Түркістан облысы: Созақ ауданындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде қос тұлғаға арналған жаңа экспозициялық бұрыш ашылды

Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде ауданның 95 жылдығы аясында «Созақ: көнеден бүгінге дейін…» атты музейлік шеруі өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшының орынбасары Асылхан Темірхан, Сатыбалды Нарымбетовтың бауырлары, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, қаламгер Өтеш Қырғызбаев, Түркістан облысының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбеков, және тарихшы, шежіреші, өлкетанушы Рахманберді Жапбарқұлұлы бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшының орынбасары Асылхан Темірхан біртуар азамат жайлы естелігімен бөлісті. Содан соң Өтеш Қырғызбаевты 70 жылдық мерейлі жасына жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын тапсырды.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қазақ ұлттық кинематографиясының белгілі шебері, мемлекеттік және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовтің қазақ кино өнеріне сіңірген еңбегі мен артында қалдырған мұраларына тоқталып өтті. Сондай-ақ Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Өтеш Қырғызбаевқа деген ізгі тілегін арнап, алдағы күндеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Сонымен қатар, кинорежиссер Сатыбалды Оразәлі тағылымды шараның маңыздылығына тоқталып, Сатыбалды Нарымбетовты еске алуға және көрнекті қаламгер Өтеш Қырғызбаевтың мерейтойына арналған экспозициялық бұрыштың салтанатты түрде лентасы қиылды.

Шара барысында қонақтар туған өлкенің тарихын түгендеп, өсіп-өркендеуін ұлықтап, өскелен ұрпаққа тағылымды тәрбие беруді дамыту мақсатында ауданымыздың қолөнер шеберлерінің арнайы дайындаған көрмесін тамашалады. Содан соң қазақ елінің аяулы перзенті Сатыбалды Нарымбетовты еске алуға арналған «Тарих тудырған тұлға» деректі фильмі көрсетілді.

Еске салайық, Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. 1962–1965 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде оқыған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1984 жылы Мәскеудегі екі жылдық жоғары кинорежиссерлер курсын жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды. Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі болған еді.

«Құрманғазы» атты деректі фильмін (1972 жылы), «Зауал» (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет» (1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы), «Омпа» (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.

Дипломдық еңбегі – «Шоқ пен шер» киноповесі 1969 жылы «Искусство кино» журналында жарияланып, ол бойынша түсірілген көркем суретті фильм (режиссері Қ.Қанымбеков) Монте–Карлода өткен XІ кинофестивальде «Күміс Нимфа» жүлдесіне ие болған. Өз сценарийлерінің негізінде бірнеше деректі және көркемсуретті фильмдер «Қырғызфильм» және «Қазақфильм» киностудияларында түсірілген. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» көркем фильмін түсірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (1996). Халықаралық кинофестивальдердің лауреаты. Шығармалары: Тентек. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Ассалаумағалейкум, Атлантида! Повестер. А., «Жалын», 1981.

  • 1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.
  • 1970 жылдан — «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері.
  • 2005 жылдан бері — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі.
  • Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы).
  • КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
  • ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
  • Балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды.
  • “Құрманғазы” атты деректі фильмін (1972 жылы)
  • “Зауал” (1981 жылы)
  • “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмі
  • “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы)
  • “Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы)
  • “Көзімнің қарасы”
  • “Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы, Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы), тағы басқа)
  • “Омпа” (1998 жылы)
  • тағы басқа көркем фильмдерді қойды.
  • “Тентек” (1968 жылы)
  • “Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.
  • Анапа қаласында өткен 3ші Бүкілресейлік «Кино-Шок» кинофистивальінің жүлдегері;
  • 1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
  • Фрацуз кино өнері академиясының «Жорж Сэдуль» атындағы құрметті сыйлығының иегері;
  • 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Құрмет ордені» берілді.
  • 2000 жылы Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері.
  • 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл» медалі.
  • Жұбайы — Ізмағанбетова Ізтөле, марқұм, драматург, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильмдер бірлестігінің жетекшісі болған.
  • Ұлдары — Нарымбетов Асқар-Мұхит (1968 жылы туған), кинорежиссер; Нарымбетов Ескендір (1977 жылы туған), кинооператор.

Сатыбалды Нарымбетов 2021 жылы 8 шілдеде дүниеден өтті.

Естеріңізде болса, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Сұлтанбек Қожанов атындағы өлкетану музей ғимараты пайдалануға берілген болатын. Сол уақытқа дейін ескі шағын ғана ғимаратта орналасқан музей бүгінде жаңа, зәулім ғимаратта халыққа қызмет көрсетіп келеді. 

Музейде тарихи мұраларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Ортағасырдағы жәдігерлер, Қазан төңкерісіне дейінгі жергілікті халықтың тұтынған заттары, балбал тастар, жергілікті күйші, ақын жазушылардың, спортшылар құнды дүниелері, Төлеген Момбековтың, Дина Нұрпейсованың ұстаған қара домбырасы, ел Тәуелсіздігінен, аудан тарихынан сыр шертетін мұралар орналасқан. Қазіргі таңда музей қорында 2700 астам астам жәдігер сақталған. «Рухани жаңғыру» бағдарламысы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру үшін алдағы екі жылда құнды жәдігердің санын 5000 жеткізу жоспары бар. Сұлтанбек Қожаннов атындағы өлкетану музейінің құрылысы аудандық бюджеттен соғылған. Мамандардың айтуынша, 2019 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары басталып, жалпы құны 413 миллион теңгені құраған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin