Түркістан облысы: “Жайлы мектепке” қабылданатын алғашқы педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру курсы басталды

“Жайлы мектепке” қабылданатын педагогикалық құрамның алғашқы легі біліктілік арттыруды бастады. Олар — «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде алғашқы кезекте құрылыс нысанының жойылуына байланысты толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшірілетін 8 мектептегі 41 мектептің басшылық құрамы мен мұғалімдері. Ұстаздарға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлар өз бағыттары бойынша дәріс оқыды. Бұл бастама облыс әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының арнайы ұсынысымен басталып, өткен жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тілеп Болат Анапияұлы мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді.

Түркістан төрінде 6-7 маусым күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары келіп, тәжірибе алмасып, біліктілік арттыру курсын өткізді.

Курсқа Түркістан облысы бойынша білім беру ұйымдары мен мектептен 150-ден өкіл қатысты. Түркістан облысындағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог кадрларының біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыруды көздейтін бастамаға жыл соңына дейін 1000-ға жуық педагог біліктілігін арттырады деп күтілуде.

— “Жайлы мектеп” кадрларын осы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен дайындықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл 29 “Жайлы мектеп” іске қосылады. Бірінші кезекте Ұлттық жоба аясында алғашқы кезекте құрылыс нысанының жойылуына байланысты, толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшірілетін 8 мектептің басшылық құрамы мен мұғалімдері біліктілікті арттыру курсына қатысады. Ал, құрылысы 2025 жылы аяқталатын 34 мектептің педагогикалық құрамы кезең-кезеңімен іс-тәжірибеден өтеді , — деп панельдік сессияны қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы келген профессорлар құрамына алғысын білдірді.

Сессия барысында 16 тақырып бойынша талқыланды. Оның ішінде білім берудегі сапа менеджменті жүйесі (TQM IS), белсенді оқыту әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту, электронды цифрлық ортада орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарын пайдалану, «4К моделі» және дискурстық талдау, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаратылыстану пәндері бойынша метапәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру сынды бірқатар маңызды бағыттарда тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар өздерінің педагогикалық практикасына енгізе алатын жаңа білімді, нақты әдістер мен стратегияларды меңгеруге тамаша мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналып қана қоймай, Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға ықпал етті.

Меморандум аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерге қабылданатын педагогикалық қызметкерлер аталған университетте біліктілігін арттырады. Бұл мәселені шешу мақсатында жалпы 1904 білім қызметкері білімін жетілдіретін болады.

Осы мақсатта Түркістан облысының білім саласының қызметкерлері мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлар құрамы басқосты.

Курс барысында мектеп басшылары мен орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, гуманитарлық бағыттағы және жаратылыстану бағытындағы білім қызметкерлеріне арнайы 4 топ жұмыс жасап, профессорлар құрамы лекция оқыды.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2024 жылы — 29, 2025 жылы 34 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға жаңа қадам басты. Бұл бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен жүйелі жұмыс атқарылуда. Өткен жылдың соңында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin