Созақ ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер аудан орталығындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп құрылысымен танысты.
Білім ордасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен жүзеге асуда. Жаңа мектепте робототехника, зертхана және хореография үйірмелеріне арналған кабинеттер қарастырылған. Сондай-ақ, оқу кабинеттері заманауи интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталмақ. Мектепте арнайы бастауыш сыныптар, орта және жоғары буын оқушылары үшін жеке блоктар жасақталады. Білім ордасы биыл пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.
Баспасөз туры аудан орталығында салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінде жалғасты. Спорт кешені заманауи талаптарға сай, онда облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы. Екі қабатты ғимаратта футбол, волейбол, баскетбол, күрес және аралас жекпе-жекке арналған алаңдар бар.
Еске сала кетсек, өткен жылы Созақ ауданында бірнеше нысан ел игілігіне тапсырылған болатын. Оның ішінде 200 орындық Құрманғазы атындағы шағын жалпы орта мектебі мен 75 орындық мәдениет үйі бар. Одан бөлек, 1 000 орындық жаңа стадион мен түрлі балалар ойын алаңшалары ашылған болатын. Сонымен қатар, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен «Street workout» қолданысқа берілген.
Орайы келгенде, Созақ ауданының білім беру саласына қатысты ақпараттарды назарларыңызға ұсына кетейік. Жалпы, «солақай адамдар тумасынан дарынды келеді» дейді білетіндер. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін кез келген қиындыққа төзуге дайын. Солақайлардың ішінде қос қолымен жазатындары да бар. Зерттеушілердің мәліметіне сенсек, әлемде 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемді жұмыс істей алса, 10% тек солақай қолмен ғана жұмыс жасайды екен.
Дәлірек айтсақ, Созақ ауданындағы Ләнде Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектептегі 884 оқушының 72-сі сол қолымен жазатындығы анықталды. Яғни, оқушылардың 8,1% солақай деген сөз. Ең қызығы, бастауыш сыныпта білім алатын солақай 33 баланың 10-ы 4-сыныпта оқыса, жоғары сыныптағы 39 солақай баланың ішіндегі 10-ы 7-сыныпта оқиды екен. Яғни, 14 жастағы балалардың сол қолымен 10 бала жазатыны белгілі болды. Зерттей келе, 4-сыныптар 1-сыныпты онлайн оқыса, ал 7-сыныптардың көпшілігі 6 жасқа толмай, мектеп табалдырығын аттағандар екен.
Мектептегі солақай жандардың көбісі тез шешім қабылдай алатын, шығармашылыққа, өнерге, спортқа бейімділігі байқалды. Тіпті сол қолымен жазатын 3-сынып оқушысы Батма есімді қыз өзінің полиглот екенін байқататты. Ол қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.
Солақайлық оқушыларға оқу-іс әрекетіне ешқандай қиындық туғызбапты, бірі сабақты үздік оқыса, енді бірі сабақ үлгерімі төмен болғанымен, суретшілік т.б. қабілеті басым, спортқа икемді келеді екен.
Кеңес Одағы кезінде солақай балаларды міндетті түрде оң қолға үйретіпті. Ал қазіргі таңда солақайлық — негативті құбылыс емес, қалыпты жағдайға айналған. Дамыған мемлекеттерде солақай балаларға арнайы оқу құралдарын да шығарады. Тіпті біздің елімізде де 13 тамыз – Халықаралық солақайлар күні мерекесі ресми түрде аталып келеді.
Сонымен қатар жақсы кітапты сыйлыққа алу ерекше құрмет, өйткені, кітапты үлкен жүректі, кітапхана тағдырына бейқам қарамайтын адам сыйлайды. Созақ ауданының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасына 2004 жылғы түлектер алуан тақырыптағы балалар әдебиеті, шетел, бүгінгі заман әдебиеттерін құрайтын әртүрлі жанрдағы 100-ге тарта кітапты сыйға тартты. Сыйға берілген кітаптар оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.
Мұнан бөлек Созақ ауданының Асқар Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Білім беру ұйымдарындағы кәмелет жасына толмаған балаларды әлеуметтік қолдау және қорғау жолдары» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді. 2024-2025 жылдарға арналған облыстың жол картасына сәйкес Түркістан облысының 100 білім беру ұйымына мақсатты әдістемелік қолдау көрсету жұмыс жоспары бойынша өткізілген семинарға аудан мектептерінен әлеуметтік педагогтер қатысты.
Іс-шара барысында Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының әдіскері Гулжан Алимбекова ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында кері байланыс жасалып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Сондай-ақ Созақ ауданының Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия базасында қазақ елінің тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты іс-шаралар жоспары бойынша «Ғасыр ғұламасы – Қ.Сәтбаев» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Қ.Сәтбаевтың еңбектерін, ұлт үшін жасаған ұлы істерін, сан қырлы ғылымға қосқан үлесін білім алушыларға кеңінен насихаттай отырып, педагогтердің өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын көтеру мәселелерін шешу, тұлғаны дамытудағы ортақ мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында өткен шараға аудан мектептерінен педагогтер қатысты.
Семинар барысында сыныптан тыс жұмыстар және биология, алгебра, география, физика, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, әдебиеттік оқу пәндері бойынша ашық сабақтар жүргізілді.
Іс-шара соңында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, кері байланыс арқылы ұсыныстар қабылданды.
Сөз соңында «Жайлы мектеп» тақырыбын түйіндесек. Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.
Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.
Анықтама үшін нақтылай кетсек:
Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.
Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:
2023 жылы басталған 29 мектеп:
— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;
— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;
— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;
— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;
— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;
— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;
— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.
Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.
Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.
2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.
Тарқата айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;
Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;
Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;
Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;
Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.
2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.
Дәлірек айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;
Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;
Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;
Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;
Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;
Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.