Шымкент: Парақорлық үшін жауапкершілік артады

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша парақорлыққа делдал болу фактілері бойынша 2017 жылдан бастап 2020 жылдың 3 айы аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 200 қылмысты (2017 – 84, 2018 – 68, 2019 – 42, 2020 ж. 3 айы. — 6) тіркеген.

«Соңғы үш жылда және 2020 жылдың 3 айында делдалдық үшін 124 адам сотталып, соның ішінде 21 адам бас бостандығынан айырылып, 6 адам бас бостандығын шектеуге және 84-і – айыппұлға сотталған.

Агенттік бұл бағытта сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін және мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Алдын алу шараларымен қатар жазаның бұлтартпастығы сыбайлас жемқорлықпен күресу ісіндегі маңызды қағидат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Ағымдағы жылдың 3 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған 44 адамға жалпы сомасы 7 млн. 227 мың теңге сыйақы берілген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.