Түркістан облысы: Отырар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өзендер арнасы мен 20 шақырымнан астам иригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды

Мемлекет басшысының бастамасымен 6 сәуірден бастап республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Аталған акция аясында аудан аумағындағы 10 саябақ пен аллеялар маңайы тазартылып, көше бойлары толық реттеліп, көгалдандыру жұмыстары атқарылды.

Ауданда өтіп жатқан тазалық шараларына аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спорт және өнер майталмандары, жас пен қарт кісілер де атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» экологиялық акциясына 12 мыңға жуық адам атсалысты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл округтерде көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, көше бойлары, өзендер арнасы, 20 шақырымнан астам иригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды.

Аудан аумағында көктемгі ағаш отырғызу маусымында елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 29 мыңға жуық астам сәнді ағаштар мен түрлері мен 1700 мыңнан астам гүл көшеті отырғызылды.

Алдымызда «Мөлдір бұлақ» апталығы бастау алатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясының аясында және 9 мамыр Жеңіс күніне орай Көксарай ауыл округінің тұрғындары тыл ардагері, ардақты әже Күлжан Бастарбекованың үйінде болып, ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында үй-жайлардың маңайларын арам шөптерден тазартып, күл-қоқыстарын шығарып, қора-қопсыларын тазалауға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, көксарайлықтар тыл ардагерлерін 9 мамыр – Жеңiс күні мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Мереке қарсаңында көңілдері көтеріліп, жарқын әңгімелескен ардагер ауыл тұрғындарына ыстық ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің ұжымы өз үлестерін қосуда.

Мектептің ұйымдастырушы педагогы Н.Тулебаеваның ұйымдастыруымен және 7-сынып оқушылары Ынталы ауылының тұрғыны Қайыр Жұманов ақсақалдың отбасына барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, арам шөптерден тазалап, көктемгі бау-бақшасына абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, мектептің психолог қызметкерлері А.Жаргөбенова мен Н.Тулебаева ауыл тұрғыны Сәндікүл апамызды «1 мамыр – Бірлік күні» мерекесімен құттықтап, ақ жаулық жауып, батасын алды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген «Өнегелі ұрпақ» апталығы 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтті.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin