Түркістан облысы: Кентау қаласында кәсіпкерлікті өркендетуге шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр

Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Қытай мемлекетіне барған делегаттар ірі инвсторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Мәселен, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация «TOO BNK Group LTD» компаниясымен бірге CNHODA зауытында болды. «RAGNAR», «YTO», «LUTONG» маркалы тракторлар шығаратын зауыттарға барды. Онда өндірушілермен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Онда Қытайдағы №1 трактор шығаратын зауыт «YTO» өндірушілерімен Қазақстанда бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге келіп, «Ragnar» өндірушілерімен Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын, атап айтқанда, тракторларды бірлескен өнеркәсіптік құрастыру туралы сөз болды.

Бұдан бөлек Түркістан облысына қажетті жаңбырлатып суғарудың қосалқы бөлшектерін алу мәселесі қаралды. Зауыт Кентау қаласына жайғастырылмақ. Себебі, Кентау қаласында инвесторларға мүмкіндік бере алатын индустриалды аймақ пен бұрынғы Экскаватор зауытындағы Түркістан облысы бойыншы экономикалық аймақ бар.

Кездесуде «CNHODA» өндірушілерімен Қазақстанда, оның ішінде Кентауда өндірісті іске қосу бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы келісім жүргізілді.

Жалпы, бүгінгі таңда Қартау тәжі саналатын Кентау қаласында 99 мыңнан астам халық тұрады. Облыс халқының 4,7%-н құрайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалды. Негізгі көрсеткіш — жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 55,7 млрд. теңге немесе 113,0%-ды құрады.

Жалпы өнімнің ішінде 58,6%-ы өнеркәсіп саласы болса, 17,4%-ы — ауыл шаруашылығы, 14,1%-ы — сауда саласының үлесінде.

ӨНЕРКӘСІП саласында 32,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде 28,2 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 3 жылда 40%-ға өсіп,  бүгінде облыстың өнеркәсіп өнім көлемі бойынша қаламыз төртінші орында. (2021 жылдың 9 айында -22,6 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың 9 айында қаламызға 39,1 млрд. теңге ИНВЕСТИЦИЯ тартылып, былтырғы жылдың осы кезеңіне өсім 168,4%-ды құрап, 17,0 млрд. теңгеге артты.

Тартылған инвестицияның 90,0%-ы жеке инвестиция болса, өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты.

2023-2024 жылдарға ауданда 41,9 млрд. теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асырып, 1022 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Анықтама үшін тарқата айтсақ:

5-і — өңдеу өнеркәсібі, 5-і – ауыл шаруашылығы, 1-і — туризм бағытындағы іске асатын жобалар.

1 — ЖК “Халтаев” (Өңдеу өнеркәсібі). Жоба құны — 81 млн. теңге

2 — ЖК “Кентау аспап құралдары” (Өңдеу өнеркәсібі). Жоба құны — 400 млн. теңге

3 — “КазойлЭнерджи” ЖШС (Өңдеу өнеркәсібі). Жоба құны — 27 млрд. теңге

4 — “Ceylan Metal Group” ЖШС (Өңдеу өнеркәсібі). Жоба құны: 1 млрд. теңге

5 — “ГРК Металинвест” ЖШС  (Өңдеу өнеркәсібі). Жоба құны — 11,6 млрд.теңге

6 — «BNK agro» ЖШС (Ауыл шаруашылығы). Жоба құны – 1,2 млрд. теңге

7 — ШҚ “Абдашим” (Ауыл шаруашылығы). Жоба құны — 110 млн. теңге

8 — ШҚ “Абдуғаппаров” (Ауыл шаруашылығы). Жоба құны 27,6 млн. теңге

9 — ШҚ “Еңбек” (Ауыл шаруашылығы). Жоба құны — 160 млн. теңге

10 — ШҚ «Тажитдин ата» (Ауыл шаруашылығы). Жоба құны – 72,6 млн. теңге

11 — ЖК “Анетов” (Туризм жобасы). Жоба құны — 300 млн. теңге

Жыл басынан 3,3 млрд. теңгеге 6 жоба іске қосылып, 250 жұмыс орны ашылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қытай Халық Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында 10-18 қазан күндері аралығында іс-сапар ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қытай мемлекетінің кәсіпорындарымен Кентау қаласының кәсіпкерлері арасында  меморандумдар түзіліп, 840 миллион теңгеге келісім шарттарға қол қойылды.

Қалада ірі жобалармен қатар шағын және орта кәсіпкерлік дамып келеді. Бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 14,0%-ға артып, 6803 бірлікті құрады. Олар қала экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді.

Жыл басынан шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 18,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілген.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ саласында жыл басынан 9,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 100,4 %-ды құрады. Биыл 9 айда егін шаруашылығында 5,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бүгінгі таңда егілген егіндер толығымен жиналды.

Анықтама үшін мысал келтірейік:

250 гектар —  күздік бидай, 180 гектар — майлы дақылдар, 775 гектар — мал азықтық дақылдар, 745 гектар — көкөніс, 60 гектар – картоп.

3 агроқұрылымда қосымша 80 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 100%-ға орындалды. Жоспар 80 гектар болған.

Ауыл шаруашылығы өнімінің 3,8 млрд. теңгесі мал шаруашылығында өндірілген.

Анықтама бере кетейік:

Ет – 823,3 тонна,

 сүт -8165,3 тонна,

 жұмыртқа -1008,1 мың дана.

Өздеріңізге белгілі, Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылған болатын. Жобаның мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Кентау қаласынан бұл жобаға 2 ауыл еніп отыр — Қарнақ, Хантағы ауылдары. Бүгінгі таңда 579,2 млн. теңгені құрайтын 122 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» МҚҰ-на ұсынылған. Соның 80 жобасы (478,2 млн. теңге) қаржыландырылды. Оның ішінінде: мал шаруашылығы бағытында — 65 жоба (құны 332,1 млн. теңге), балық шаруашылығы — 1 жоба (құны 6,8 млн. теңге),       өсімдік шаруашылығы -2 жоба (құны 13,1 млн. теңге), құс шаруашылығы — 5 жоба (құны 26,5 млн. теңге), ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері — 1 жоба (құны 27,6 млн. теңге), өз кәсібін ашуға — 6 жоба (құны 25,7 млн. теңге).

Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету қаралған.

Әлеуметтік көмек алушылар бойынша 5 жоба ұсынылып, 26,6 млн. теңгеге толық қаржыландырылды.

Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75 552 гектар жерлерді Кентау қаласына қосу жолымен Кентау қаласы шекарасын 128 319 гектарға өзгерту жұмыстары жүргізілді.

Биыл бекітілген жоспарға сәйкес, қала аумағынан жайылымдық жерді мемлекетке қайтару міндеті қойылған. Жыл басынан бері 6,2 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды.

 

Кентау қаласының ӨЗІНДІК КІРІСТЕРІ жылма-жыл артып келеді. 2023 жылға өзіндік кірістер жоспары 3,1 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда 800,0 млн. теңгеге ұлғайды.

Анықтама: Кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй нысандарына түгендеу жұмыстарын жүргізу, жаңа  салық төлеушілерді тіркеу, мүлікті қайта бағалау есебінен бюджет түсімдері артып отыр. Кірістердің ұлғаюы қаланың әрі қарай дамуына және де өзекті мәселелерді шешуде септігін тигізуде.

Тұрғындардың әл-әуқатын көтеру мақсатында халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту іс-шаралары ұйымдастырылуда.

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының» жұмыспен қамту бағытында биыл 9 айда 4396 азамат жобаға қатысып, жылдық жоспар 80,8%-ға орындалды (жоспар — 5440).

Оның ішінде: жастар практикасына — 304, ақылы қоғамдық жұмысқа -1033, әлеуметтік жұмыс орындарына — 252, алғашқы жұмыс орындарына -79, «Күміс жас» жобасына 105 адам тартылып, жылдық жоспар орындалды.

Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 90 азаматқа мемлекеттік грант берілді (жоспар: 90 адам).

Жастарға өз  кәсіптерін ашуға 4 адамға жеңілдетілген шағын несие берілді (жоспар: 28 адам).

Тұрақты жұмыспен 1297 азамат жұмыспен қамтылды (жоспар — 2104) жоспар 61,6%-ға орындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1073жұмыс орындары ашылды.

Ұлттық жобалар аясында 159 жұмыс орны ашылып, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды.

Биыл инфрақұрылыммен қамту бойынша Шұғыла мөлтек ауданында газ, су, электр желелілері, автомобиль жолдары құрылысы аяқталып, 377 жеке тұрғын үй сапалы инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілді. Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауыз сумен және толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 11,5 шақырым 7 көше жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 15,1 шақырым 21 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жалпы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 80%- ға жетті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin