Бұл жөнінде Сауран ауданындағы Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Т.Абдаевтың 2023 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы есебінде аталып өтті.
Жаңа Иқан ауылдық округі Сауран ауданының орталығынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Екі елді мекеннен құрылған, яғни Ибата және Ойық елді мекендері. Ойық ауылы орталықтан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Одан басқа, Қызыл-Ту, Ақтөбе, Нұра учаскелері бар. Оларда малшылар, маусымдық жұмысшылар қоныстанған. Нұра учаскесі орталықтан 45 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жалпы халық саны 7810 адамды құрайды. Ибата ауылында 1054 отбасы, 7596 адам қоныстанған. Ойықта 39 отбасы, 214 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтардың үлесі — 1278 адам, 16,4%, өзбектердің үлесі – 6505 адам, 83,3%, өзге ұлт өкілдерінің үлесі — 27 адам, 0,3%-ды құрайды.
Жалпы, Сауран ауданында агросекторға басымдық берілетіндіктен, Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті 2978 адамның 1733-і ауыл шаруашылығында істейді. Ауылдық округі әкімі аппаратында — 18, білім беру саласында — 420, денсаулық саласында — 41, балабақшада — 76, тағы басқа салаларда 690 адам жұмыс атқарып жүр.
Демографиялық деректерге үңілсек, ауылда 2023 жылдың 8 айында 100 бала туылып, 17 адам қайтыс болған. Оның ішінде 1 жасқа дейін балалар өлімі – 2.
Енді ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы айтып өтсек. Ауыл басшысының айтуынша, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппараты 2023 жылға бекітілген жоспар негізінде жұмыс атқарады. Ауылдық округ әкімі аппаратында — 18 қызметкер, оның ішінде 8-і — мемлекеттік қызметкер, 10-ы келісімшартпен жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімі аппаратына 2023 жылдың 8 айында мекемелерден 546 қатынас хат келіп түсіп, жауап берілген, мекемелерге 330 шығыс хат жолданған.
Ауылдық округі әкіміне 2023 жылдың 8 айында жеке тұлғалардан 118 өтініш тіркеліп, жауаптары уақытылы беріліп, қанағаттандырылған. Заңды тұлғалардан өтініш түсіп, тіркелмепті. Ауылдық округ әкімі тарапынан 160 шешім, 98 өкім қабылданған.
Т.Абдаев ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар ақпараттарымен бөлісті. Бұл ретте ауылдық округ бойынша жалпы жер көлемі туралы цифрларды кесте түрінде ұсынғанды құп көрдік.
№ | Көрсеткіштер | Көлемі, гектар | |
1 | Барлық жер көлемі | 74410,62 | |
2 | Ауыл шаруашылығы жерлері | 66051,19 | |
Оның ішінде: Суармалы егістік | 4013,34 | ||
Егістік жер | 3068,35 | ||
Көпжылдық екпе ағаш | 990,02 | ||
Жайылымдық жерлер | 56953,51 | ||
Өзге жерлер | 1025,97 | ||
3 | Елді мекен жерлері | 1346,59 | |
4 | Елді мекен жайылым жерлер | 3661,10 | |
5 | Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер | 650,63 | |
6 | Су қоры жерлері | 1665,06 | |
7 | Орман қоры жерлері | 1035 | |
8 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер | 0,63 |
Осы орайда айрықша атап өтерлігі, бүгінгі таңға Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты елді мекендердің 2778 гектар ортақ мал жайылымдық жеріне мемлекеттік акт рәсімделіпті. Елді мекендердің ортақ мал жайылымдық жерлерін ұлғайту бойынша 30 шаруа қожалықтың 4057,51 гектар жерін қайтаруға ұсынылған. «Одан бөлек, ортақ мал жайылымына пайдалану үшін 27 шаруа қожалығымен 9227,88 гектар жайылымдық жерге меморандум жасалынды» — дейді ауыл әкімі.
Жайылым демекші, елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Ибата | — | 1508 | 10441 | 38718 |
2 | Ойық | — | 39 | 690 | 755 |
Барлығы: | — | 1547 | 11131 | 39473 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:
№ | Елді ме кен | Ветеринариялық станция лар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермия лық
шұңқырлар |
1 | Жаңа Иқан | — | 2 | 1 | — |
2 | Ибата | 1 | 1 | 1 | — |
3 | Ойық | — | 1 | — | — |
Барлы ғы: | 1 | 4 | 2 | — | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескер- ту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қазан |
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекендер | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||
Жылқы | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара | ||
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Ибата | 1508 | 9 | 13572 | 10441 |
2 | Ойық | 39 | 9 | 351 | 690 |
Барлығы: | 1547 | 9 | 13923 | 11131 |
Гектар нормасы | Қажетті жай- ылым, гектар | Ұсақ мал | Гектар норма- сы | Қажетті жайылым, гектар |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
8 | 83528 | 38718 | 2 | 77436 |
8 | 5520 | 755 | 2 | 1510 |
8 | 89048 | 39473 | 2 | 78946 |
Сонымен бірге Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2023 жылдың өніміне егілген егістіктердің дақылдар бойынша көлемі жайлы да мәлімет бере кетейік.
№ | Дақыл түрі | Егіс көлемі, гектар | Центнер | Тонна |
1 | Күздік бидай | 1050 | 31,8 | 3348,4 |
2 | Жаздық бидай | 120 | 26,3 | 316 |
3 | Дәндік жүгері | 150 | ||
4 | Мақсары | 130 | 19 | 147 |
5 | Мақта | 400 | ||
6 | Ескі жоңышқа | 700 | 65 | 4550 |
7 | Жаңа жоңышқа | 600 | 60 | 3600 |
8 | Сүрлемді жүгері | 174 | ||
9 | Картоп | 20 | 360 | 72 |
10 | Көкеніс | 100 | 320 | 320 |
11 | Бақша | 690 | 300 | 20700 |
Барлығы | 4134 |
Ал Жаңа Иқан ауылдық округіндегі мал шаруашылығы бойынша көрсеткіштер мынадай:
№ | Малдың түрі | 01.09.2023 жылы |
1. | Ірі қара | 12324 |
2. | Қой ешкі | 54599 |
3. | Жылқы | 1619 |
4 | Құс | 10751 |
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 3 жақты келісімдегі тапсырмалардың 8 айында орындалуына көз жеткізу үшін төмендегі кестеге назар аударыңыз:
№ | Көрсеткіштер атауы | Жоспар | Орындалғаны | % |
1 | Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі, миллион теңге | 11000,0 | ||
2 | НКИ%бен | |||
3 | Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар | 450,0 | 138,6 | 30,8 |
4 | Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көллемінің индекісі | 50 | 55,1 | 110 |
5 | Егістік жерлердің игеруі гектар | 4130 | 4134 | 100,1 |
6 | 2-3 өнім жобаларын іске асыру, гектар | 175 | 176 | 101 |
7 | Жылыжый шаруашылығын дамыту, гектар | 1,0 | 1,0 | 100,0 |
8 | Тамшылатып суғару әдісін енгізу, гектар | 20 | 10 | 50 |
9 | Қарқынды бау шаруашылығын дамыту, гектар | 30 | 10 | 33 |
10 | Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, бірлік | 6 | 6 | 100 |
11 | Жүн, тері өндеу цехтары мен кәсіпорындарын ашу, бірлік | 0,5 | — | — |
12 | 500 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын құру, бірлік | 3 | 1 | 100 |
13 | Мал басын ұлғайту:
Ірі қара, бас Қой, бас Жылқы, бас Құс, бас
|
11400 42500 1748 10700 |
12324 54599 1619 10751 |
108 128 92,6 100,4 |
14 | Өндірілген өнім, мың тонна/миллион, дана
Ет Сүт Жұмыртқа |
1800 4864 0,8 |
1310 3480 580 |
72,7 71,5 72,5 |
Бұдан бөлек бюджет саласы бойынша да әжептәуір атап өтер тұстар бар. Айталық, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 8 айында аудандық бюджеттен 84494,0 мың теңге бөлінген екен. Бүгінгі таңда соның орындалғаны 84490,5 мың теңге болып, көрсеткіш 99,99 пайызға жеткен. Басқаша айтқанда, барлық қаржы мақсатты пайдаланылыпты. Орындалмаған 3,5 мың теңге мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша үнемделген қаржы екен. Бюджет туралы кеңірек танысамын десеңіз, төмендегі кестеге көз салыңыз.
Ауылдық округі әкімі аппаратында 18 штат бірлігімен 8 мемлекеттік қызметкер, 10 келісімшарттағы қызметкерлер жұмыс атқарады. Халық саны – 7810 адам. | ||||||||
Ерекшелігі | өлшем бірлігі | Көлемі және саны | 1 бірлік бағасы | 2023 жыл бюджет | ||||
124 001 000 | Аппарат шығыны | 42046,0 | ||||||
124 006 000 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау | 129 | ||||||
124 008 000 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2194,0 | ||||||
124 009 000 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 450 | ||||||
124 011 000 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 628 | ||||||
124013015 | Автомобиль жолдарын күтіп ұстау | 6416,0 | ||||||
124022015 | Мемлекеттік мекеменің кұрделі шығыстары | 234,5 | ||||||
124 028 000 | Жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық | 200,0 | ||||||
124045015 | Автомобиль жолдарын күтіп ұстау | 0 | ||||||
124045029 | Автомобиль жолдарын күтіп ұстау | 32193,0 | ||||||
Барлығы | 84490,5 | |||||||
Өзін-өзі басқару заңына байланысты | ||||||||
Субвенция | 70211.0 | |||||||
1 | Кірістер | 16493.2 | ||||||
2 | Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 104-102 | 850,0 | ||||||
3 | Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 104-302 | 20,3 | ||||||
4 | Табыс салығы | 588.9 | ||||||
5 | Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 104-402 | 11393.6 | ||||||
6 | Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық | 0 | ||||||
7 | аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер | 0 | ||||||
8 | 2022 жылдан қалаған қалдық сомма | 466.7 | ||||||
9 | Жер стаудан түсетін түсімдер | 2869.1 |
|
|||||
10 | Бірыңғай жер салығы | 269.9 | ||||||
11 | Жер пайдаланғаны үшін төлем | 34.7 | ||||||
Барлық кірістер | 86704.2 |
Ал салық жоспары туралы мәлімет алғыңыз келсе, мына кестеден біраз мәліметке қанығуға болады:
№ | Салық түрлері | Жылдық жоспар | 8 айлық жоспар
(мың теңге) |
Орындалғаны (мың теңге) | %
|
|
1 | Жер салығы | 138 | — | 20,3 | — | |
2 | Мүлік салығы | 1062,0 | 848,0 | 850,9 | 100,2 | |
3 | Көлік салығы | 12913,0 | 10276,0 | 11378,0 | 110,7 | |
4 | Бірыңғай жер салығы | 0 | 0 | 289,0 | ||
4 | Жеке табыс салығы | 1300,0 | — | 589,0 | — | |
Салық емес түсімдер | ||||||
5 | Айыппұлдар | — | — | — | ||
6 | Жалға беру | — | — | — | ||
7 | Жер сатудан | — | 2869,0 | — | ||
Енді кәсіпкерлік саласы жайлы бірер ақпарат. Ауылдық округ бойынша 27 жеке кәсіпкер мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс атқару үстінде. Кәсіптерінің басты бағыты — азық-түлік дүкендері, наубайхана, дәріханалар, компьютерлік қызметтер, жанар-жағар май құю бекеттері, көлік жөндеу, желімдеу және көлік жуу орталықтары, монша, құрылыс заттары дүкені және тағы басқа да кәсіптің түрлерімен айналысады.
Сонымен қатар білім беру саласындағы көрсеткіштерден де хабардар етейік. Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2022-2023 оқу жылында 4 мектепте оқушылар білім алуда. «Жаңа Иқан» негізгі мектебінің құрылтайшысы — Д.Ирисбаев. Мектептің сыйымдылығы — бір ауысымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Жаңа Иқан» мектебінде 461 оқушы білім алып, 58 мұғалім жұмыс істейді.
«Дарын.kz» орта мектебінің құрылтайшысы — А.Мирзаханов. Мектептің сыйымдылығы — бір аусымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Дарын.kz» орта мектебінде 465 оқушы білім алып, 64 мұғалім жұмыс істейді.
«Ұлықбек» жалпы орта мектебі 1984 жылы салынған, сыйымдылығы — 1176 орындық, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінде бүгінгі таңда 1079 оқушы білім алуда, 199 мұғалім жұмыс істейді. «Ұлықбек» жалпы орта мектебі жанындағы «Әдемі» шағын орталығында жалпы 20 қызметкер еңбек етіп жүр, 230 бала білім алады.
Ойық ауылында «Ойық шағын жинақталған бастауыш мектебінде» 10 қызметкер жұмыс істейді, онда 12 оқушы білім алады.
Ауылда «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасында 36 қызметкер жұмыс істейді, онда 6 топта 140 бала тәрбиеленуде.
Ауылда «Ханшайым» бөбекжай балабақшасында 40 қызметкер жұмыс істейді, онда 8 топта 128 бала тәрбиеленуде.
№ | Білім беру мекемесінің атауы | Қызметкерлер саны | Мұғалімдер саны | Оқушылар саны |
1 | Ұлықбек жалпы орта мектебі | 240 | 199 | 1079 |
2 | Ойық бастауыш мектебі | 10 | 4 | 12 |
3 | «Жаңа Иқан» негізгі мектебі | 75 | 58 | 461 |
4 | «Дарын.kz» орта мектебі | 75 | 64 | 530 |
5 | «Ақ көгершін» бала бақшасы | 36 | 17 | 140 |
6 | «Әдемі» шағын орталығы | 20 | 11 | 230 |
7 | «Ханшайым» бөбекжай балабақшасы | 40 | 16 | 128 |
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасының орындалуы туралы да біраз әңгіме айтуға болады. Мәселен, кәсіпкерлікті дамыту бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша онлайн режимде 10 азамат оқудан өткен. Оқуын тәмамдағандар «Бастау Бизнес» сертификатын алып, аталған бағдарлама бойынша 2 азамат қайтарымсыз «Бастау Бизнес» грантына ие болып, өз кәсібін бастады.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту бойынша тиісті ақпаратты кесте түрінде беріп отырмыз:
р/с | Атауы | 2023 жылдың 8 айында |
1 | Әлеуметтік жұмыс орны | 5 |
2 | Жастар практикасы | 8 |
3 | Ақылы қоғамдық жұмысқа тарту | 40 |
Ал әлеуметтік сала бойынша деректер төмендегідей:
Атауы | 2023 жылдың 8 айында |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны | 38 отбасы
Жалпы төленген қаражат: 6878000 теңге |
«Қамқорлық» бағдарламасы және «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілер мен кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен және асыраушысынан айрылған 25 отбасыға азық-түлік таратылып, қатты отынмен (көмір) қамтамасыз етілді. Сонымен, қатар Жаңа Иқан мешіті тарапынан қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, 35 отбасыға азық-түлік көмегі берілді. Сондай-ақ, Құрбан айт мерекесіне орай шалынған құрбандық етінен 65 мұқтаж отбасыға ет таратылды.
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, аз қамтылған және жалғызбасты аналардың отбасындағы мектеп жасындағы 7 балаға, «Ауылдағы ағайынның балаларына» жобасы аясында 3 оқушыға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтылған отбасындағы балалар мен жартылай жетім 5 балаға демеушілердің көмегімен мектеп формасы алып берілді.
Денсаулық сақтау саласына ойсайық. Ауыл әкімінің айтуына қарағанда, денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.
«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясындағы жалпы жұмысшылар саны — 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта буындағы медициналық қызметкер және 9 әр түрлі жұмысшы қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс істеп тұр.
«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясына 2023 жылдың 8 айында келгендер саны 14133 адамды құрады. Оның ішінде аурумен қаралғандары — 7960 адам. Сауықтырылғандары — 539 адам. Күндізгі бөлімде барлығы 84 науқас жатып ем алды.
«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші медициналық қызметкер және 1 акушер жұмыс атқаруда. 2023 жылдың 8 айында 985 адам қаралған. Оның ішінде аурумен қаралғандары — 421 адам.
Кене шаққандар – 1 адам. Қалыбек Нұртілеу Қалижанұлы. 05.02.2013 жылы туылған. Шаққан күні — 2023 жылғы 1 наурыз. 14 күн бақылауға алынып шыққан. Шағымы жоқ.
Ит қапқандар саны – 3.
- Кошқаров Дадажан Мухаммадиұлы 25.08.2007 жылы туылған. 2023 жылғы 24 қаңтарда ит тістеу жағдайы ұйғарымы бойынша екпесін толық алған. Ит иесі — Тумур Мусаев.
- Гулрух Асамутдинова 10.03.1978 жылы туылған. 2023 жылғы 15 наурызда ит тістеу жағдайы ұйғарымы бойынша екпесін толық алған. Ит иесі — Дәулет Тәңірбергенов.
- Раксана Бардинова 08.03.2014 жылы туылған. 2023 жылғы 27 наурызда ит тістеу жағдайы ұйғарымы бойынша екпесін толық алған. Ит иесі — Хаятжан Куддусов.
Өз кезегінде мәдени-спорттық іс-шаралар хақында да тілге тиек етейік. Ауылдық округте 1 мәдениет үйі бар, онда 8 қызметкер (мәдениет үй директоры — 1, әдіскер — 1, музыкалық жетекші — 1, үйірме жетекші — 1, оператор — 1, қарауыл — 3) және 4 үйірме (хор, ән, көркем сөз, ұлттық аспаптар) жұмыс істейді. Жыл басынан 25 мәдени іс-шара өткізіліпті. Жалпы қамтылған адам саны — 1377 адам.
Төрт кітапхана бар, ондағы кітаптар саны — 50788 дана, соның ішіндегі 31174-і — оқулық кітап. 2023 жылдың 8 айында кітапханаларда 49 іс-шара өткізілген.
Ауылдық округ басшысының айтуынша, 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, апа-әжелер, көп балалы аналар, қыз-келіншектерді елеулі мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табысталған. Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі ауылдық деңгейде атап өтіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталған екен.
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Отаным менің — Қазақстан» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіліпті.
9 мамыр — Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай «Желбіре жеңістің жалауы» атты салтанатты еске алу кеші аталып өткен.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай футболдан жасөспірімдер арасында ауыл біріншілігі өткізілген екен.
Ыңғайы келгенде елді мекендегі байланыс көздері туралы ақпаратпен де таныса отырыңыздар:
№ | Байланыс атауы | Байланыс көзі (+, -) | Ескерту |
1 | Қазақтелеком | + | |
2 | Интернет | + | |
3 | Ұялы байланыс, оның ішінде: | ||
Kcell (aktiv) | + | ||
Beeline | + | ||
Tele2 | + | ||
Altel | + |
Ал әскер қатарына шақыру жайына келсек, ауылдық округ бойынша 2023 жылдың 8 айында әскерге шақырылушылардың саны туралы мәлімет былай өрбиді:
№ | Орындалу мерзімі | Барлық шақырылушылар
дың саны |
Комиссиядан өткендер саны
|
Оның ішінде ОДС іріктелгені | Әскерге кеткені |
1 | 2023 жыл | 218 | 79 | 12 | 12 |
Қылмыс бойынша мәліметтерге де назар салған артықтық етпейді. Мәселен, ауылдық округ бойынша 2023 жылдың 8 айында 1 ұрлық тіркелген, өкінішке қарай, ашылмаған. Адам өліміне қатысты бір қылмыстық іс ашылған.
«Жалпы, 55 әкімшілік хаттама толтырылған, оның ішінде 30 хаттама жол саласы, 25 хаттама қоғамдық сала бойынша толтырылған екен. Оның ішінді мас халде автокөлік басқарған 1 адам анықталып, көлігі автотұраққа қойылып, 15 тәулікке қамалып, айыппұл төледі және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды» — дейді Т.Абдаев.
Мұнан өзге абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар бойынша біраз шаруа тындырылғанын байқадық. Айталық, ауылда сенбіліктер ұйымдастырылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылып, көше бойлары, арық-атыздар тазартылып сенбіліктер тұрақты жүргізіліп отырады екен. Сенбіліктерде мекеме аумақтары, жол бойындағы қоқыстар мен өсіп жол жүруге кедергі келтірген шеңгелдер ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазаланды.
2023 жылдың 8 айында 262 шақырым көше бойы тазаланды, 34 дана ретсіз жатқан күл-қоқыс жойылды. 1260 түп ағаш әктелді. 4,3 шақырым аяқжол тазаланды. 850 шаршы метр үй іргелік аулалар тазаланды.
Ауылдық округі аумағында орналасқан 6 дана бұлақ көздері тазаланып және 2 дана балалар алаңшалары ретке келтірілді. 2023 жылдың 8 айында жалпы 24 рет сенбілік өткізілді.
Көшелерді жарықтандыру бағдарламасына 2010,0 мың теңге қаралған, оның 1000,0 мың теңгесіне баға ұсыныстары бойынша жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарына конкурс өткізіліп, 589,0 мың теңгеге жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарын ЖК «RIZIQ» жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, 1421,0 теңге электр қуаты үшін ақы төленді.
Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 900,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 450,0 мың теңгеге «Жедел дезинфекция» ЖШС жеңімпаз атанып, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
Ауылдарды көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасы бойынша 1205,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 628,0 мың теңгеге ЖК «RIZIQ» жеңімпаз атанып, Ардегерлер аллеясына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары бағдарламасына 240,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы арқылы 234,5 мың теңгеге бір дана генератор, бір дана су айдайтын насос, 4 дана ҚР Мемлекеттік Туы, бір дана ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы сатып алынды.
Ибата ауылындағы Желтоқсан және Ынтымақ көшелеріне тас төсеу жұмыстарына 3571,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 1700,0 мың теңге ЖК «Тәуекел» жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар толығымен аяқталды.
Ибата ауылындағы Әл-Фараби, Шахайдар ата көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 53714,3 мың теңгеге ашық конкурс өткізіліп, 47040,0 мың теңгеге «Азрет жол құрылыс» ЖШС жеңімпаз атанып, жалпы ұзындығы 12120 шаршы метр жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Ибата ауылының Ибадулла ата, Ұлықбек, Сейітмұрат болыс көшелерін жамау жұмыстарына 2128,0 мың мың теңгеге баға ұсыныстары бойынша конкурс өткізіліп, 1300,0 мың теңгеге ЖК «Бекзат» жеңімпаз атанып, жұмыстары тамыз айында аяқталды.
Ибата ауылының Құмкент көшесіне тас төсеу жұмыстарына баға ұсыныстары бойынша 2418,08 мың теңгеге конкурс жарияланып, 1336,4 мың теңгеге және Э.Нигматуллаев көшесіне тас төсеу жұмыстарына 3676,6 теңгеге баға ұсыныстары бойынша конкурс жарияланып, 2046,6 мың теңгеге ЖШС «Жайлау-Агро» жеңіпаз атанып, жұмыстар аяқталды.
Ибата елді мекеніндегі Ұлықбек, Б.Шалбаев, Бостандық көшелеріне жалпы ұзындығы 3360 метр орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген — «Нұр Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ойық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, жүргізілуде.
Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 950 үйге су құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда 650 үй тұрақты ауыз суды тұтынып отыр. Қалған 400 үйге жақын бұлақ көдерінен, көше бойындағы артезиан суларынан және ауладағы құдық суларынан пайдалануда. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар.
Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып беру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы қарастыру қажет. Сауран аудандық Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөліміне ауыз су жүйесі жүргізілетін көшелердің сызбасы, ауыл тұрғындарының жиналыс хаттамасы, жаңадан салынған 400 тұрғын үйге ауыз су жүйесін жүргізуге анықтамасы тапсырылыпты.
Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы «ЮЖБЭСТПРОЕКТ» ЖШС-і және «АВАНГАРД-ОК» ЖШС-і арасында барлық ауылдық округтерге ауыз су, электр жарығы, газ жүйесі, автомобиль жолдарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша меморандум арқылы келісімшарт түзілген. Ауылдық округ бойынша аталған меморандум арқылы ауыз су, электр жарығы, газ жүйесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жүргізілген түгендеу жұмыстары төмендегідей:
- Ауыз су бойынша қосымша 10 көшеге және жаңадан қосылған 13 көшеге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз су құбыры 21925 метрге жүргізілу қажет екендігі анықталып, сызбалары топотүсірілім түсіру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды.
- «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің теңгеріміне енбеген электр бағаналарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 43220 метр электр жүйелері толығымен ауыстыруды қажет екендігі анықталып, сызбалары топотүсірілім түсіру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды.
- Газ бойынша жобаға енбей қалған және жаңадан қосылатын көшелерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 6350 метрге газ құбыры жүргізілу қажет екендігі анықталып, сызбалары топотүсірілім түсіру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды.
- Ибата елді мекенінің Әл-Фараби көшесіндегі Иқан су өзеніне салынатын көпірдің сызбасы сызылып, топотүсірілім жасалынып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды.
Биылғы көктемнің Сауран ауданы үшін жайсыз тигенін ескерсек, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша не атқарылып жатқаны маңызды болса керек. Сонымен, ауылдық округ бойынша 2023 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген. Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған.
Анықталған аймақтарға су тасқынының алдын алу бойынша Ибата елді мекенінен 10 шақырым қашықтықтағы Иқан су өзенінің егіс алқаптарына баратын арықтар бекітіліп, су арнасы Иқан су өзеніне жіберілді. Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан, яғни, Бостандық учаскесінде орналасқан көшелерге қырдан ағып келетін су бағытын бұру мақсатында 800 метр қашыртқы ретке келтіріліп, Иқан су өзеніне құйылатындай етіп бұрылды. Сондай-ақ, елді мекеннің күн батыс жағынан ұзындығы 4,0 шақырым қашыртқы және елді мекеннің тау жағынан 200 метр дамба қазылып, ретке келтірілген. Қыр жақтан келетін су арналарын тазалап, сонымен қатар су деңгейі көтерілетін жерлерге бөгеттер жасалынды. Елді мекен ішіндегі 1100 метр арықтарға тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, елді мекеннің күн шығыс жағынан, яғни, Құмкент көшесінің жоғарғы жағындағы 900 метр қашыртқының арнасы кеңейтіліп, жағасына көтеру жұмыстары жүргізіліп, су бағыты Көкқия өзеніне қарай жіберілді.
Сонымен қатар, Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан 1100 метр жаңадан су қашыртқысын жүргізу жұмыстары іске асырылды.
Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ерікті жасақшылар тобы құралған және «ЛК» – 4 дана, «Камаз» — 3 дана, «МТЗ-80» тракторы – 2 дана, «Газ-53» 4 дана көліктері бекітілген.
Ауа райының күрт суытып, дауылды боран кезеңінде жедел шаралар ұйымдастырылып, Ибата елді мекені мен Ойық елді мекендерінде жолдағы қарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Ибата елді мекеніндегі орналасқан көше бойындағы, бойы биік болып өскен талдарды ауыл кәсіпкерлері мен автокран көмегі арқылы бұтау жұмыстары ұйымдастырылды.
Сөзін қорытындылай келе, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі Т.Абдаев Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді де атын атап, түсін түстеп көрсетті. Оны төменде кесте түрінде ұсынып отырмыз:
№ | Өзекті мәселелер | Шешілу жолдары |
1 | Ағын су мәселесі. Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 гектар жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу мәселесі. | «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 гектар жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу» жұмыс жобасы бойынша 2018 жылғы 3 қазандағы №19-0310/18 мемлекеттік сараптамасына оң қорытынды алынғын. «Иқан су» су қоймасының сыйымдылығы — 7,3 миллион/текше метр, жалпы 1500 гектар жер сумен қамтамасыз етіледі. Жалпы сметалық құны — 3373,309 миллион теңге.
ТАПСЫРЫСШЫ: «ОҚО құрылыс басқармасы» ММ. БАС ЖОБАЛАУШЫ: «Улмад» ЖШС. |
3 | Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 950 үйге су құбыры жүргізілген. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі. | Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып беру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы қарастыру. Сауран аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімініе ауыз су жүйесі жүргізілетін көшелердің сызбасы, ауыл тұрғындарының хаттамасы, жаңадан салынған 400 тұрғын үйге ауыз су жүйесін жүргізуге анықтамасы тапсырылды. |
4 | Ибата және Ойық елді мекендерінде табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген жұмыстар барысы және елді мекендерге газ желісінің қосылу мерзімі. | Ауылдық округке келген табиғи газды елді мекен ішіндегі құбырларды ауа қысымымен (опрессовка) тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға қосу жұмыстарын жеделдету. |
Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі Т.Абдаев өзі басқаратын ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысын осылай сипаттады.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.