Түркістандық жеті жасар шахматшы Әлем чемпионатында үздік атанды

Түркістандық Нұрислам Сұлтанхан шахматтан Албанияда — Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Дуррес қаласында өткен әлем чемпионатында үшінші орын иеленді.

Бес жасынан шахматқа бейім болған жас талант — екі жылдан бері Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» спортшысы. Спортшы бұған дейін де Азия чемпионатында, елішілік бәйгелерде үздік атанған.

Түркістандық жеті жасар шахматшы әлемдік бәйгеде 11 тур бойы үздік ойын көрсетіп, 8 ұпаймен жүлделі үшінші орынды иеленді. Шахматшының бапкері ардагер шахматшы, математика ғылымдарының кандидаты — Қуанышбек Джумадуллаев, спорт нұсқаушысы- Алима Пашанова.

Айта кетейік, әлемнің 43 мемлекетінен жиналған 377 жас шахматшы қатысқан чемпионатта еліміздің намысын 22 спортшы қорғады. Олар 25-28 сәуір аралығында шахматтың рапид және блиц түрінен кіл мықтыны анықтады.

Тарқата айтсақ, рапид – бұл әр партияға 15 пен 60 минуттың аралығында уақыт берілетін шахмат түрі. Халықаралық ірі жарыстарда уақыт аралығы – 15 минут + әр жүріске 10 секунд деп бекітілген. Шахмат ойынының бұл түрін гроссмейстер Давид Бронштейн ойлап тапқан.

Блиц – бұл рапидтен де жылдам ойын. Бүкіл партияға 1-ден 10 минутқа дейін беріледі. Электронды шахмат сағаты пайда болғанға дейін әр партияға 5 минуттан берілген. Бүгінде блицтен ірі турнирлер 3 минут + әр жүріске 2 секунд уақыт көрсеткішімен өткізіледі. Блиц (немісшеден Blitz — найзағай; найзағайдай тез) — жүрістердің ойлап-пішілуіне шектеулі уақыт берілетін шахмат ойынының бір түрі. Кейбір шартты тұстарынан басқа кәдімгі ойын ережелері бойынша ойналады.

Әрбір ойыншыға берілетін ойлап-пішу уақыты он бес минуттан кем болады. Көбінесе тек бес минутты құрайды. Ойлап-пішу уақытынан асып кеткен ойыншы жеңіліске ұшырайды, ал егер сол сәтте қарсыластың мат қоюға қажетті тастары болмаса, ойын теңбе-тең болып аяқталады.

Жылдамдығы жағынан блиц тез шахмат (ойлап-пішу уақыты 15-60 минут аралығы) пен көбінесе интернетте ойналатын буллет шахмат (3 минуттан аз) арасында жатыр.

Шахмат — ақыл-ой өрісті дамытатын үстел спорт ойыны. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз сарбаз. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарына шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Шахматты ойыншылар тобы да, бір-біріне немесе бір ойыншыға қарсы ойнай алады; мұндай ойындар әдетте кеңес беру деп аталады. Сондай-ақ, бір мықты ойыншы бірнеше қарсыластармен (әрқайсысы бөлек тақтада) ойнайтын бір уақытта ойын сеанстарының тәжірибесі бар. Ойын белгілі бір ережелерге бағынады; ресми турнирлерде ФИДЕ ережелері қолданылады, олар тек фигуралардың қозғалысын ғана емес, сонымен қатар төрешінің құқықтарын, ойыншылардың мінез-құлық ережелерін және т.б. реттейді. Стандартты емес ережелері, фигуралары, тақта өлшемдері бар шахматтың көптеген нұсқалары бар. Шахмат композициясының тиісті бөлімі-ертегі шахматы. Математика шахмат ойынының әртүрлі аспектілерін зерттейді (мысалы, классикалық «ходе барысы туралы есеп» және «сегіз патшайым туралы есеп»), соның ішінде компьютерлік модельдеу арқылы.

Шахмат ойынының көптеген түрлері бар. Ең танымал түрі швед шахматы. Швед шахматында төрт ойыншы ойнайды.Екі топқа, екі ойыншыдан бөлінеді. Топтағы ойыншылар қарсыласының фигурасын жеу арқылы бір-біріне фигура бере алады. Бірінші мат қойған ойыншы қарсыласына 3 жүріс береді, егер берілген жүрістің ішінде мат қоя алмаса, сол топ жеңіліске ұшырайды. Фигураны мат қою арқылы қоюға болмайды және қарсыластың 7 немесе 2 көлденеңіне пешкаларды қоюға болмайды. Пешка тақта соңына жеткенде ешқандай фигураға айнала алмайды.

1969 жылғы қазақ жазуының соңғы орыстандыру емле реформасына дейін қазақ тілінде дәстүрлі шатыраш (санскрит चतुरङ्ग → пракриттер: chatur anja — төрт бұрыш → арабша: шатрандж) делініп келді. Үнді аңыздары бойынша, билеуші Шерам шахматпен ең алғаш танысқан кезде, оның өзгешелігіне, әр түрлі әдемі комбинациялардың байлығына масаттанды. Ал осы ойынды ойлап шығарған дана оның қол астында екенін біліп, билеуші оған ерекше алғыс білдіргісі келді. Сонда әмірші үнді данышпанның кез келген бұйымтайын орындауға уәде береді. Ал дана оны бидай дәнімен таң қалдырады. Берілген шарт бойынша данышпанға шахмат тақтасының бірінші шаршысына бір, екінші шаршысына екі, ал келессі шаршыларға бұрынғыдан екі есе артық (1 + 22 + 23 + 24 + … + 263 = 264 – 1) бидай дақылдары берілуі тиіс еді және билеуші осы санның қанша екенін білмей, оны данаға лезде беруді бұйырды. Магараджи есептеушілері бұл санды түні бойы есептеп, таңертен ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге түсіндіреді. Себебі данышпан айтқан сан бүкіл Үндістанның бидай дәндер санына, тіпті бүкіл әлемнің бидай дәндері санына жетпейді екен.

Бұл сан — 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615. Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.

Шахматтың пайда болу тарихы туралы тағы да бір гипотеза бар. Осы гипотеза бойынша шахмат сиқырлы шаршылардан пайда болды. N Тәртібі бойынша құрастырылған сиқырлы квадрат 1 және n2 аралығындағы бүтін сандардан тұратын n х n квадратты кестеден құрастырылған. Берілген кесте ерекшелігі: әрбір жол/бағана сандар қосындысы шахмат тақтасының екі маңызды диагональ сандарының қосындысына тепе-тең келеді. Саны сегізге тең сиқырлы шаршы үшін әрбір жол/бағана/маңызды диагональ қосындысы 260-қа тең.

Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Ал кейбір деректер бойынша, шахмат біздің дәуірімізге дейін II-III ғасырда Мысыр, Ирак және Үндістанда пайда болған. Алайда, бұл ойыны туралы дәлелді нақты ақпарат болмағандықтан, көптеген тарихшылар шахматтың тарихын біздің дәуірімізден кейінгі 570 жылдан басталады деген тоқтамға келіп жүр. Шахмат туралы парсы дастандарында осы дәуірдің 600 жылдарында Үндістанда пайда болған деп жазылған. Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді.

Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц мен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник ілінді. Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары даусыз. Археологиялық жәдігерлерге қарап біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия, Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойнағаны білеміз.

Кейіннен бұл ойын әскери сипатқа ие болған. Әскери шендегі ойыншылар ұтысқа адам қанын садақа еткен. Мысалы, Ежелгі Мысырда (б.з.д. 1270 жылы) «тау» ойыны, Грекияда (б.з.д. V) «петтеия», ал Римде (б.з.д. I-II) «латрункули» деген құмарлық ойыны болған.

Тарихшылардың дін көпшілігі шахматтың ережесі Үндістанда шыққан дегенмен келіскенімен, кейбірі оның тарихын Қытай мен Месопотамиямен байланыстырып жүр. Арабтардың Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жете игеруіне жол ашты. Алайда, арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп атады. VIII-IX ғасырларда Араб халифатында «шатрандж» кеңінен таралды. Алайда, ислам тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермей үшін сәулетшілер шахмат фигураларын белгісіз бейнелермен алмастырды. Бұл фигуралар қарапайым халықтың қалтасына ауыр тимеді.

Батыс Еуропада шахмат XI ғасырдан басталады делінгенмен ол бұдан екі ғасыр бұрын белгілі болды. XI-XII ғасырларда феодалдар арасында танылды. Ақшалай ұтысты Батыс Еуропа шарықтатып жіберген. Рим католик шіркеуі ойынға қанша тыйым салғанымен, еш нәтиже бермеді. Кейіннен 1400 жылы тыйым мүлдем алынып тасталды. Кастилия мен Леонның королі Альфонс X Данагөй бұйрығымен Испанияда 1283 жылы «Ойын кітабы» атты 1 томдық қолжазба жарық көрді. Онда шахматтың 103 тапсырмасы көресетілген. Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар», — деген екен.

1947 жылы Испанияда Францеска Висентаның «1495 100 тапсырма» және Луиса Рамиреса Лусенының «Шахмат өнерінің құпиялары» атты кітаптары алғаш рет баспаханадан шығарылды. Тіпті, XVI ғасырда Еуропада Марк Иероним «Шахматтың түрлері» атты дастан жазып қалдырған.

1575 жылы Мадридте король Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал шығарылды. Кейіннен 1837 жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы Германияда осы тектес журнал жарыққа шықты.

1851 жылы Лондонда тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші халықаралық турнирді де бағындырған. 1867 жылы Парижде өткен үшін додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанды.

Қазір қоғамға интеллектуал адамдар көбірек қажет. Ал шахмат — адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Шахмат сөзін тура аударғанда «патша өлді» дегенді білдіреді. Жалпы бұл ойынның шығу тарихы тереңде жатыр, ол туралы түрлі аңыздар да бар. Ғалымдар шахмат б.з.д. 2-3 мыңжылдықта пайда болды деген болжам айтады.

Шахмат жайлы Үнді аңыздарының бірінде Джамхур патша дүние салғаннан кейін оның екі баласының арасында таққа отыру жөнінде үлкен талас туады. Көп кешікпей патшаның балалары Гав пен Талханд әскер жинап, соғыс ашады. Бұл соғыста Талханд жағы жеңіліске ұшырайды. Оның өзі піл үстінде кенеттен қайтыс болады.

Соғыс аяқталған соң анасы кіші ұлының қайғылы қазасына ашынып, Гавқа «бауырыңды өлімге қалай қидың» деп аналық айып тағады. Гав анасын жұбату үшін және қиян-кескі соғыста ағасына ешкімнің де қару көтермегенін, оның жарақатсыз өлгенін көрсету мақсатымен ел ішіндегі дана-ақылгөй адамдардың бәрін патша сарайына жинайды. Солардың ішінен бір айбынды да дана адам майдан алаңын бейнелейтін тақта жасайды. Оны өзара тең шаршыларға бөліп, тақтаның екі жақ бетіне қару-жарақтары бар әр түсті әскерді бейнелейтін фигураларды тігеді. Осыдан кейін ол фигураларды кезек-кезекпен жүргізіп, қиян-кескі соғыстың барысында қолбасшылардың өмірін сақтай отырып, қырғынға ұшыраған әскерлерді бейнелеп береді. Тағдыр жаршысы тураның (шахмат тасы) жазуы бойынша Талханд дүние салған, яғни шах мат болған. 

Шахмат ойыны туралы алғашқы деректер парсы поэмасында да кездеседі. 570 жылға дейін бұл ойын туралы өзге мәлімет болмағандықтан, тарихшылардың көбі шахмат осы уақытта пайда болған деп есептейді. Шахматтың ең көне нұсқасы – үнділердің чатуранга ойыны. Оның тастары қазіргіден қарағанда өзгеше болған. Ал бүгінгі таңда қолданылып жүрген шахмат тастары XV ғасырдың аяғында пайда болды.

Үнді халқы бұл ойынды VI ғасырда парсы патшасына сыйға тартады. Кейінірек, Араб елінде де тарала бастайды. Олар ойынды шатранж деп атаған.

Уақыт өте бұл ойын дамып, қазіргі шахмат ойыны қалыптасты. ХІХ ғасырдың ортасында халықаралық жарыстар жүйесі пайда болды. Алдымен түрлі қалалар мен елдердің ең мықты шахматшылары арасындағы матчтар түрінде өтсе, кейіннен Халықаралық турнирлер түрінде өте бастады. 1886 жылы Вильгельм Штайниц матчта Иоганн Цукертортты жеңіп, шахматтан алғашқы әлем чемпионы атанды.

Ал 1924 жылы Парижде Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) құрылды. Қазіргі таңда 189 ұлт өкілдері шахмат федерациясының мүшелігінде бар. Рейтингтік тізіміндегі шахматшылардың саны 300 мыңнан асады. Бірқатар елдерде шахмат мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілген.

1966 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен 20 шілде бүкіл әлемде Халықаралық шахмат күні болып белгіленді. Себебі дәл осы күні шахмат федерациясы құрылып, жұмысын бастаған.

Албанияның Тирана қаласында өткен әлемдік доданың ашылуында ел президенті Байрам Бегай сөз сөйлеп, ФИДЕ Президенті Александр Дворкович алғашқы жүрісті өзі жасады.

Қалай десек те, Дуррестте (Албания) рапидтен өткен әлем чемпионатын жас қазақстандықтар жақсы нәтижемен аяқтады. Әлиша Бисалиева Қазақстан құрамасының қанжығасына алтын медаль салды. 2017 жылы туған Алиша 2016 жылға дейін қыздар тобында соңғы 4 раундта төрт жеңіске жетті. 2012 жылға дейін қыздар тобында үшінші орынды Ханзада Аманжол мен Далия Диасқызы бөлісті.

Қосымша көрсеткіштер бойынша Ханзада қола жүлдені еншіледі, Далия төртінші болды. Жансая Шолпанбек соңғы үш раундқа дейін бірінші орында тұрақтаса, бірақ соңғы раундта жолы болмады.

Ұлдар арасында 8 жасқа дейінгі ұлдар тобында Нұрислам Сұлтанхан үшінші орын иеленді.

Ал рапидтен Нұрәлі Нұршин 2016 жылға дейінгі ұлдардың кіші тобында американдық Li, Aiden Linyuan-мен бірінші орынды бөлісті. Жеке кездесу нәтижесі бойынша күміс жүлдені жеңіп алды.

Әлімжан Жауынбай мүмкін болған 11 ұпайдан 8,5 ұпайдан алып, қола медаль (2014 ж.т. дейінгі ұлдар арасында), ал Әлиша Бисалиева (2016 ж.т. дейінгі қыздар) рапидтегі алтыннан кейін блицте екінші орын алды.

Төртінші орында — Жансая Шолпанбек, ал Ханзада Аманжол мен Әлима Өмірсерік үшінші орынды бөлісті, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша 4-ші және 7-орындарды иеленді.

Рапид пен блиц аяқталғаннан кейін қазақстандық команда Албанияда алты медаль еншіледі: бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль.

«Біздің жас шахматшылар жоғары деңгейде өткен сайыстарда жарқын жеңістерімен қуантып келеді. Рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатында алған алты медаль, оның ішінде бір алтын – ең алдымен, жаттықтырушылар құрамының, ата-аналардың және спортшылардың зор еңбегінің жемісі. Балалар Қазақстанның мақтанышы ғана емес, шахмат ойнауды енді бастаған жүздеген, мыңдаған құрбыларына тамаша үлгі», –  дейді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қазақстандағы шахматта, әсіресе, «әйелдер шахматында» айтарлықтай ілгерілеу бар.  Табысты шахматшы қыздар бар, олардың көпшілігі жоғары деңгейде, жас буын да мықты. «Ерлер» шахматы артта қалып тұр, бірақ үш-бес жыл ішінде жаңа жұлдыздар шығуы мүмкін. Мектептерде шахматты факультатив пән ретінде енгізудің маңызы зор. Бұл бастаманы Қазақстан Президенті қолдап отыр, алға қойылған көптеген жоспар орындалса, онда бұл көп жылдар бойы шахматтың дамуына негіз болады. Ал үлкен турнирлер қызығушылық тудырып қана қоймай, қайда ұмтылу керегін байқатады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin