Түркістан облысы: Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында 33 тонна қоқыс шығарылды

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» науқаны аясында тазалық жұмыстары «Түркістан-Шымкент» бағытындағы магистральді автомобиль жолының бойында жалғасын тапты.

Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов пен аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен «Жасыл Сауран» қызметкерлері және ауылдық округ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты. Онда жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштар суарылды. Ретсіз өскен шөптер алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды.

Ал кеше Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өз жалғасын тауып, тазалық жұмыстары Шорнақ ауылдық округінің Қосмезгіл елді мекеніндегі Жаңа мектеп көшесінің бойында ұйымдастырылды. Қызу тазалық жұмыстарына 142 азамат бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген 1,2 шақырым көше бойының арам шөптерін шауып, 1 шақырымдық жаяу жүргіншілер жүретін жолдың шеттерін әктеді.

Сонымен қатар, аталмыш көше бойындағы қураған ағаштар, арам шөптер шабылып, нәтижесінде 33 тонна қоқыс шығарылды. Оған 4 техника жұмылдырылды. Сенбілікте елді мекендегі жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Көше бойы түгел сырланып, әктеу жұмыстары қатар жүргізілді. Аудан көлемінде сенбілік жұмыстары алдағы күндері де тұрақты жүргізілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin