Түркістан – Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы: Базарлар ретке келтіріліп, 80 субұрқақ жұмыс істеп, электр қондырғылары жаңғыртылып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасалып жатыр

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков базарларды жаңғырту мәселесі бойынша Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Түлкібас, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарда және Түркістан қаласының базарларында болды.

Сауда орындарын аралау кезінде Айдар Ахметбекұлы базарлар қызметін ұйымдастыру ережелерінің сақталуына (өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалардың сақталуы, қоғамдық тәртіп, QR коды бар базар паспортының болуы), аумақтарды күтіп ұстауға, сауда алаңдарын жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ комитет төрағасы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда арнайы техниканың базар аумағына жылдам әрі еркін өтуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, барлық базарлар мен сауда орындарын тиісті эстетикалық түрге келтіру қажет, ал сауда өркениетті болуы тиіс.

Базарларды аралағаннан кейін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және базар иелерімен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста облыстық басқармалар мен департамент өкілдері базарларды жаңғырту, базарларда санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ базарларда электрондық кассалық аппараттарды пайдалану бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Комитет төрағасы тиісті басқармаларды базарлардың құрылыс жұмыстарын құрылыс ережелеріне сәйкес бақылауға шақырды. Базар иелеріне сауда павильондарын (ет, сүт, бакалея) ретке келтіру қажеттігі туралы ескертті.

Айдар Ахметбекұлы базарларды және сауда нысандарын өрт қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелерді, жер заңнамасын, қала құрылысы нормаларын және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да талаптарды сақтау, тексеру бойынша мемлекеттік мекемелер өкілдерінен жұмыс тобын құруды тапсырды. Сонымен бірге кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталған мемлекеттік қолдаулар туралы баяндады.

Кездесуді қорытындылай келе, Айдар Ахметбекұлы базарларды жаңғыртудың жол картасына сәйкес жұмыстарды жалғастыру, базарларда базар әкімшілігімен және кәсіпкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Естеріңізде болса, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев былтыр жыл аяғында баспасөз конференциясын өткізіп, елдегі базарларды жаңғырту туралы айтып берген-тін. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда 2024 жылы 24 базарды жаңғырту жоспарланған. Былтыр 16 сауда алаңын қайта құру жұмыстары аяқталыпты. Ал 35 базар 2025 жылғы жоспарға енгізілді.

«Жаңғырту қажеттілігі бизнеспен бірге анықталды. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 262 мамандандырылған, 460 әмбебап объекті жұмыс істейді. 2023 жылға республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада, облыстарда жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 16-ға жуық базарда жаңғырту жұмыстары белсенді аяқталды», — деді Арман Шаққалиев.

Сауда және интеграция министрі соңғы жылдардағы пандемия және геосаяси жағдайдың іскерлік белсенділік үшін ерекше қиын болғанын, сондықтанда, жаңғырту мерзімі екі рет кейінге ауыстырылғанын атап өтті.

«Қазір біз ағымдағы жағдай мен базар субъектілерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, жол картасын әзірледік. Жол картасы бұл қандай да бір догма немесе қатып қалған құжат емес, ол тірі құжат екенін атап өткім келеді, біз оны бизнес мүмкіндіктері мен уақыт бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып түзететін боламыз. Бірде ауыстырудың объективті себептері бар болса, енді бірде инвестиция көздерін анықтау қажет», — деді Арман Шаққалиев.

Министр Министрліктің кәсіп иелерімен, базарлармен, жергілікті атқарушы органдардың әкімшілігімен өзара тұрақты іс-қимылда екенін атап өтті.

«Бізге базар регламенттерінің болмауы, жалға алу ақысының артуы, қосымша қызметтер белгілеу бойынша көптеген шағымдар келіп түсуде. Мәселелердің бір бөлігі заңнамалық деңгейде шешілді, яғни сауданы ұйымдастыру үшін меншік иелерінің дербес жауапкершілігі енгізілді, базарларға қойылатын талаптар белгіленді және қазір біз базарларды цифрландыруды жүргізіп жатырмыз», — деп атап өтті министр.

Сонымен қатар Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаевтың төрағалығымен қала әкімдігіне түскен хаттардың қаралуы бойынша дербес бөлімдер мен коммуналдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті.

Мәжілісте қала әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Мадина Байғұт 4 айдың қорытындысына сәйкес «E-otinish» ақпараттық жүйесіндегі жолданымдардың орындалу барысын баяндады.

Ал, Заң бөлімінің басшысы Сабыржан Садуақас Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына тоқталып, арыз-шағымдардың орындалу заңдылықтарын кеңінен түсіндіріп, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мәжіліс төрағасы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңға сәйкес мерзімінде сапалы қарау әрбір мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеті екендігін және «E-otinish» ақпараттық жүйесіндегі жолданымдардың орындалуы жоғары тұрған органдардың қатаң бақылауда екендігін баса айтты.

Бұдан бөлек Түркістан қаласының 90 пайызға жуық аумағына шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жасалып үлгерді. Дезинсекциялау жұмыстары күнделікті таңғы сағат 6-дан бастап саябақтар мен көше бойларында және шаһардың көгалды демалыс аумақтарында жүргізілуде.

Дәрілеу жұмыстарына барлығы 15 техника, 20-ға жуық маман жұмылдырылған. Онда шіркейге қарсы «Кардинал» дәрісі қолданылды.

Сонымен бірге қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Мәжілісте қала аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың, суицидтің алдын алу шаралары туралы Абдрахман Тоқбергенов баяндаса, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстінен жинақталған іс құжаттар бойынша Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ бастығы М. Жұмабеков жеткізді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жасады.

Өз кезегінде комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Мұнан өзге тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуын, заңды құқықтарын түсіндіру мақсатында Халықтық кеңседе кезекті «Қызмет алушылар күні» өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты. Жиында қызмет алушы тұрғындарға медициналық көмек, емханаға тіркелу т.б салалар бойынша қызмет көрсетушілер тарапынан кеңес берілді.

Түркістан қаласының лайықты дамуы үшін осы тұрғыда атап өтер тағы бір мәселе, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізі туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жылдың мамыр айына дейінгі жасалған ішкі талдау нәтижесін ұсынып отырмыз. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеммесі басшысының 2024 жылғы 18 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №84н/қ бұйрығына сәйкес құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы: Бөлім басшысы О.Булегенов, бөлімнің бас маман заңгері Е.Үсіпбек, мемлекеттік сатып алу және активтер секторының сектор меңгерушісі Н.Тұрғанбайдың қатысуыменен бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізді.

Қағидаларының 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №2357 қаулысымен бекітілген бөлім Ережесіне сәйкес қызмет атқаруда.

Бөлімнің штаттық құрылымы бойынша 20 қызметкер бірлігі, оның ішінде 13 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі, 7 келісім шарт негізіндегі қызметшілер.

13 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі ішінде: 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 4 сектор меңгерушісі, 5 бас маман, 1 бас маман есепші, 1 бас маман заңгер бірліктерінен құралған. Нақты жұмыс атқарып жатқаны 12 қызметкер, бос орын – 1 бірлік.

Келісім шарт негізіндегі қызметшілердің барлығы 4,5 нақты жұмыс атқаруда, бос орын-2,5 бірлік.

Бөлімнің іс номенклатурасына сәйкес 2 сала бойынша бұйрықтарды тіркеу көзделген:

— жеке құрам бойынша бұйрықтар (индекс 12-01-05);

— негізгі қызмет бойынша бұйрықтар (индекс 12-01-03).

Бөлімнің жеке құрамы бойынша 18 сәуір 2024 жылы бұйрықтарын тіркеу кітабы 112 бұйрықтан тұрады: жеке құрам бойынша бұйрықтар-28 және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар-84.

Бөлім басшысының 2024 жылғы 18 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №84 н/қ бұйрығымен мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2024 жылдыңы 18 наурыз бен 2024 жылдың 1 мамыр аралығында бекітілді.

Мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қызметкерлердің басшысымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, қызметкерлер орнықты жұмыс істеуде.

Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың бірігуіне жол берілмеген.

2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде теріс қылықты фактілер көрсетілмеген.

Мекемеде мүделер қақтығысы фактілері көрсетілмеген.

Мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ.

Мекемеде бақылау – қадағалау функцияларын іске асыру бойынша:

— Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.

— Есепті кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестігі анықталған жоқ.

— Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексеруден өткен, сотталғандар жоқ және айыппұл салынбаған.

— Бөлімде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер заң талаптарына сай мерзімінде қаралып, орындалуда.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдыр анықтауға мониторинг жүргізіліп, зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Бөлімнің істер номенклатурасы бойынша 2022 жылы бекітілген. Сондай-ақ, 2023-2024 жылы Бөлім басшысымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. 2023-2024 жылы 7 азамат жеке қабылдауда болған, 2024 жылы азаматтарға жазбаша жауап хаттар жолданған. Келушілерді тіркеу карточкаларында өтініш иесінің ауызша берілген жауапқа қанағаттанғандығы туралы мәлімет енгізілген.

2023-2024 жылы Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 62 өтініш келіп түскен. Оларға жазбаша жауаптар берілген.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.

Бұл ретте Бөлім басшысы Бөлімде ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының талаптарының орындалуына ерекше назар салып, жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмауға және қадағалауды күшейту қажеттілігі атап өтіледі.

Бөлімде 2023-2024 жылы өткізілген мәжілістің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде 7 жиналыс өткізіліп, хаттамалары толтырылған. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 мақала жарияланған.

Бөлім тарапынан 2023-2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің түрлеріне қатысты ақпарат:

2023-2024 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша заң бұзушылықтар туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.

Жоғарыда анықталғандарды қорыта келе ішкі талдау қорытындысымен Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыс тобы тарапынан төмендегілер ұсынылады:

— Бөлімнің бұйрықтары мен басқа іс қағаздарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын» басшылыққа ала отырып, сәйкестендіруді;

— Бөлім қызметкерлері арасында бөлім басшысының қатысуымен ҚР Еңбек кодексінің, ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және Қағидаларының қағидаттары бойынша құқықтық оқытуларды тереңдетіп оқып-үйренуді ұйымдастырып, өткізуді;

— Талдау анықтамасында көрсетілген барлық кемшіліктер мен заңсыздықтарды жойып, осы анықтаманы алған күннен 10 календарлық күн мерзімінде атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтында жариялауды және жарияланбаған жағдайда бөлім басшысы дербес жауаптылықта болатындығын ескертуді;

— Талдау анықтамасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына таныстыруды, кемшіліктерді жою шараларын атқаруды және болашақта болдырмауға ұсынуды.

Талдау жүргізу барысында іс қағаздарын рәсімдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Түркістан шаһарының туристік астанаға сай болуы мақсатында Түркістан қаласында үй жануарларын чиптеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаһарда жыл басынан бері 1200 үй жануары чиптелген.

Жауапты мекеме қызметкерлері 1310 жедел байланыс орталығына түскен өтініштер бойынша жедел әрекет етіп, иесіз жүрген, агрессивті мінез танытқан 627 ит-мысықты аулады. Одан бөлек, үй жануарларын қараусыз қалдырған 32 тұрғынға айыппұл салуға қалалық Полиция басқармасына ұсыныс жолданды.

Сондай-ақ облыс орталығында энзоотикалық аурулардың алдын-алу жұмыстары атқарылуда. Бүгінде Қалалық ветеринария қызметі мамандары шаһардағы 139 440 шаршы метр қоражайға, 22170 шаршы метрге созылған сыртқы қоражайға дезинсекция жүргізген. Сонымен бірге 30400 шаршы метр суат жер дезинсекциялаудан өткізілсе, 4489 ірі қара мал энзоотикалық ауруларға қарсы дәріленіп үлгерген.

Механикалық тазалаудан өтпеген қоражайлар залалсыздандырылмайды. Ірі қара малды бүрку, ұсақ малдарды тоғыту, қоражайларды залалсыздандыру (энзоотиялық аурулардың алдын алу) жұмыстары мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.

Қалалық ветеринария қызметіне жүгіну үшін 1310 байланыс сымтетігіне хабарласуға болады.

Айтпақшы, Түркістан шаһарында инвестициялық бағдарлама аясында 10,11,12 мамыр сағат 03-00 – 08-00 аралығында 110/35/10кВ «Түркістан» қосалқы станциясында 10кВ электр қондырғыларында жаңғырту жұмыстары жүргізуіне байланысты төменде көрсетілген аумақтарда жарықтың уақытша сөндіріледі:

10 мамыр күні — І, ІІ мөлтек ауданы, Тыныштықұлов, Ерубаев, Сатпаев, Төреқұлов, Қарадауов, Тәуке хан даңғылы;

11 мамыр күні — Абылай хан, Төлеби, Ыбыраев, Кенесары, Ондасынов, Ерубаев, Айманов, Тәуке хан, «Қуаныш» базары аумағы;

12 мамыр күні — Яссы секторы, Ботаникалық бақ аумағы, Телемұнара аумағы, Қазыбек көшесінен Арыс-Түркістан каналына дейін.

Сөз соңында… Облыс орталығында субұрқақтар маусымы ашылды. Бүгінде 80 субұрқақ шаһардағы Гүлдер саябағы, Рәміздер алаңы, Түркі бағы мен желелік саябақта, сондай-ақ, Әкімшілік- іскерлік орталық, мәдени-рухани орталық, аумақтарында таңғы 10:00-ден кешкі 00:00-ге дейін жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, субұрқақтар аптасына екі рет тазаланып, тексерістен өткізіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin