Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары күнделікті, тазалық аптасы тұрақты жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосып жатыр.
Сенбілік жұмыстары ауданға қарасты 12 ауылдық округтерінде ұйымдастырылуда. Қызу тазалық жұмыстарына 187 азамат қатысты. Әр ауылдық округ өздеріне бөлінген көше бойларындағы арам шөптерін шауып, жаяу жүргіншілер жүретін жолдың шеттерін әктеді. Сонымен қатар, ауылдардағы қураған ағаштар, бейберекет өскен шөптер шабылып, нәтижесінде 30 тонна қоқыс шығарылды. Оған 5 техника жұмылдырылды.
Сенбілікте елді мекендегі жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Көше бойы түгел сырланып, әктеу жұмыстары қатар жүргізілді. Аудан көлемінде тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді.
Ал кешегі аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысқан сенбілікте ауылдық округтердегі көше бойлары тазаланып, ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. Аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлерді, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Жалпы сенбілік, тазалық жұмыстарына 192 адам қатысып, 5 техника жұмылдырылды. Сенбіліктің нәтижесінде 18 тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық акция жұмыстары күнделікті қарқын алып, жалғасын табатын болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.