Түркістан облысы: Сауран ауданында матрас шығаратын цех жұмыс істейді

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде матрас шығаратын шағын цехтың ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауылдық округтің әкімі Сыздық Пірметов, зиялы қауым мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Аталған жоба 2023 жылы бастау алып, биыл пайдалануға беріліп отыр. Матрас шығатарын цехтың басшысы — Ильяс Құлахметов. Қуаттылығы жылына 3600 дана матрац шығаруға қауқарлы.

Бүгінде тұрақты 5 адам жұмыспен қамтылған. Цех басшысы Ильяс Құлахметовтың айтуынша алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібін 2 есе үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. Қазіргі таңда матрасқа сұраныс артып, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарына жеткізіледі екен. Жұмысшылардың жалақылары — өнім көлеміне қарай 200 мың теңге көлемінде.

Аудан көлемінде 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес нысандары өндірген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,0 миллиард теңгеге артып, 49,4 миллиард теңгені құрады. Ағымдағы жылы өнім көлемін 85,0 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы, Сауран ауданында 12 ауылдық округ, 34 елді мекен бар. Халық саны 101 мың 981 адамға жетіп, облыс халқының 4,8 % құрап отыр. 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 119,2%-ға артып отыр. 2022 жылы 101,0 млрд. теңге болған. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 1 млн 182 мың теңгені құрады.  Өңірлік өнімнің ішінде 84,7% — ауыл шаруашылығының, 9,2% — өнеркәсіп саласының, 4,7% — құрылыс саласының, 1,4% — сауда саласының үлесінде.

Тарқата айтсақ, Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,1% құрады. 2023 жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артты.

  1. Бидай – 4 254 гектар (түсімі 32 цн/га, өнім көлемі 13 613 тн);
  2. Дәндік жүгері – 2 903 гектар (73 цн/га, 21 192 тн);
  3. Майлы дақыл – 690 гектар, (16 цн/га, 1104 тн);
  4. Бақша – 6 487 гектар, (330 цн/га, 214 071 тн);
  5. Картоп – 470 гектар, (280 цн/га, 13 160 тн);
  6. Көкөніс – 2 482 гектар, (370 цн/га, 91 834 тн);
  7. Мал азықтық дақылдар – 15 130 гектар, (87цн/га,131 631 тн);
  8. Мақта – 11 666 гектар, (31 цн/га, 36 165 тн).

Нәтижесінде өсімдік шаруашылығы 70,8 млрд. теңге өнім өндірді.

Алынған өнімдердің бір бөлігі аудан, облыс  тұрғындарының қажеттілігіне жаратылса, 118 мың тонна бақша және 20 мың тонна көкөніс өнімдері, яғни 26 пайыз өнімдері жақын шет елдер нарығына шығарылды.

Ауданда жалпы мал саны — 515 404 бас, құс саны 160 020 құрап отыр.

Мал шаруашылығында – 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт; 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі 30,5 млрд. теңгеге жетті.

Ауданда жалпы 2096 ауыл шаруашылығы техникасы бар. Өткен жылы 64 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан алынса, ағымдағы жылы 69 техниканы сатып алу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты. Облыс үлесінің 11%-ын құрайды.

  1. Оранғай ауылдық округінде 600 басқа арналған сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимараты (жоба құны 1840 миллион теңге);
  2. Үшқайық ауылдық округінде 2 гектар жерге балық шаруашылығын дамыту (жоба құны 624 миллион теңге);
  3. 64 дана ауыл шаруашылығы техникасы (жоба құны 1460 миллион теңге)
  4. Иассы ауылдық округінде 500 бас жылқы, 300 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы (жоба құны 502,0 миллион теңге)
  5. Жаңа Иқан ауылдық округінде 200 бас ІҚМ, 2000 бас уақ малға арналған мал қора және малшы үйі құрылысы (жоба құны 389,0 миллион теңге)
  6. Ескі Иқан ауылдық округінде 150 ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы (жоба құны 425,0 миллион теңге)
  7. Ескі Иқан ауылдық округінде 200 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жоба құны 447,5 миллион теңге)
  8. Бабайқорған ауылдық округінде 525 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры (жоба құны 520 миллион теңге)
  9. Жаңбырлатып сурау құрал-жабдықтары (жоба құны 4488 миллион теңге)

10.Шаға ауылдық округінде қойма құрылысы (жоба құны 200 миллион теңге)

11.Кондитерлік цех құрал-жабдықтары (жоба құны 415 миллион теңге)

12.Мал қора малшы үйі құрылысы (жоба құны 810 миллион теңге)

2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны 19,4 млрд. теңгеге 11 ірі және 35 шағын инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.

  1. Ескі Иқан ауылдық округінде Қуаттылығы жылына 3000 тонналық мақта майын өндіру цехы;
  2. Оранғай ауылдық округінде Қуаттылығы жылына 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма:
  3. Шаға ауылдық округінде 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасы;
  4. Жаңа Иқан ауылдық округінде 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру:
  5. Жібек Жолы ауылдық округінде 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру;
  6. 2024-2027 жылдары – мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару, жіп өндіру, мата шығару жобасы;
  7. Шорнақ ауылдық округінде 400 гектар жерге жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру;
  8. Оранғай ауылдық округінде 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу;
  9. Оранғай ауылдық округінде 1,0 гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы;
  10. Шаға ауылдық округінде 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салу;
  11. Оранғай ауылдық округінде 5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау алаңы;

Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде орналасқан «SAURAN» индустриалды аймағы құрылды. Мұнда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Жалпы аумағы 30 гектарды құрайды.

Аталған аймақта 11 Brownfield – дайын өндірістік ғимарат құрылысы аяқталып, 8 жоба орналастыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда:

  1. «JASYL SUIQ QAZAQSTAN» ЖШС – Өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіру. Жоба құны – 10,0 млрд. теңге. (жұмыс орындар саны – 500)
  2. «BNK Group Ltd» ЖШС – Жаңбырлату суару жабдықтарының өндірісі. Жоба құны – 5,0 млрд. теңге. (жұмыс орындар саны – 80)
  3. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» – Корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісі. Жоба құны – 3,5 млрд. теңге (жұмыс орындар саны – 100). Оранғай ауылдық округінде аумағы 365 гектарды құрайтын «Тұран» арнайы экономикалық аймағын іске асыру көзделуде. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданына өткен жылы 34,6 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асты. Нәтижесінде 496 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

  1. Үшқайық ауылдық округінен «Иманқұл ата» шаруа қожалығы – балық шаруашылығын дамыту. Жобаның құны – 600,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны –  10).
  2. Қарашық ауылынан «Тұран» шаруа қожалығы – мектеп құрылысы, жобаның құны – 1440,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 30).
  3. Шаға ауылынан «БНК АГРО» ЖШС – Сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимарат құрылысы. Жобаның құны – 840,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 10).
  4. Ескі Иқан ауылынан «Tемір ата» шаруа қожалығы – Мал бордақылау алаңы. Жобаның құны – 450,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 10).
  5. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Sauran Plast» – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешені. Жобаның құны – 675,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 10).
  6. Ескі Иқан ауылынан жеке кәсіпкер «Абдусаттаров» – Сапар орталығы. Жобаның құны – 97,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 4).
  7. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Байжанова» – техникалық және жол сервисі орталығының құрылысы. Жобаның құны – 150,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 2).
  8. Иассы ауылдық округінен жеке кәсіпке «ӨЗЕН» – Демалыс аймағы. Жобаның құны – 101,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 7).

2024 жылы 37,0 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 849 жұмыс орыны ашылады.

  1. Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС – 400 гектарға қара өріктен жеміс шырынын тікелей сығу өндірісі. Жоба құны – 8,5 млрд. теңге. 2022-2026 жыл (жұмыс орындар саны – 54, жер аумағы – 400 гектар)
  2. Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешені. Жоба құны – 500 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 15, жер аумағы – 3 гектар).
  3. Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» – Отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі. Жоба құны – 800 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 20, жер аумағы 4 гектар)
  4. Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» – Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Жоба құны – 300 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 10, жер аумағы 1 гектар).
  5. Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС – Жұмсақ жиһаз өнеркәсібі. Жоба құны – 500 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 50, жер аумағы – 15 гектар).
  6. Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС – Демалыс орны және қонақ үй құрылысын салу. Жоба құны – 2,2 млрд. теңге (жұмыс орындар саны – 10, жер аумағы 1 гектар).
  7. Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» – Демалыс орны. Жоба құны – 350,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 35, жер аумағы 2,1 гектар)
  8. Қаражон ауылынан ЖК «Ердаулет» – Демалыс орны. Жоба құны – 350,0 миллион теңге (жұмыс орындар саны – 85, жер аумағы 1 гектар).
  9. Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС – Жол бойындағы «Бауырсақ» қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 424,0 млн. теңге (жұмыс орындар саны – 20, жер аумағы 6 гектар).
  10. Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС – Отбасылық демалыс орны. Жоба құны – 150,0 млн. теңге (жұмыс орындар саны – 10, жер аумағы 2 гектар).
  11. Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС – 20 МВт күн электр станциясының құрылысы. Жоба құны – 8,0 млрд. теңге. 2024-2025 жыл (жұмыс орындар саны – 8, жер көлемі – 64 гектар).

Сауран ауданында өнеркәсіп саласында 11,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде: Тау кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 млн. теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар (13 келісімшарт және 19 лицензия). Өңдеу өнеркәсібінде 8,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда:

  1. Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2 өндіріс орны жұмыс істейді. Өнім көлемі — 549,6 млн. теңге.
  2. «Тұран» ШҚ (Сүт өнімдері).
  3. «Яссы Құс» ШҚ (Жұмыртқа).
  4. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 5,4 млрд. теңге.Бүгінгі таңда «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС-не тиесілі кірпіш зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта өндіріс орнын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
  5. Жиһаз өндіру саласында 25 өңдірістік цехтары болса, басым бөлігі үйіргелік жерлерде орналасқан. Өнім көлемі — 752 млн. теңге.

Түйіндей айтсақ, Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылмақ.

Аудан экономикасының жандана түсуіне түрткі болатын жобалар қатарында «Turkistan Fruit» ЖШС-ң жеміс шырыны өндірісі бар. Жоба құны — 4,5 млрд. теңге, онда 54 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Шорнақ ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қапшығын өндіретін «Sauran Plast» өндірістік кешені бар. Бұдан бөлек, Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС-і жалпы қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Жоба құны — 8 млрд.теңге. Айта кетерлігі, ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде «SAURAN» индустриалды аймағы құрылған. Онда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады.

Атап өтерлігі, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы шағын және орта бизнес өкілдерімен жиі-жиі кездесіп тұрады. Биыл жыл басында да кірістер басқармасы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, статистика басқармасы және шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен алқа-қотан жиын өткен-ді.

Кездесуде шағын және орта бизнес өкілдерінің ауданға тіркелуі, жалпыға бірдей декларациялау, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды туралы, қауіпсіздік бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мәселелер қаралған.

“Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 мыңға жетіп отыр. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан сіздермен бірлесіп жұмыс жасауға, әрқашан қолдауға әзірмін”, — дейді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin