іріктеу;
- өңірдегі ОСОП жобасы бойынша жұмысты үйлестіру;
- барлық мүдделі тараптардың қатысуымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша оқыту жүргізу;
- тауар өндіру технологиясы бойынша өндірушілерді оқытуды жүргізу;
- өнімді жылжыту және өткізу саласындағы қолдау, тауар белгілерін әзірлеу;
- бренд-комитеттерді қалыптастыру;
- өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсету;
- нарық үшін өнімді әзірлеуге қолдау көрсету, жаңа немесе инновациялық өнімді әзірлеуге тапсырыс беру, өндіріс стандартын әзірлеу.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы — ауылдық жерлерде жергілікті өнім өндірісін дамытуға бағытталған «Мен кәсіпкермін» құралының бағыттарының бірі болып табылады.
Айта кетейік, «Мен — кәсіпкер» тетігі аясында ұсынылған жобаларға қатысқысы келетін азаматтар өз өтініштерін Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына жолдай алады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.