Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға болады

«I-Shymkent.kz» — Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындаған. Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «i-Shymkent» порталына жасалған 2 шабуыл «ОЦИБ» арқылы уақытылы тоқтатылды және Әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердегі жұмыс станцияларынан 30987 вирус жойылды. №832 қаулыға сәйкес аудан әкімшіліктерінде серверлік/кросстық үй-жайларда және ішкі кабельдік жүйелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс станцияларына құпия ақпараттың таралуына жол бермейтін арнайы жүйе орнатылды.

Басқарма басшысы Мұхит Кемеловтың айтуынша, бүгінде «i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығы ашылған уақыттан бастап 759 745 өтініш келіп түскен. 2024 жылдың 1-тоқсанында 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркелді. Қазіргі таңда, аталған шағымдардың 97,7 пайызы орындалып, тұрғындармен кері байланыс орнатылған. Қалған арыз-шағымдар жауапты мекемелер тарапынан қаралуда.

Орталық қызметкерлері күнделікті 1000-2000 аралығында қоңырау қабылдайды. Барлық қоңыраудың 78 пайызы 1 қоңыраудан шешімін тапты. Қоңырауларға орташа жауап беру уақыты – 19 секундты құраса, әлеуметтік желілерде жауап берудің орташа уақыты 3-5 минутты құрайды.

i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығына келіп түскен қоңырауларды өңдеу 5 кезеңнен тұрады. Қоңырауды қабылдап, тіркеу қарточкасы толтырылады. Орталық инспекторлары саралап, жауапты мекемелерге жолдайды. Жауапты мекемелердің қызметкерлері сәйкесінше жауап беріп, орталықтың операторлары тұрғындармен кері байланысқа шығады. Арызданушы берілген жауапқа қанағаттанса, арызы орындалса – арыз жабылады, басқа жағдайда – қайта қаралуға жолданады.

Сонымен қатар, орталық 123 мемлекеттік мекемелермен бірлесе қызмет атқарады. Олар: 22 басқарма, 5 аудан әкімдігі, 7 монополист мекемелер, 71 денсаулық сақтау ұйымдары, Төтенше жағдайлар департаменті және өрт сөндіру қызметі, СЭБД (СЭС), 10 – лифтқа қызмет көрсетуші мекемелер, 4 қоғамдық көлік компаниялары, Тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарымен бірлесе жұмыстарды атқарады.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin