Түркістан қаласы: Жас спортшылардың жарқын жеңісі қуанышқа бөледі

Елдің атын асқақтататын саланың бірі өнер болса, екіншісі – спорт. Бүгінде Түркістан қаласында жастайынан спортты өздеріне серік етіп, жарқын жеңісімен қуантып келе жатқан балаларымыз баршылық. Еліміздегі спорт алаңдарында жеңіс тұғырынан көрініп, әлемдік ареналарда да қаламыздың ғана емес, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген жасөспірімдер түркістандықтардың мақтанышына айналуда. Сондай жасөспірімдердің бірегейі – Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының оқушылары Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан бүгінде тағы бір жарқын жеңістерімен қуантып отыр.

Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Әсия Асылхан 8 жасынан бастап шахмат үйірмесіне қатысып келеді. Қазіргі таңда 16 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі атанған жас спортшы еліміздегі бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Сонымен қатар, Малдив аралдарында өткен Батыс Азия чемпионатында классикалық шахматтан ІІІ орын, блицтан ІІ орынды, Индонезия елінде өткен Азия чемпионатында шахматтың блиц түрінен ІІ орынды иеленген. 2023 жылы 14 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Қазақстан кубогының иегері, Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Азия чемпионатында командалық есепте 1-ші орын иегері атанса, 2024 жылы қыздар арасында Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда Бразилия елінде өтілетін Халықаралық жарысқа жолдама алып, әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Ал, 1-сынып оқушысы Нұрислам Сұлтанхан оқудың алғашқы күндерінен-ақ өзін ерекше тұлға ретінде көрсетіп келеді. Оқуға деген жауапкершілігі жоғары жас сабақта өте зейінді оқушылардың бірі. Бес жасынан бері шахман ойнап келе жатқан Нұрисламның да жетістіктері аз емес. 6 жасында-ақ шахматтан І орынға қол жеткізді! Бапкері Қуанышбек Жұмадуллаевтың еңбегінің нәтижесінде 2023 жылғы маусым айында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Өзбекстан Республикасы), 2023 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Ұлттық құрамасының құрамында (Біріккен Араб Әмірліктері) Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы сәуір айында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Албания Республикасы) атанып үлгерді. Енді, міне, спорт шеберіне кандидат дәрежесін растап отыр.

Мықты қос спортшыны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады. «Сіздерге облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының және өз атымнан алғысымды білдіремін. Бұдан да биік белестерді бағындырып, Азияның, әлемнің чемпионы бола беріңіздер! Білім мен спортты ұштастырып, бос уақыттарыңызды тиімді пайдалана отырып, шахматтан бірнеше рет чемпион болдыңыздар. Сіздер сияқты жалындаған жастар — өз замандастарына үлгі», – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Жас спортшылармен сұхбаттасқан Бейсенбай Дәулетұлы олардың жоспарларымен танысып, спорттағы жеңісті жолдары жалғасып, киелі өңірдің абыройын аспандата берулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы бастаған ұстаздар қауымына, бапкерлеріне алғысын жеткізді.

Айта кету керек, қазір қоғамға интеллектуал адамдар көбірек қажет. Ал шахмат — адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Шахмат сөзін тура аударғанда «патша өлді» дегенді білдіреді. Жалпы бұл ойынның шығу тарихы тереңде жатыр, ол туралы түрлі аңыздар да бар. Ғалымдар шахмат б.з.д. 2-3 мыңжылдықта пайда болды деген болжам айтады.

Шахмат жайлы Үнді аңыздарының бірінде Джамхур патша дүние салғаннан кейін оның екі баласының арасында таққа отыру жөнінде үлкен талас туады. Көп кешікпей патшаның балалары Гав пен Талханд әскер жинап, соғыс ашады. Бұл соғыста Талханд жағы жеңіліске ұшырайды. Оның өзі піл үстінде кенеттен қайтыс болады.

Соғыс аяқталған соң анасы кіші ұлының қайғылы қазасына ашынып, Гавқа «бауырыңды өлімге қалай қидың» деп аналық айып тағады. Гав анасын жұбату үшін және қиян-кескі соғыста ағасына ешкімнің де қару көтермегенін, оның жарақатсыз өлгенін көрсету мақсатымен ел ішіндегі дана-ақылгөй адамдардың бәрін патша сарайына жинайды. Солардың ішінен бір айбынды да дана адам майдан алаңын бейнелейтін тақта жасайды. Оны өзара тең шаршыларға бөліп, тақтаның екі жақ бетіне қару-жарақтары бар әр түсті әскерді бейнелейтін фигураларды тігеді. Осыдан кейін ол фигураларды кезек-кезекпен жүргізіп, қиян-кескі соғыстың барысында қолбасшылардың өмірін сақтай отырып, қырғынға ұшыраған әскерлерді бейнелеп береді. Тағдыр жаршысы тураның (шахмат тасы) жазуы бойынша Талханд дүние салған, яғни шах мат болған. 

Шахмат ойыны туралы алғашқы деректер парсы поэмасында да кездеседі. 570 жылға дейін бұл ойын туралы өзге мәлімет болмағандықтан, тарихшылардың көбі шахмат осы уақытта пайда болған деп есептейді. Шахматтың ең көне нұсқасы – үнділердің чатуранга ойыны. Оның тастары қазіргіден қарағанда өзгеше болған. Ал бүгінгі таңда қолданылып жүрген шахмат тастары XV ғасырдың аяғында пайда болды.

Үнді халқы бұл ойынды VI ғасырда парсы патшасына сыйға тартады. Кейінірек, Араб елінде де тарала бастайды. Олар ойынды шатранж деп атаған.

Уақыт өте бұл ойын дамып, қазіргі шахмат ойыны қалыптасты. ХІХ ғасырдың ортасында халықаралық жарыстар жүйесі пайда болды. Алдымен түрлі қалалар мен елдердің ең мықты шахматшылары арасындағы матчтар түрінде өтсе, кейіннен Халықаралық турнирлер түрінде өте бастады. 1886 жылы Вильгельм Штайниц матчта Иоганн Цукертортты жеңіп, шахматтан алғашқы әлем чемпионы атанды.

Ал 1924 жылы Парижде Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) құрылды. Қазіргі таңда 189 ұлт өкілдері шахмат федерациясының мүшелігінде бар. Рейтингтік тізіміндегі шахматшылардың саны 300 мыңнан асады. Бірқатар елдерде шахмат мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілген.

1966 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен 20 шілде бүкіл әлемде Халықаралық шахмат күні болып белгіленді. Себебі дәл осы күні шахмат федерациясы құрылып, жұмысын бастаған.

Шахмат ойыны – бұл ерте заманнан келе жатқан көп ғасырлық тарихы бар интелектуалдық ойын түрі. Қазіргі таңда көпке танымал үстел ойыны түрлерінің бірі саналады. Бұл керемет шахмат ойының — ғылым, спорт, өнер түрлеріне жатқызуға болады. Шахмат ойыны бізді өмірде үлкен мынадай тәрбиелік жолдарға үйретеді: тұлға болуға, логикалық ойлауға, алға қойған мақсатымыздың орындалуына, жасап жатқан ісімізді терең жоспарлауға, сонымен қатар шыдамдылық пен зейін қоюды дамытуға үйретеді. Шахмат ойының ойнау барысында адами тұлғаның көптеген ерекшеліктері ашыла бастайды, сондықтанда бұл саланы педагогика мен психология ғылымының моделін зерттеу барысында да қолданып жатады.
Бұл ойын түрінің әр елде өзінің атаулары бар: Англияда – чесс (chess), Испанияда – ахедрес (el axedres), Германияда – шах (Schach), Францияда – эшек (echecs). Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен алғанда «шах мат» – патша өлді деген мағына береді.
XV-VXI ғасырларда шахмат теорияларының пайда болуымен байланысты, шахмат ережелері қарқынды дами бастады. 1561 жылы Руи Лопес толық шахмат курсы кітабын алғаш болып дүниеге әкелді. Сол уақытта қарастырылған партия этаптары, Міне қазіргі таңда да қолданып жүрген партия этаптары мыналар — дебют, миттельшпиль және эндшпиль.
Сонымен қатар осы Руи Лопес шахматта кейбір материалдарды жегізу арқылы басымдыққа жету жолында дебюттің бір ерекше түрі «гамбит» атауын жазып шыққан. Сонымен қатар шахмат теориясының дамуына үлкен үлес қосқан ойыншы ғалымның бірі Филлидор болатын.

Шахмат ойнау өнеріне арналған алғашқы трактат IX ғасырдың өзінде-ақ арабтарда дүниеге келген. Ал “Шахмат беттері” атты алғашқы басылым 1562 жылы жарық көрген. 1561 жылы испаниялық шахматшы — алғашқы теориялық мәні зор еңбек жазып шығады.

Атақты шахматшылар арасыңдағы сайыс 1575 жылдан бастап, күні бүгінге дейін жалғасуда. Алғашқы айқасқа шыққан ойыншылар — итальяндық Джованни Леонардо да Кутри мен испандық Рун Лапес арасында өтеді, де Джованни Кутри — жеңіс тұғырына көтерілді.

Алғашқы Әлемдік біріншілік 1886 жылы өтіп, шахмат ойынынан алғашқы Әлем чемпионы атанған — Урага қаласының өкілі Вильгельм Стейниц болды. Шахмат спортынан өткен ең үлкен дода 1894 жылы В.Стейниц пен неміс Эмануил Ласкер арасында өтеді де жеңіске Э.Ласкер жетеді.

Шахмат федерациясы (ФИДЕ) 1924 жылы ұйымдастырылды, қазір оның 131 мүшесі бар.

Әлемге атағы кең тараған 5 шахматшы бар, олар Б.Ларсен, Б.Спасский, Р.Фишер, А.Карпов және Г.Каспаров. Ендігі жерде жаңа үлгі бойынша әлем чемпионаты әр жыл сайын өтеді.

Аймақтық турнир, үміткерлер матчы, шахмат тәжін сарапқа салатын ақтық жарыс жүйе үлгісі ескірді деп тапты. Оның орнына олимпиадалық тәсіл бойынша бір дода өтеді. Жыл сайын чемпионат жарысы бір мезгілде, желтоқсанның 22 жұлдызынан бастап, қаңтар айының 11-іне дейін жүргізіледі. 1996-1997 жылдың 22 желтоқсанынан 11 қаңтарына дейін өтетін бәсекесі әлемнің ең тандаулы 100 шахматшысы қатысады. Жарыстың әр кезеңінде жеңімпаз екі партиада анықталады. Әр партияға 40 жүріс жасау үшін 2 сағат уақыт беріледі. Ойын аяғына дейін тағы бір сағат қосылады. Егер кездесу тең аякталған жағдайда жылдам шахмат (тайбрейк) ойналады. Осы арада ескеретін тағы бір жәй соңғы ақтық матчта чемпионды анықтайтын кездесуге қосымша төрт партия ойнауға рұқсат етіледі.

Чемпионаттың бірінші кезеңінде 68 шахматшы шаршы тақтадағы (68) жарысты бастап, 34 жеңімпаз анықталады. Жеңілген шахматшылар чемпионатқа бөлінген сый-сияпат қорынан әрқайсысы 6 мың доллардан ғана алады.

Екінші кезенде бірінші айналымнан озып шыққан 34 шахматшыға енді 28 (оның 20-сы — талантты жас гроссмейстр.  Олардың рейтинг-парақшадағы көрсеткіші 1996 жылдың бірінші- ілдесінде 2600-дан жоғары болуы тиіс) келіп қосылады. Осы сында жеңілген 31 шахматшы 12 мың доллардан артыққа қол соза алмайды. Ең тартысты өтетін ойын — осы 31 жеңімпазға Карпов пен Комский, арасындағы матчта ұтылған шахматшы келіп қосылады. Бұл кезеңде жарыс жеті айналымға жүреді. Сый-сияпат қоры әр айналым келген сайын жеңілгендерге геометриялық есеппен өсіп отырады. ПША чемпионы, Каспаров пен Карпов, Камский арасында жеңіске жеткен шахматшы, жетінші айналымда бірінші және екінші орын алған гроссмейстрлермен жартылай финалдың екі жұбын құрайды, жартылай финалда ұтылғандар 388 мың доллар, ал финалда жеңілген шахматшы 742 мың доллар, чемпион 1 миллион 370 мың долларды нәсіп етеді. Чемпионатқа бөлінген қор 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жаңа жүйенің бекуіне Қазақстаннан гроссмейстр Болат Асанов мырза қатысып қайтты. ФИДЕ-нің Президент Кеңесінің мәжілісі Сингапурде өтті. Оған әлем чемпиондары шақырылды. Болат Асанов — қазір ФИДЕ-нің жаңа президенті, Қирсан Илюмжиновтың көмекшісі әрі ФИДЕ Орталық комитетінің мүшесі.

ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) жарысты 1927 жылдан бері өткізіп келеді. Жеңімпаз команда ағылшынның белгілі шахмат қайраткері Гамельтон-Рассел тағайындатқан ФИДЕ-нің алтын Кубогын алады. Бұл — ауыспалы жүлде. Ешбір командаға мәңгіге қалдырылмайды. Жеңімпаз комаңданың мүшелері алтын, ал жүлдегерлер күміс, қола медаль тағады. Бұл жарысқа Х.Р.Капабланкадан бастап, әлем чемпиондарының бәрі де қатысып келеді. Бұрынғы КСРО командасы 1952 жылдан бері осы жарысқа қатысуда. Бұған қырық жыл өткен соң Қазақстан құрамасы да қатысады.

Ал Қазақстанда шахмат шамамен XI XII ғасырларда пайда болған. Бұған археолог И. Копылов Алматы маңындағы Талғар қалашығын қазған кезде табылған піл сүйектерінен жасалған шахмат фигураларының табылуы куә бола алады. Бұдан басқа мұрағат құжаттары қолымызда жоқ. Тек XIX ғасырдың аяғында бір телеграфта, Верный — Пішкек, Верный (Алматы) — Омбы шахматшыларының арасында ойын өткендігі туралы айтылған. Осыған қарағанда, XIX ғасырда Қазақстанның кейбір қалаларында жергілікті мәні ғана бар шахмат ойындары өтіп тұрғанға ұқсайды. XX ғасырдың басында, әсіресе, сол кездегі күшті шахматшылардың қатысуымен Мәскеуде халықаралық турнирдің өтуіне байланысты шахмат ойыны Қазақстанда да күшті қарқынмен дами бастады. Шахматшылардың алғашқы ресми жарысы 1933 жылы өтті. Осы жылы Бүкілқазақстандық спартакиаданың бағдарламасына шахматтан жарыс еніп, оның бірінші чемпионы атағын белгілі мемлекет қайраткері Г. Меңдешев жеңіп алды. Келесі 1934 жылы ресми республиканың чемпионаты өтті. Ұлы Отан соғысына дейін ерлер және әйелдер арасындағы чемпионаттар 6 рет өтіп үлгерді.1946 жылы Алматыда Н. Дроздев, А. Нагорный және А. Гескин басқарған шахмат секциясы ашылып, кейін ол шахмат бірлестігіне айналды. Апғашқы бірлестікті шахматтың өркендеуіне үлкен үлес қосқан академик С. Бейсембаев басқарды.

Республиканың VII чемионаты 1947 жылы өтті. Осы жылдары чемпион атағын қостанайлық спорт шебері А. Уфимцев бірнеше рет жеңіп алды. Республикада Е. Браун, К. Коханов, А. Реут, И. Голяк, Е. Бенкович, В. Муратов, А. Носков, К. Сиверцов сияқты талантты шахматшылар пайда болды. Украинадан спорт шебері Б. Каталымовтың Алматыға көшіп келуі олардың қатарын нығайта түсті. 1960 жылы республиканың бір топ шахматшылары В. Винкель, Г.Мовшович, В. Муратов, А. Носков, В. Середенко, А. Синявский, Константиновтар Орта Азия республикалары Қазақстан әйелдерінің арасынан А. Мүсілімова бірінші болып КСРО нормасын орындады. Келесі жылдары олардың қатарына М. Мухин, Б. Анетбаев, О. Дзюбан, Е. Владимировтар, оларға іле-шала С. Темірбаев, А. Ибрагимов, Р. Ержанов, П. Коцур, В. Ткачевтар қосылды. Республиканың әйелдері де еркектерден қалысқан жоқ. Т. Коган (кейін Клинк), Л.Тәжиева, Г. және Э. Сахатовалар көзге түсті. Мысалы, Гүлнәр Сахатова 3 рет республиканың чемпионы атанып, КСРО чемпионатының финалында 7-ші орынға ие болды. Міне, осындай күшпен Қазақстанның шахматшылары КСРО халықтарының спартакиадаларында, чемпионаттарында, халықаралық жарыстарда көзге түсе бастады. 1987 жылы Алматыда әйелдер арасындағы КСРО чемпионаты өтті. Осы жолы республиканың әйел шахматшылары тамаша табысқа жетті. Осы жарыста Ф. Ус-Кова — 2-ші, И. Левитина — үшінші, Т. Коган — төртінші, Э. Сахатова қырғызстандық халықаралық гросмейстер С. Матвеевамен 5- 6-орындарды бөлісті. Ал 1989 жылы  жазда Алматыда халықаралық турнир өтті. Осында жеңіске жеткен В. Владимиров жеңіске жетіп, халықаралық гроссмейстер атанды.

1991 жылы КСРО халықтарының X спартакиадасының бағдарламасы бойынша шахматшылар турнир Азов (РФ) қаласында өтті. Кұрамында Г. Сахатова, Э. Сахатова, Л. Тәжиевалар бар. Қазақстанның әйелдер құрамасы осы жолы командалық есепте жеңіске жеткен Украина құрама командасынан небәрі 0,5 ұпайға ғана ұтылып, үлкен күміс медальға ие болды. Бірақ осы жарыстан кейін алып империя КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты да, Қазақстан Республикасы жеке тәуелсіз даму жолына түсті. Бұдан кейінгі жылдары респ. шахматшылары Бүкілдүниежүзілік олимпиадаларға жеке команда болып қатыса бастады. Осы сынға қатысқан республиканың әйелдер командасы әлемдегі ең мықтылардың бірі екендіктерін танытты. Бірақ апалы-сіңілілі Сахатовалардың шетелге көшіп кетуі мен өте талантты Л. Тәжиеваның мезгілсіз ажалы республикадағы әйелдер шахматын біраз әлсіретіп кетті. 1990 жылдардың ортасында жаңа толқын пайда болды. Б. Асанов, В. Ткачев, Р. Иржанов, П. Коцур (Астана), С. Темірбаев (Көкшетау), М. Кажығалиев (Орал) шахматтың беделін биікке көтерді. Астаналық Д. Садуақасов 1999 жылы 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем Біріншілігінің жеңімпазы атанды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin